Өтеулі қызмет көрсету шарты алматы қ. «18» 08 2022 ж. Бұдан әрі «Орындаушы»


ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БАҒАСЫ, МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ



бет5/28
Дата11.06.2023
өлшемі118,98 Kb.
#100525
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
КЕЛІСІМШАРТ JUZ40

5. ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БАҒАСЫ, МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
5.1. Қызметтердің құны Орындаушы ұсынатын оқыту бағдарламалары үшін бекітілген бағаға сәйкес айқындалады.
5.2. Қызметтердің құнына қосылған құн салығы кірмейді.
5.3. Тиісті тапсырыс бойынша қызметтерге ақы төлеуді Тапсырыс беруші тапсырысты ресімдеу күні 100 % (жүз пайыз) алдын ала төлем шарттарында жүзеге асырады. Осымен Тараптар Тапсырыс берушінің тиісті тапсырысты төлеу жөніндегі міндеттемені орындамауы немесе тиісінше орындамауы Орындаушыны осындай тапсырысты орындаудан босатады деп келісті, яғни тапсырысты Тапсырыс беруші ресімдемеген, Орындаушы алмаған және тиісінше орындауға қабылданбаған болып есептеледі.
5.4. Қызметтер үшін ақы төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
5.4.1. Тіркеу жарнасы, сондай-ақ Оқудың бірінші айы үшін төлем сомасы Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шартты және Тапсырыс берушінің тапсырысын жіберген күні төленеді.
5.4.2. Абоненттік төлем белгіленген ай сайынғы төлемдерге сәйкес әрбір келесі ай үшін тиісті оқу айының 1 (бірінші) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі. Оқу айының 1 (бірінші) күні топтың бірінші сабағының күнтізбелік күнін білдіреді,
қолма-қол ақшасыз тәртіпте келесі тәсілдермен:
● Төлем картасымен (Visa, Visa Electron Mastercard, Mastercard Electronic, Maestro, Mastercard),
● Орындаушының банктік шотына ақша аудару арқылы.
● Kaspi Pay
● Екінші деңгейдегі банктерде бөліп төлеу
● Kaspi red
5.5. Қызметтерге ақы төлеудің кейбір тәсілдері Тапсырыс берушінің комиссияны төлеу жөніндегі міндеттемесін көздеуі мүмкін, немесе төлемдерді қабылдауды және аударуды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктің қызметтері үшін төлеу міндеттемесін қарастыруы мүмкін.
5.6. Орындардың шектеулілігін және Орындаушының ықтимал жіберіп алған пайдасын ескере отырып, егер Тапсырыс беруші қатысу ниетін өзгерткен жағдайда, алдын 100% (жүз пайыз) Шарт бойынша төлем немесе кез келген төлем қайтаруға жатпайды.
5.7. төлем фактісін растайтын құжаттар (түбіртек, электрондық хабарламалар және т.б.) Тапсырыс берушіге жазбаша сұрау салу бойынша 3 (Үш) жұмыс күні ішінде беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет