Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында кеңседегі кеңсе жұмысын автоматтандырудағы революция дербес компьютерлердің құрылуына және кең таралуына байланысты мүмкін болды



бет2/3
Дата25.01.2023
өлшемі1,84 Mb.
#62910
1   2   3
Байланысты:
Мәтіндік құжаттармен жұмыс жасау

Жалпы ережелер:
Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары төмендегідей:
-оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру;
-оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;
-оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды меңгерту;
-оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау;
Міндеттері:
-информатика ғылымының негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бірі болып есептелетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;
-қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;
-қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ролін анықтау, қоғамның постиндустриялық ақпараттық сатыға өту кезеңінде адам еңбегінің мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;
-оқушылардың теориялық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
-тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған, оперативті ойлау деп аталатын жаңаша ойлай білуді қалыптастыру;
-ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;
-оқушыларды ақпараттық бірліктермен қамтамасыз ететін білімдермен қаруландыру;
-оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру.
«Информатика» пәнінің зерттеу обьектілері:
-ақпарат;
-ақпараттық ресурстар;
-ақпараттық үрдістер;
-ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.
«Информатика» пәнінің даму болашағы мына көріністерге байланысты:
1.пәннің жалпы білімділік, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап айтқанда:
-оқушыларға формальдау, моделбдеу және компьютерлік тәжірибе әдістерін меңгерту;
-тиімді шешімдерді таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау қабілетін дамыту.
2.информатиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуы, атап айтқанда, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика және т.б.
«Информатика» пәнінің даму бағыттары:
-Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдістерінің өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлі ақпараттық орталарда ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың негізгі заңдылықтарын зерттеу мәселелері қарастырылады.
-Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердің, микроүрдіссорлардың есептеу қызметінің мүмкіндіктері және аймақтық желілер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтері туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіру бағытында ақпараттық технологиялардың даму мәселелерін қарастырумен жалғасады.
-Әлеуметтік информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялардың қазіргі қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және программалық өнімдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі төңірегіндегі мәселелер қарастырылады.
Информатика пәнінің базистік оқу жоспарында алатын орны мектепте оны оқытудың мақсатын игерту, информатика негіздерін үйрету мен ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуді талап етеді.
Бірінші кезең (6-9 сыныптар)- базалық курс. Ол информатика пәні бойынша оқушылардың міндетті (минимум) жалпыбілімділік дайындық деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл кезең нақты мәселені шешуде оқушылардың ақпараттық технология құралдары мен әдістерін меңгертуге, сонымен қатар компьютерді үйренуде, одан әрі кәсіптік білім қызметінде оын еркін, әрі тиімді қолдана білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған (3 жыл).
Екінші кезең (10-11 сыныптар) –информатика пәні бойынша жоғарғы сыныптарда көлемі мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы курс. Мұнда оқушылар кәсіптік даярлыққа бағытталған оқу материалдарын меңгеруді жалғастырады (2 жыл).
«Информатика» пәнінің базалық мазмұны төмендегі материалдар көлемінде шоғырланған: ақпараттық бейнелеу, ақпараттық үрдістер, компьютермен танысу, ақпараттық технологиялар, формальдау және модельдеу, алгоритмдеу және программалау, телекоммуникация және әлеуметтік информатика.
10-11 сыныптарда «Информатика» пәнін оқытудың мазмұндық желісі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық бағыттар бойынша қарастырылған.
Қоғамдық –гуманитарлық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негізінде қарастырылған: ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, телекоммуникациялық желі, әлеуметтік информатика. Мұнда оқу материалдары теориялық информатиканың және ақпараттық технологиялардың гуманитарлық қызмет саласында қолданылу мүмкіндіктерімен байланыстырылып қарастырылады.
Жаратылыстыну - математикалық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негізінде қарастырылған: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, әлеуметтік информатика. Мұнда оқу материалдары теориялық информатиканың және ақпараттық технологиялардың жаратылыстану - математикалық бағыттарда қолданылу мүмкіндіктерімен байланыстырылып қарастырылады. Сонымен қатар, программалау тілдері тереңдетіліп, оқытылады.
«Информатика» оқу пәні бойынша оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мектептің әр түрлі сатысында берілетін оқу мазмұнына сәйкес берілген. Сатылар негізгі, жоғарғы (қоғамдық - гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық) деп қарастырылған. Аталған сатыларға сәйкес берілген мазмұндық желістер бойынша оқушының міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар анықталған.
«Информатика» оқу пәні бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған: оқыту үрдісін мамндармен қамтамасыз ету; оқыту үрдісін оқу- әдістемелік жағынан қамтамасыз ету; материалдық -техникамен базамен қамтамасыз ету.

1.2 Негізгі мектепте мәтіндік құжатпен жұмыс бөлімін оқыту


Мәтіндік редактор - бұл мәтіндік құжаттар құруға ,оларды түзетуге , құжаттың мазмұнын экранда қарауға ,оны басып шығаруға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарлама. Мәтінді форматтау , графика енгізу,дұрыс жазылуын тексеру үшін кең мүмкіндіктері бар мәтіндік редакторларға қатысты жиі мәтіндік процессор атауы қолданылады.


Мәтіндік редакторлар жұмыс істейтін деректер-бұл символдық ақпарат. Мәтіннің ең кіші элементі бір символ болып табылады.Сөздер - бұл бір-бірінен ара қашықтықпен немесе тыныс белгілермен ажыратылған символдық тізбектер. Мәтіннің құрылымдық бірліктері: символ,сөз,жол,азат жолы,парақ,тізбектер. Осы бірліктердің әрбірімен жұмыс істеудің белгілі әдісі бар.
Пайдаланушы пернетақтада терген мәтін экранда редактордың жұмыс аймағында көрсетіледі. Жұмыс аймағына әсер ету орны меңзермен белгіленеді.Меңзер таяқша немесе тіктөртбұрыш түрінде болады. Әдетте мәтіннің көлемі экранда көрсетілгеннен гөрі үлкен болады.Бұл жағдайда жұмыс аймағы шегінде мәтіннің бөлігі ғана орналасады. Экран-мәтінді қарауға мүмкін болатын өзіндік терезе болып табылады.Бұл терезені мәтін бойынша жылжыту үшін жылжыту пернелері немесе тінтуірдің көмегімен жүзеге асырылатын айналдыру жолақтары қолданылады. Көптеген мәтіндік редакторлардың экранында олардың ағымдағы жағдайы туралы ақпарат болады-қалып күй жолы. Мұнда меңзердің координаттары ,парақ нөмірі,мәтін форматы,ағымдағы қаріп және басқа ақпарат көрсетіледі. Әрбір МР редактормен басқару командалар мәзірінің болуы тән. Бұл жұмыс тәртібін,файлдық операцияларды,басып шығару,мәтінді пішімдеу,анықтамаға жүгіну және өзге командаларды өзгерту командалары. Мәзір мәтіндік түрмен қатар, пиктографиялық түрде болуы мүмкін.
«Алматыкітап» баспасының «Информатика 6-сынып оқушыларына арналған» оқулығында мәтіндік құжатпен жұмыс жасау қарастырылған, онда ол бағдарламалардағы жұмыс технологиясын егжей-тегжейлі сипаттайды: Microsoft Word, WordPad, тек маңызды ойларды сипаттайды. Бұл автор негізгі мектеп мұғалімдеріне информатика курсының кейбір бөлімдерін, сондай-ақ басқа пәндерді оқытуда жалпы мақсаттағы бағдарламаларды қолдану бойынша нұсқаулық ұсынады.
Бұл оқулық мазмұнында негізгі компьютерлің жүйелер мен желілер, 3D баспа, PYTHON тілінде программалау және мәтіндік жұмыспен жұмыс жасау бөлімі қарастырылады.
Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы қарастырылатын негізгі сұрақтар:

  • мәтіндік редактордың өндейтін деректері;

  • аппараттық құралдар;

  • қолданбалы бағдарламалық құралдар;

  • мәтіндік редактордың ортасы;

  • жұмыс режімдері;

  • мәтіндік редактормен жұмыс жасау бұйрықтары;

«Ақпараттық технологиялар» мазмұндық сызығына жататын «Мәтіндік ақпараттармен жұмыс жасау» тақырыбы, әдетте, базалық курста бірінші болып оқытылады. Қолдану аймағы: мәтіндік құжаттарды дайындау, баспа қызметі. Мамандандырылған компьютерлік құралдар баспа жүйелері деп аталады. Мәтінмен жұмыс жасаудың компьютерлік технологияларының теориялық негізіне – мәтіндік ақпаратты кодтау, мәтіндік құжаттарды және файлдарды құрылымдау мәселелері жатады.

2. 6-сыныпта «Мәтіндік құжаттармен жұмыс жасау» бөлімін оқыту әдістемесі


2.1 6 сыныптағы мәтіндік құжатпен жұмыс бөлімінің мазмұны

6-сыныпта «Мәтіндік құжаттармен жұмыс жасау» бөлімінің мазмұны келесі тақырыптарды қамтиды. Олар:



  • Нұсқама және сілтемелер;

  • Гиперсілтемелер және оны практикалық тұрғыдан қолдану;

  • Интернеттегі авторлық құқық және плагиат мәселелері;

  • Мазмұны ;

  • Реферат ;

  • Практикалық тапсырмалар.

Бұл бөлімде оқушы танысады:

  • нұсқамалар (сноски) қызметімен;

  • мәтіндік редактордағы гиперсілтемелердің

  • түрлерімен;

  • мазмұнды қолдану жолдарымен;

  • реферат құрылымымен

Және бұл бөлімде оқушылар үйренетін болады:

  • мәтіндік құжаттарда сілтеме қоюды;

  • мәтіндік редакторға гиперсілтеме қоюды;

  • авторға сілтеме жасауда сілтемелер мен

  • гиперсілтемелерді қоюды;

  • құжаттарға мазмұнды автоматты түрде

  • қоюды;

  • гиперсілтемелер көмегімен электрондық

  • ресурстар жасауды;

  • рефераттың құрылымын пайдаланып,

  • оны жазуды

НҰСҚАМА ЖӘНЕ СІЛТЕМЕЛЕР.
Мәтіндік редакторда реферат, ғылыми жоба, мақалалар жазуда нұсқама және сілтемелерді қолданған өте қолайлы. Нұсқамалар жоғарыда айтылған құжат түрлерінде түсіндірме, пайдаланған ақпараттардың дереккөздерін көрсетуде қолданылады. Мәтіндік редакторларда нұсқамаларды автоматты түрде кірістіреді. Құжатқа кірістірілген нұсқама автоматты түрде беттің төменгі жағында орналасады. Нұсқаманың қажетті қаріп өлшемін таңдап, құжатта өзгеріс болған жағдайда оның реттік нөмірлерін сақтауға болады.
Нұсқамалардың (Сноски) екі түрі бар. Біріншісі – түсіндірме мәтін сілтеме тұрған бетте орналасатын қарапайым нұсқама. Әдетте, олар әдеби шығарма, эссе жазу кезінде қолданылады. Ал екіншісі – түсіндірме мәтін құжаттың, тараудың соңында орналасатын құжат соңындағы нұсқама. Нұсқамалардың бұл түрі реферат, мақала, курстық т.б. құжаттарды дайындауда қолданылады.
Word мәтіндік редакторында нұсқамамен жұмыс істеу үшін Ссылки (Сілтемелер) қосымшасындағы Сноски (Нұсқама) тақтасын пайдаланамыз (1-сурет). Нұсқаманы кірістіру үшін құжаттағы сілтеме берілетін нысанды (сөз немесе сөйлем) тінтуірмен ерекшелеп алу керек. Сноски (Нұсқама) тақтасындағы Вставить сноску (Нұсқаманы кірістіру) батырмасын шертсек, ерекшеленген нысанда нұсқау нөмірі шығады. Сонымен бірге сол беттің соңында көлденең шегара сызық пен нөмірленген түсіндірме жазу аймағы шығады. Нұсқаманың нөмірі бойынша қажетті түсіндірмені сол аймаққа енгіземіз.



1-сурет. Нұсқама қосымшасы


Құжаттың не тараудың соңына соңғы нұсқаманы кірістіру үшін Вставить концевую сноску (Соңғы нұсқаманы кірістіру) батырмасын пайдалану керек. Сноски (Нұсқамалар) сұхбат терезесі арқылы кірістірілетін нұсқаманың құжаттағы орналасуы мен нөмірлеу тәсілдерін басқаруға болады (2-сурет). Терезенің Формат (Пішім) бөлігінде нұсқамаларды нөмірлеуге болатын өрістер берілген. Начать с (Бастау керек) өрісіндегі құжатқа қойылатын нұсқама қай нөмірден бастап қойылатынын көрсетеді. Нұсқамаларды нөмірлеуде тек араб цифрларын ғана емес, сонымен қатар басқа да таңбаларды қолдануға болады.


Егер қарапайым нұсқаманың түсіндірме мәтіні көп болса, онда сыймай қалған түсіндірме мәтіннің жалғасы келесі бетке жазылады.



2-сурет. Нұсқамалар сұхбат терезесі


Сноски (Нұсқамалар) тақтасындағы орналасқан Следующая сноска (Келесі нұсқама) батырмасы арқылы бір нұсқамадан екіншісіне ауысуға болады. Нұсқаманы жою үшін оны ерекшелеп, Delete пернесін басу керек. Показать сноски (Нұсқамаларды көрсету) – нұсқамаларды және соңғы нұсқамаларды көру үшін құжатта мәтін бойынша қозғала отырып көруге болады. Сонымен бірге құжаттарда пайдаланған әдебиеттер тізімін көрсету үшін Ссылки и список литературы (Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі) тобындағы командаларды пайдаланған дұрыс.


Олар төмендегі қызметтерді атқарады:
1. Вставить ссылку (Сілтеме енгізу) – құжат бөлігі үшін дереккөз
ретіндегі кітапқа, журналға т.б. мерзімді басылымдардағы мақалаларға сілтеме жасайды;
2. Управления источниками (Дереккөздерді басқару) – құжатта сілтемелер берілген дереккөздердің тізімін көру;
3. Стиль – құжатта қолдану үшін сілтеме стилін таңдау;
4. Список литературы (Әдебиеттер тізімі) – құжатта сілтеме жасалған әдебиеттердің тізімін кірістіру.
ГИПЕРСІЛТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚОЛДАНУ.
Құжаттың көлемі үлкейген сайын, оның ішінен қажетті ақпаратты жылдам табу керек болады. Мұндай жағдайда құжаттағы қажетті бөлімге жылдам өтіп, оның қатесін түзетуге көп уақыт кетеді. Word мәтіндік редакторында осындай мәселені шешу үшін гиперсілтеме қолданылады.
Гиперсілтеме – құжаттың өзіндегі әріп, сөз, сөйлем, абзац немесе графикалық объектілердің біріне сілтеме беретін гипермәтіндік құжаттың бөлігі. Сонымен бірге жергілікті дискідегі файлдарға, компьютерлік желіде файл, бума, қосымша, веб-беттерге сілтеме беріледі.
Құрылымы гиперсілтемелер көмегімен ұсынылатын құжаттар мәтіні гипермәтін деп аталады.
Электрондық мәтіндер мен құжаттарда сілтеме беру оңай орындалады.
Word-та гиперсілтемені іске қосу үшін гиперсілтеме қойғымыз келетін әріп, сөз, сөйлем, абзац немесе графикалық объектілердің бірін ерекшелеп аламыз. Вставка (Кірістіру) – Гиперссылка (Гиперсілтеме) командаларын орындаймыз (3-сурет).



3-сурет. Гиперсілтемені кірістіру


Командалар орындалғанда Вставка гиперссылки (Гиперсілтемелерді кірістіру) сұхбат терезесі пайда болады (4-сурет). Гиперсілтемені құжатқа кірістірудің 4 түрі бар.





4-сурет. Гиперсілтеме кірістіретін сұхбат терезесі

Мысалы, мәтіндік құжатта «принтер» сөзі кездесті делік. Сөзді ерекшелеп алып, осы тақырыптағы басқа файлмен немесе сондай деректерді қамтитын интернеттегі сайт адресіне гиперсілтеме орнатайық. Гиперсілтеме берілген сөздің түсі, негізгі мәтіндегі қаріп түсінен басқа түске ауысады. Мәтіндегі гиперсілтемені іске қосу үшін CTRL пернесін басып тұрып, «принтер» сөзін тінтуірдің сол жақ пернесімен шерту қажет. Басқа гиперсілтемелерді беру үшін әрқайсысының өз сұхбат терезесінде тиісті командаларды орындаймыз.


Гиперсілтеме кірістіру үшін келесі қолданылады.
1. Ерекшеленген объектіні сыртқы файл немесе веб-бетпен байланыстыру.
2.Ерекшеленген объектіні құжаттың ішіндегі екінші бір орынмен байланыстыру.
3. Ерекшеленген объектіні жаңадан құрылатын құжатпен байланыстыру.
4. Ерекшеленген объектіні электронды поштамен байланыстыру.
Ерекшеленген объектіні құжат ішіндегі екінші бір орынмен байланыстыру үшін құжатқа алдын ала Закладка (Бетбелгі) кірістіруіміз керек. Ол үшін 2-суреттегі Закладка (Бетбелгі) командасын орындасақ, оның сұхбат терезесі пайда болады (5-сурет). Сұхбат терезесінен көріп тұрғандай, мәтіндік құжаттың 3 жерінде А, Б және С бетбелгілері қойылған. Енді құжаттың бір бөлігінен екінші бетбелгі қойылған тұсына жылдам өту үшін гиперсілтеме беретін тиісті объектіні таңдаймыз. Гиперсілтеме кірістіру терезесіндегі (4-сурет) 2-әдіс арқылы А, Б, С бетбелгілерінің бірімен байланыстырамыз. Демек, осылайша гиперсілтемелер көмегімен парақтары көп құжаттың бір бөлігінен екінші бір бөлігіне ауысуға болады.



5-сурет. Бетбелгі терезесі


Гиперсілтемені құжаттан алып тастаудың бірінші тәсілі – контекстік мәзірден Удалить гиперссылку (Гиперсілтемені алып тастау) командасын таңдау. Екінші тәсілі – гиперсілтеме берілген объектіні ерекшелеп, Вставка гиперссылки (Гиперсілтемелерді кірістіру) сұхбат терезесінен адрес жолағындағы сілтемені Удалить ссылку (Сілтемені алып тастау) батырмасы көмегімен орындау.


Гиперсілтемелер электрондық қосымшалар, веб-сайттар, электрондық кітапхана және тағы басқаларды құрғанда өте қолайлы.
ИНТЕРНЕТТЕГІ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ПЛАГИАТ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы және интернет желісінің тұрақты ұлғаюы пайдаланушылар үшін жаңа мүмкіндіктерді ашты. Қазіргі кезде интернетте рұқсатсыз көшірілген фильмдер, компьютерлік ойындар, музыка және компьютер программаларын тарататын сайттар көп. Бұл, әрине, осы өнімдерді жасаған авторлардың құқығын тікелей бұзу деген сөз
Авторлық құқық – авторлық құқықпен қорғалған автордың туындыларын қайта шығаруға немесе басқалардың пайдалануына рұқсат беру құқығы.
Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға мыналар жатады:
•мақалалар, ғылыми-еңбектер, компьютерлік программалар, әдеби шығармалар;
• көркемөнер туындылары;
• архитектуралық сызбалар;
• әннің сөзі мен музыкасы;
• пьесалар және сценарийлер;
• кинофильм және мультфильмдер;
• дыбыстық жазбалар, фотосуреттер.
Интернетте жарияланған шығармалардың авторлары өз туындыларын жеке пайдаланушылардың қолданғанына қарсы болмайды. Мысалы, пайдаланушы өзінің жеке қажеттілігіне қарай суретті көшіріп пайдаланса, әдетте авторлар оны «авторлық құқықтарын бұзу» деп санамайды. Бірақ суретті пайда табу мақсатында көшіріп алып таратса, бұл «біреудің зияткерлік меншігін рұқсатсыз пайдаланып, пайда тапқан» болып саналады. Авторлық құқық туралы ескерту сайтта орналасқан туындыларда жазылмаса да, ол авторлық құқық туралы заңдармен қорғалады.
Цифрлық технологиялардың даму қарқыны «гиперсілтеме» ұғымын күнделікті қолданыстағы негізгі ұғымдардың біріне айналдырды. Өткен тақырыпта құжаттағы кез келген объектіні интернетте орналасқан сайт адресімен байланыстырып, бірден ашуға болатынын білдік.
Автордың сайтына сілтемені бүкіл желіге таратуға қаншалықты құқығымыз бар? Біз осы әрекетіміз арқылы авторлардың құқын бұзып жатқан жоқпыз ба?» деген орынды сұрақ туындайды. Осы күнге дейін интернетте электрондық құжаттар арасындағы байланыс үшін гиперсілтемелерді пайдалану заң жүзінде нақтыланбай келеді. Мысалы, интернеттегі сайтта автордың қызық повесть, роман немесе басқа да туындысы болсын делік. Біз гиперсілтеме беру арқылы басқалардың да осы сайтты көруіне және оқуына мүмкіндік жасаймыз. Бір жағынан, автордың сайтына сілтеме беріп, интернет арқылы автордың туындысын жарнамалаймыз. Әрине, бір қарағанда авторға тиімді сияқты. Ал екінші жағынан қарасақ, біз автордың еңбегін рұқсатсыз таратып, оның авторлық құқығына зиян келтіріп жатқандаймыз. Осының салдарынан авторлардың интернеттегі электрондық еңбектері оның рұқсатынсыз гиперсілтемелер арқылы тарап, авторлық құқық иелерінің электрондық еңбектерінен пайда табуына зиянын тигізуде.
© таңбасы кез келген туындының авторлық құқықпен қорғалғанын көрсетеді (1-сурет). Егер автор өз туындылары орналасқан сайтқа осындай таңбаны қойса, пайдаланушыға сайтта жарияланған электрондық туындылардың авторлық құқықпен қорғалғанынан хабардар етіп отырады. Мысалы, интернеттегі кез келген поэзиялық немесе прозалық шығарманы өз сайтыңа немесе басқа сайтқа өз атыңнан жариялай салу өте оңай. Бірақ мұндайды заң тілімен айтқанда плагиат дейді. Біз 5-сыныпта интернетті қауіпсіз пайдалану тақырыптарында бұл ұғыммен танысқанбыз. Мұндай ұрлық істеген пайдаланушы заң алдында жауап береді.
МАЗМҰНЫ. Көлемді құжат әзірлеген кезде, оқырманға пайдалануға оңай болу үшін оның мазмұнын жасап беру керек. MS Word-та мазмұнды қолмен де, автоматты түрде де құруға болады. MS Word-та құжаттың мазмұнын Ссылки (Сілтеме) қосымшасында орналасқан Оглавление (Мазмұны) тақтасының командаларымен орындалады. Бұл командаларды пайдаланған кезде, құжаттың мазмұнын өзгерткен жағдайда, мазмұны да автоматты түрде өзгеріп отырады.
Оглавление (Мазмұны) – тұтас бір туындының (кітап, оқулық және т.б.) тарауы, бөлімі, параграфы, тақырыпшасы немесе басқа да жекелеген бөліктерінің тізімі. Оглавление (Мазмұны) кітаптың басында немесе соңында бөлімдер басталатын бетті көрсете отырып беріледі.
Оглавление (Мазмұны) әр құжатқа жеке жасалады, оқулықта, оқуәдістемелік нұсқаулықта және т.б. Ал Содержание (Мазмұны) бірнеше құжаттан, яғни бірнеше шығармалардың тақырыбы мен олардың бөлімдерінің атауларынан тұруы мүмкін.
Содержание (Мазмұны) – жинаққа енгізілген бірнеше шығармалардың орналасқан беттерін көрсететін тізім.
MS Word-та шығарманың мазмұнын жасау үшін құжаттың басына бір бос бет кірістіру керек. Сілтеме қосымшасындағы Оглавление (Мазмұны) тақтасындағы Оглавление (Мазмұны) командасын (6-сурет) орындау арқылы мазмұнын жасауға көмектесетін сұхбат терезесін ашамыз (7-сурет).



6-сурет. Құжатқа мазмұнын қосу


Оглавление (Мазмұны) сұхбат терезесінде мазмұнның параметрлерімен жұмыс жасауға болады (3-сурет). Ескерту. Құжат мазмұнын автоматты түрде жасаған кезде мәтінде қайсысы тақырып, қайсысы тақырыпша екендігін көрсету қажет. Тақырып пен тақырыпшаның толық мәтінін ерекшелеп алып, Главная (Басты) Стиль командаларын орындап, қажетті тақырыптың деңгейін таңдау керек.





7-сурет. Мазмұны сұхбат терезесі


Мазмұнды Встроенные стили заголовков (Тақырыптардың кірістірілген стилі) немесе Пользовательские стили (Пайдаланушылар стилін) қолданып жасауға да болады. Тақырыптардың кірістірілген стилі – мазмұнды автоматты түрде жасауға мүмкіндік беретін дайын үлгілер, ал пайдаланушылар стилі – пайдаланушылар жасаған үлгілер. Пайдаланушылар стилінің көмегімен мазмұн жасау кезеңін қарастырайық.


Мазмұнын құру кезеңдері:
1. Құжатқа мазмұн кірістіретін орынға тінтуірмен шерту.
2.Ссылки (Сілтеме) қосымшасының Оглавление (Мазмұны) тақтасындағы Оглавление (Мазмұны) командасын орындап, Оглавление (Мазмұны) сұхбат терезесін ашу.
3.Сұхбат терезесінде орналасқан Параметр... батырмасын басып, мазмұнның параметрлерін өзгерту.
4.Қолжетімді стиль тобынан құжаттағы тақырыптарға пайдаланылған стильді таңдау.
5.Тақырыптың стиліне қажетті деңгейді көрсету үшін Уровень (Деңгейі) өрісіне 1-ден 9-ға дейінгі санды енгізу.
Мазмұнға қосылатын әр тақырып стилі үшін 4-ші және 5-қадамдарын қайталау керек. Құжат мазмұнын құруды аяқтау үшін ОК батырмасын басамыз. Автоматты түрде мазмұн құрудың алдында құжат мәтінінің тақырыптары мен тақырыпшаларын анықтап алу қажет. Ол үшін құжаттағы тақырып немесе тақырыпша мәтінін ерекшелеп, Главная (Басты) қосымшасының Стиль тақтасындағы қажетті тақырып деңгейін таңдау керек (8-сурет).



8-сурет. Мазмұнның тақырыбы мен тақырыпшасы


Үлгі тақырыпты таңдап алған соң, (9-сурет, 1-әрекет), Формат по образцу (Үлгі бойынша пішім) батырмасын басып (9-сурет, 2-әрекет), жаңа тақырып бойынша белгілеп, таңдалған стильді орнатамыз.



9-сурет. Мазмұн тақырыпшаларының үлгі бойынша пішімі


Мәтіннің барлық тақырыптары мен тақырыпшаларын қосқаннан кейін, мазмұн бөлімін құрамыз. Бұл үшін, MS Word құжатындағы мазмұнды орналастыратын орынға тінтуірмен шертіп, Ссылки (Сілтеме) Оглавление (Мазмұны) командаларын орындаймыз. Ашылған тізімнен мазмұнның қажетті пішімін таңдаймыз (Автоматты жинақталған мазмұн 1 немесе Автоматты жинақталған мазмұн 2), сонда мазмұн құжаттағы көрсетілген орнына қосылады (10-сурет).





10-сурет. Мазмұнның пішімін таңдау


Мазмұн құру жұмысын аяқтау үшін құжаттың мазмұнын жаңарту қажет. Ол үшін, мазмұнды ерекшелеп, Обновить таблицу (Кестені жаңарту) батырмасын басамыз (11-сурет). Егер тақырыптардың құрамы мен мәтіні өзгермесе – Обновить только номера страниц (Бет нөмірлерін ғана жаңарту) командасын таңдаймыз. Егер тақырыптар қосылған, жойылған немесе өзгертілген болса, онда Обновить целиком (Толығымен жаңарту) командасын таңдау керек.





11-сурет. Мазмұнды жаңарту


Егер өзіміз қалаған мазмұнды құрай алмаған жағдайда, оны ерекшелеп алып, Ссылки (Сілтеме) Оглавление (Мазмұны) Удалить оглавление (Мазмұнын өшіру) командасы арқылы өшіруге болады. Содан кейін мазмұнын қайта құру қажет. Егер құрастырған мазмұнымыз сәтті шыққан жағдайда Ссылки (Сілтеме) Оглавление (Мазмұны) Сохранить выделенный фрагмент в коллекцию оглавлений... (Ерекшеленген фрагментті мазмұнының топтамасында сақтау...) командасы бойынша сақтауымызға болады.


РЕФЕРАТ. Қазіргі таңда адам өзін қоршаған әлем жайлы көптеген деректер жинап, компьютерде сақтап, цифрландырды. Компьютердің көмегімен деректер тез іздеп табуға ыңғайлы етіліп жүйеленді. Сонымен қатар компьютердің көмегімен деректердің шексіз көлемін өңдеу, «қатесіз» есептеулер жүргізу сияқты ақпараттық процестермен жұмыс жасау әлдеқайда жеңілдеді.
Әрине, компьютер әртүрлі сала мамандарының жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді. Мысалы, жазушы үшін компьютер кітап жазуға көмектесетін таптырмас көмекші. Инженерлер оны күрделі есептеу және процесті модельдеу үшін қолдана алады. Ал оқушы үшін компьютер деректер көзі, түрлі реферат, мақала, жобалық жұмыс жазуға көмектесетін кітапхана. Енді рефератты қалай жазу керек екеніне тоқталайық (12-сурет).



12-сурет. Рефератты рәсімдеу


Реферат (лат. «referat» – «баяндасын», «refero» – «баяндаймын») – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс және зерттеу нәтижелері туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау. Сонымен қатар реферат белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын қысқаша баяндама.


Реферат белгілі бір тақырыпта жазылады. Оның нақты құрылымы болады, әдебиеттер тізімі мен басқа да дереккөздерге шолу жасалып, сілтемелер келтіріледі. Рефератпен жұмыс істеу кезеңдері қосымша А-да берілген.
Рефератты қорғауға қатысты кеңестер
• Рефераттың тақырыбымен таныстыр.
• Тақырыпты таңдау себептерін түсіндір.
• Мақсат пен міндеттеріңді
айқындап көрсет.
• Пайдаланған құралдарыңды
атап шық.
• Тақырып бойынша қысқаша
шолу жаса.
• Рефератты дайындауда үйренген жаңа білім мен дағдың жайлы әңгімеле.
• Рефераттың қорытындысымен
таныстыр.
• Тыңдаушылардың пікірі мен бағасын тыңдап, қабылдай біл.

2.2 Тапсырмаларға талдау


Берәлген блім бойвнша тақырыпты бекіту үшін, оқушы санасында сақтап қалу үшін практикалық тапсырмаларды талдауымыз қажет.


Үш негізгі практикалық тапсырмаларды қарастырайық.
1-тапсырма. «Еліміздегі ең ірі көлдер» тақырыбында берілген шағын мәтінде көлдер жайлы деректер келтірілген. Бірақ мәтіннің авторы осы көлдердің ауданын жазуды ұмытып кетіпті. Автордың берген мәтініндегі сөйлемдердің орналасуын бұзбай, көлдердің ауданын нұсқама (сноска) арқылы кірістір.
Еліміздегі ең ірі көлдер Қазақстанда ірілі-ұсақты 40 мыңнан астам көл бар. Солардың арасындағы ең үлкені – Каспий. Үлкендігіне қарай оны «теңіз» деп те атайды. Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл. Алматы, Жамбыл мен Қарағанды облыстарының аумағына кіреді. Арал теңізі – Қазақстан мен Өзбекстанның шегарасында орналасқан. Теңіз өткен ғасырда ауданы бойынша әлемде төртінші орында болатын, бірақ бүгінде суы азайып барады. Алакөл – ең ғажайып көлдердің бірі. Ол Алматы мен Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көл. Жыл сайын көлге әлемнің түпкір-түпкірінен туристер көптеп келеді.
Бұл тапсырма бойынша оқушы сөйлемдердің орналасуын бұзбай, көлдердің ауданын нұсқама (сноска) арқылы кірістіру керек.
Word мәтіндік редакторында нұсқамамен жұмыс істеу үшін Ссылки (Сілтемелер) қосымшасындағы Сноски (Нұсқама) тақтасын пайдаланамыз (1-сурет). Нұсқаманы кірістіру үшін құжаттағы сілтеме берілетін нысанды (сөз немесе сөйлем) тінтуірмен ерекшелеп алу керек. Сноски (Нұсқама) тақтасындағы Вставить сноску (Нұсқаманы кірістіру) батырмасын шертсек, ерекшеленген нысанда нұсқау нөмірі шығады. Сонымен бірге сол беттің соңында көлденең шегара сызық пен нөмірленген түсіндірме жазу аймағы шығады. Нұсқаманың нөмірі бойынша қажетті түсіндірмені сол аймаққа енгіземіз.
2-тапсырма. «Наурыз» мерекесі – ежелгі қазақ даласын мекендеген түркі тілдес халықтарға тән тарихи-рухани сабақтастығымызды білдіретін мейрамдардың бірі.
Тапсырма: Гиперсілтемелерді пайдаланып, интернеттегі сайттардан «Наурыз» мерекесіне арналған мәтін, суреттер алып, Word-та электронды кітап құрастыр (13-сурет). Авторлық құқықты сақта.



13-сурет. «Наурыз» электрондық кітабы


Бұл тапсырма бойынша оқушы Гиперсілтеме тақырыпшасын еске түсіріп, Вставка бөліміндегі – Гиперссылкаға басу қажет.


Командалар орындалғанда Вставка гиперссылки (Гиперсілтемелерді кірістіру) сұхбат терезесі пайда болады (4-сурет). Гиперсілтемені құжатқа кірістірудің 4 түрі бар екенін есте сақтау қажет.
3-тапсырма. Өткен тақырыптардың бірінде «Қызыл кітап» электрондық жобасы бойынша практикалық жұмыс жасаған болатынсың. Жеке-жеке файлда орналасқан өзің таңдаған жануарлар мен өсімдіктер жайлы деректерді бір файлға жинақта. Файлға «Жануарлар мен өсімдіктер» деген атау бер. Осы файлда әр жануар немесе өсімдік жайлы деректерді жеке-жеке беттерге сақта. Оглавление (Мазмұны) батырмасын пайдаланып, «Жануарлар мен өсімдіктер» файлының мазмұнын автоматты түрде құрастыр (14-сурет).



14-сурет. «Мазмұны» файлы


Оқушы MS Word-та шығарманың мазмұнын жасау үшін құжаттың басына бір бос бет кірістіру керек. Сілтеме қосымшасындағы Оглавление (Мазмұны) тақтасындағы Оглавление (Мазмұны) командасын (6-сурет) орындау арқылы мазмұнын жасауға көмектесетін сұхбат терезесін ашамыз (7-сурет).


Мазмұнды Встроенные стили заголовков (Тақырыптардың кірістірілген стилі) немесе Пользовательские стили (Пайдаланушылар стилін) қолданып жасауға да болады. Тақырыптардың кірістірілген стилі – мазмұнды автоматты түрде жасауға мүмкіндік беретін дайын үлгілер, ал пайдаланушылар стилі – пайдаланушылар жасаған үлгілер. Пайдаланушылар стилінің көмегімен мазмұн жасау кезеңін қарастырып, мазмұнын құрастыру керек.

Қорытынды


Курстық жұмыста «6 сыныпта «Мәтіндік құжаттармен жұмыс жасау» бөлімін оқыту» тақырыбы зерттелді. Қазіргі танда информатика пәні ғылым дамуына ерекше орын алуына байланысты мектепте оны тереңірек оқытудың маңызы зор.


Информатика – адам өмірінің әр түрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны өңдеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.
Қазіргі замандағы информатика - өте көлемді эмпирикалық материалдарды жинақтау және ойдан өткізу кезеңін кешіп отырған, бірнеше іргелі және қолданбалы пәндердің қиылысында қаланған ғылым.
Ал мәтіндік құжаттармен жұмыс жасау бұл қазіргі жағдайда мәтіндік редакторда жұмыс істеу мүмкіндігі өзекті бола түсуде. Ақпараттық мәдениет тұжырымдамасы көп және әртүрлі ақпаратпен жұмыс істеудің көптеген түрлерін қамтиды, олардың арасында ұсынылған материалдың сауатты дизайны соңғы орын емес.
Жұмыста Алматыкітап баспаның Информатика оқулығы негізінде қарастырылды. Ондағы мәтіндік құжатпен жұмыс жасау бөлімін зерттелді.
Бөлімде негізгі тақырыпшалар талқыланды. Практикалық тапсырмалар талданды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет