ЖАМБАС СҮЙЕК (СЫРТҚЫ КӨРІНІС) – мықын, шат, отырықшы сүйектен тұрады. Адам 14-16-ға келгенде бұлар тұтас бір жамбас сүйегіне айналады. Сүйектердің қосылған жерінде ұршық ойығы пайда болады, ойықтың ішінде жарты ай тәріздес бет, оның ішінде буын шұңқыры бар. Бұл шұңқырға сіңір арқылы сан сүйегі бекиді.
Жамбастың үлкен астауы мықын сүйектерінің жайылған қанаттарынан пайда болған. Ол іш қуысындағы мүшелерге сүйеніш болып тұрады.
Жамбастың үлкен астауы мықын сүйектерінің жайылған қанаттарынан пайда болған. Ол іш қуысындағы мүшелерге сүйеніш болып тұрады.
Жамбастың кіші астауы сегізкөз бен құйымшақтың астау беттерінен және отырықшы, шат сүйектерінен құралған.