Өтеулі қызмет көрсету шарты алматы қ. 20 ж. Бұдан әрі «Орындаушы»


 осы Шартта және заңнамада көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға.  9. ЕҢСЕРІЛМЕС КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ (ФОРС-МАЖОР)



Pdf көрінісі
бет10/31
Дата09.02.2023
өлшемі364,19 Kb.
#66368
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
Нұрмағанбетова.Қымбат

8.4.3. осы Шартта және заңнамада көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға. 
9. ЕҢСЕРІЛМЕС КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ (ФОРС-МАЖОР) 
9.1. Тарап міндеттемені ішінара немесе толық орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, 
егер бұл Тарап болжай алмаған немесе алдын ала алмаған төтенше сипаттағы мән - жайлардың 
нәтижесінде Шарт жасалғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары 
болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
9.2. Еңсерілмейтін күш жағдайлары деп: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, дүлей құбылыстар, індет, 
соғыс немесе әскери іс-қимылдар, сондай-ақ мемлекеттік билік немесе Басқару органдарының 
шешімдері түсініледі. 
9.3. Осындай мән-жайлар туындаған кезде олардың әсерін бастан кешіретін Тарап күнтізбелік 3 
(үш) күн ішінде олар туралы екінші Тарапқа жазбаша түрде хабарлауға тиіс. 
9.4. Еңсерілмес күш мән-жайларына сілтеме жасайтын Тарап екінші Тарапқа осы мән-жайлардың 
болуын куәландыратын және мүмкіндігінше, Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін 
орындау мүмкіндігіне олардың әсерін бағалауды беретін ресми құжаттарды ұсынуға тиіс. 
Жалпыға мәлім сипаттағы еңсерілмес күш мән-жайлары дәлелдеуді талап етпейді. 
9.5. Егер еңсерілмес күш мән - жайларының әсеріне ұшыраған тарап осы мән - жайлардың болуын 
куәландыратын, Шартпен регламенттелген құжаттарды жібермесе, онда мұндай Тарап оны Шарт 
бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен 
босататын негіз сияқты мән-жайларға сілтеме жасау құқығынан айырылады. 
9.6. Еңсерілмейтін күш жағдайларда Тараптың Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі 
осы мән-жайлар мен олардың салдарлары әрекет ететін уақытқа мөлшерлес кейінге шегеріледі. 
Егер еңсерілмес күштің туындаған мән-жайлары және олардың салдарлары 1 (бір) айдан астам 
әрекет етуді жалғастырса, Тараптар Шартты орындаудың қолайлы балама тәсілдерін айқындау 
үшін қосымша келіссөздер жүргізеді немесе тараптардың міндеттемелері еңсерілмес күш мән-
жайлары туындаған сәттен бастап орындаудың мүмкін болмауымен (ақшалай міндеттемелерді 
қоспағанда) тоқтатылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет