10. КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ-ТАПСЫРУ 10.1. Тиісті тапсырыс бойынша қызмет көрсету аяқталған сәттен бастап 10 (Он) жұмыс күннен кешіктірмей Орындаушы өз күшімен және құралдарымен Тапсырыс берушіге Тапсырыс берушінің көрсетілген электрондық поштасына, Тапсырыс беруші тапсырманы орындап, есебін бергеннен кейін курстан өткені туралы "Сертификатты" ұсынуға міндеттенеді. Егер көрсетілген мерзім ішінде Орындаушы сертификатты жіберген болса, Шарттан ауытқымай, қызметтерді нашарлататын немесе өзге де кемшіліктерсіз, оның ішінде сапасы, көлемі және мерзімі бойынша және пайдаланушы қандай да бір наразылықсыз қабылдаған Шарт талаптарына сәйкес тиісті тапсырыс бойынша қызметтер көрсетілген болып саналады. Бұл ретте Орындаушының бағдарламалық-техникалық құралдарының деректері бойынша айқындалатын тиісті тапсырысты орындау күні, сондай-ақ Орындаушының платформасындағы, яғни Google Meet, Google Classroom онлайн курстарға қолжетімділік берілген күн тиісті тапсырыс бойынша қызметтер көрсету күні болып табылады (яғни, Қызметтерді көрсету күні - Орындаушы платформасында, яғни Google Meet, Google Classroom онлайн курсқа қол жеткізу қамтамасыз етілген күн).
10.1.1. Тапсырыс беруші есептерді белгіленген мерзімде ұсынбаған, тиісті курс бағдарламаларында көзделген тапсырмалардың барлық түрлерін орындамаған жағдайда, Орындаушы курсты аяқтамағаны үшін «Сертификат» берілмейтіндігін Тапсырыс берушіге WhatsApp немесе электрондық пошта арқылы хабарлайды, бірақ Қызметтер тиісті Тапсырыс Шартының талаптарына сәйкес берілген болып саналады. Курсты аяқтағанын растайтын «Сертификатты» алу үшін Тапсырыс беруші жаңа Тапсырыс береді және Орындаушының сайтында көрсетілген тарифке сәйкес ақы төлейді.
10.2. Егер сертификатты алушы заңды тұлға көрсетілген болса мынадай ақпарат көрсетіледі: толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, пошталық мекенжайы, БСН, электрондық пошта мекенжайы, уәкілетті тұлғаның аты-жөні және лауазымы, курс атауы, кім берді, құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні.
10.3. Егер сертификат алушы жеке тұлға болса көрсетілген болса мынадай ақпарат көрсетіледі: толық аты-жөні, тұрғылықты мекен-жайы, электрондық пошта мекен-жайы, курс атауы, кім берген, құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні.