240
Ұрыс
–
соғыс, айқас, шайқас; мемлекет пен қайшы топтың арасында
болатын қарулы күрес.
Ұрысты
іздеп сағынған, «Қақпаны бақ!» деп, қалмақты
Өзінен басқа қайырған, Қази душар келген-ді
(Нұртуған).
Ү
Үмбет (үммет, үммәт)
–
1) ұлт, халық; 2) қауым; 3) Мұхаммедтің
үмбеттері, мұсылмандар, ислам дініне бағынушылар.
Аға сұлтан Құнанбай
сахарадағы
қазақты құдайдың құлы, Мұхаммедтің
үмбеті
етуге тырысты
(Х. Ақназаров).
Атандық
мұсылман боп соңғысында,
Үммет
боп ислам деген
дінге дерек. Атыңды
үммет
қойған
Жаратқанға, Парыз-ды, халық, мойныңа
тасбих
бермек
(Ерімбет).
Мұхаммедтің төңірегіне Аббас, Хамза, Әбубәкір,
Омар, Осман, Әли, Біләл т. б. барлығы қырық шақты адам топтасады. Бұлардың
жасырын
қауымы Мұхаммедтің
үмметі
деп аталған
(М. Ысқақов).
Қараңғыда
адасқан
үмметін
мәсжидке шақырады, − деді қазірет Қуанай
(Х.
Есенжанов).
«Көрің қадір» кітабынан: «Көрдің Қадир құдіретін. Білсін даю
сұғатын, Мұстафаның
үммәтін
Андағ тәшраф қилдия»
(С. Мұқанов).
Мұхаммет
қана, астында пырақ, құдаймен екі арада зырлатып жүріп,
«үммәтім, үммәтім!»
дейді-міс
(Ғ. Мұстафин)
.
Достарыңызбен бөлісу: