Өткізген Акмолдаева Жулдыз Кабдешовна №6 орта мектеп



бет2/2
Дата19.04.2023
өлшемі1,69 Mb.
#84691
1   2
Байланысты:
Коучинг Инклюзивті білім беру мүмкіндіктері

Коучинг барысы

1. Шаттық шеңбері. “ Ыстық ықылас” жаттығуы.
2. Топқа бөлу. Сандар арқылы мұғалімдерді 6 адамнан 2 топқа бөлемін.
1) «Инклюзив» сөзінің мағынасын ашу.
Әр топ жұмыстарын қорғайды.
2) Инклюзивті білім берудегеніміз не?
Ортақ шешім қабылданып, ортақ постерге түсіріледі.
3)Теория. Слайдты көрсету
4). Бейнежазба (видеоролик) « Қытай балеті» қарастырылады.
«Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы орны» тақырыбына жоба қорғауға беріледі. Әр топ мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы орны туралы талдап, талқылайды. 5) Сергіту сәті «Ана туралы жыр» әнін интербелсенді тақта арқылы (караоки) айту
6) «Мүгедектер спорты» атты екінші бейнежазба көрсету.
«Осы мектебіміздегі мүмкіндігі шектеулі оқушылардың спортпен айналысуы қалай?», «Олардың спортпен шұғылдануы үшін не істей аламыз?» «Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыста кездесетін кемшіліктер мен қиындықтар», т.б. өздерін мазалаған сұрақтарға ұстаздар бір-біріне жан-жақты жауап беруге тырысып, өз ойларымен бөліседі.

Сілтеме

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
2. А.Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері

Рефлексия



«Жүректен-жүрекке» ұсыныстарын, пікірлерін қалдыру.


Рефлексивтік есеп
Үйден оқитын оқушыларға сабақ беретін және сабақ беретін сыныптарында мүмкіндігі шектеулі оқушылар бар мұғалімдермен «Инклюзивті білім беру мүмкіндіктері» деген тақырыпта коучинг өткіздім. Мақсаты: ұстаздарға инклюзивті білім беру – білім алудағы барлығының, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балалардың, қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беруді дамытуға арналған мемлекет саясаты екендігі туралы түсінік беру; Топқа бөлу арқылы достыққа, ұйымшылдыққа және көшбасшылыққа тәрбиелеу; Мектептегі инклюзивті білім берудің міндеттерін айқындау, кемшіліктері мен кездесетін қиындықтарына тоқталу.
Коучинг барысында мұғaлiмдeргe пcихoлoгиялық дaйындық жүргiзiлдi. Шaттық шeңбeрiндe мұғaлiмдeр бiр-бiрiнe жaқcы көңiл-күй, cәттiлiк тiлeдi. Тиімді жұмыс істеу үшін ұстаздарды сандар арқылы топқа бөлдім. Одан кейін «Инклюзив» сөзін қалай түсінетіндері жайлы мұғалімдер өз ойларын жазды, бір-бірінің пікірлерімен танысты. Жұмыс барысында топтағы қарым-қатынас тапсырманың орындалуына жақсы әсер етті.

Ocыдaн кeйiн eкi тoпқa «Инклюзивті білім беру дегенді қaлaй түciнeciздeр?» дeгeн түрткi cұрaқ қoйып, жауап алдым да, бүгiнгi кoучингiмнiң тaқырыбы мeн мaқcaтын таныстырдым. Неге бүгінгі коучингке осы ұстаздарды шақырғанымды атап өттім. Екі топқа да «Қытай балеті» бейнежазбасын көрсеттім. Олар бұл бейнежазбаны көре отырып, осы өмірде денсаулықтан артық ешнәрсе жоқ екенін түсінді және олар осындай жандардың өмір үшін күресінен, қайсар қайратынан, т.б. ,он екі мүшесі сау адамдардың үлгі-өнеге алуға болатынын атап өтті. Ұстаздарға «Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы орны» тақырыбына жоба қорғауға берілді.
Ұстаздар мүмкіндігі шектеулі жандармен істелініп жатқан жұмыстың жақсы, жаман жақтарын қарастырып, болашақта шешілетін мәселелер туралы өз ойларын барынша жеткізуге тырысты. Бұдан кейін бой сергіту жасалды. Жалпы адамзат үшін, әсіресе осы мүмкінділі шектеулі жандар үшін «Ананың рөлі» ерекше екені атап өттім де, «Ана туралы жыр» әнін интербелсенді тақта арқылы (караоки) айттық. Бұл әнді ұстаздар тебірене отырып орындады.
Ұстаздарға «Мүгедектер спорты» атты екінші бейнежазба көрсетілді. Бұл бейнежазбаны әр ұстаз көзіне жас ала отырып көрді. Шынымен бұл бейнежазбаны көргенде көзге жас алмау мүмкін емес. «Осы мектебіміздегі мүмкіндігі шектеулі оқушылардың спортпен айналысуы қалай?», «Олардың спортпен шұғылдануы үшін не істей аламыз?» «Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыста кездесетін кемшіліктер мен қиындықтар», т.б. өздерін мазалаған сұрақтарға ұстаздар бір-біріне жан-жақты жауап беруге тырысып, өз ойлармен бөлісті.

Коучинг соңында кері байланыс жасалып, ұстаздар өз ойларын «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы білдірді.
Күтілетін нәтижеге жеттім. Жаңа әдістерді түсіндіру сәтті өтті. Уақыттың жеткіліксіздігі сәтсіз
болды. Себебі, мұғалімдерге ойлануға көп уақыт қажет болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет