Өтеулі қызмет көрсету шарты алматы қ. 20 ж. Бұдан әрі «Орындаушы»


ЕҢСЕРІЛМЕС КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ (ФОРС-МАЖОР)



бет10/28
Дата19.09.2023
өлшемі125,71 Kb.
#108428
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
келісім шарт

9. ЕҢСЕРІЛМЕС КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ (ФОРС-МАЖОР)
9.1. Тарап міндеттемені ішінара немесе толық орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл Тарап болжай алмаған немесе алдын ала алмаған төтенше сипаттағы мән - жайлардың нәтижесінде Шарт жасалғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
9.2. Еңсерілмейтін күш жағдайлары деп: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, дүлей құбылыстар, індет, соғыс немесе әскери іс-қимылдар, сондай-ақ мемлекеттік билік немесе Басқару органдарының шешімдері түсініледі.
9.3. Осындай мән-жайлар туындаған кезде олардың әсерін бастан кешіретін Тарап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде олар туралы екінші Тарапқа жазбаша түрде хабарлауға тиіс.
9.4. Еңсерілмес күш мән-жайларына сілтеме жасайтын Тарап екінші Тарапқа осы мән-жайлардың болуын куәландыратын және мүмкіндігінше, Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне олардың әсерін бағалауды беретін ресми құжаттарды ұсынуға тиіс. Жалпыға мәлім сипаттағы еңсерілмес күш мән-жайлары дәлелдеуді талап етпейді.
9.5. Егер еңсерілмес күш мән - жайларының әсеріне ұшыраған тарап осы мән - жайлардың болуын куәландыратын, Шартпен регламенттелген құжаттарды жібермесе, онда мұндай Тарап оны Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз сияқты мән-жайларға сілтеме жасау құқығынан айырылады.
9.6. Еңсерілмейтін күш жағдайларда Тараптың Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осы мән-жайлар мен олардың салдарлары әрекет ететін уақытқа мөлшерлес кейінге шегеріледі. Егер еңсерілмес күштің туындаған мән-жайлары және олардың салдарлары 1 (бір) айдан астам әрекет етуді жалғастырса, Тараптар Шартты орындаудың қолайлы балама тәсілдерін айқындау үшін қосымша келіссөздер жүргізеді немесе тараптардың міндеттемелері еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған сәттен бастап орындаудың мүмкін болмауымен (ақшалай міндеттемелерді қоспағанда) тоқтатылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет