Есеп №1
20 жастағы наукаста анамнез жинау барысында жедел қабыну ауруы бар екендігі анықталған. Сіздің амалыңыз?
Есеп №2
20 жастағы науқас 38,4 С дейін дене қызуы көтерілуіне шағымданған. Ауру менструация келуімен байланысты. Іш астында ауырсыну байқалады. Арнайы қарау кезінде екі жақты қосалқыларда ауырсыну анықталды. Жатыр ұлғаймаған, инфильтрат жоқ.
Сіздің айқын диагнозыңыз?
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Акушерия және гинекология кафедрасы
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
№ 11
Тақырыбы: Жыныс мүшелерінің дамуы мен орналасуының аномалиялары. Оның диагностикасы мен коррекциясында мейірбикенің мақсаты мен маңызы.
Пән: AGMI 3214 «Акушерия және гинекологиядағы мейірбике ісі»
Мамандығы: 051101 – «Мейірбике ісі»
Курс - ІІІ
Уақыты – 3 сағат
Құрастырған: Джунусова Р.К.
Шымкент, 2013.
Кафедра мәжілісінде қаралып бекітілді
Хаттама №_11__ _08.06.___2013 ж.
Акушерия және гинекология
кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Тлеужан Р.Т.
1. Тақырыбы: Жыныс мүшелерінің дамуы мен орналасуының аномалиялары. Оның диагностикасы мен коррекциясында мейірбикенің мақсаты мен маңызы.
2. Мақсаты: Гениталий дамуының туа пайда болған ақауы балалар мен жасөспірімдердің гинекологиялық ауруларының 1-4% құрайды. Қыздардың жыныс дамуының бұзылысы 3-4% құрайды. Жыныс дамуының аномалиялары қазіргі таңда ауқымды проблемаларының бірі б.т. Жыныс дамуының туа п.б. ақаулары мен аномалиялары етеккір циклінің, әйел ағзасының репродуктивті және жыныстық қызметінің бұзылысына әкеп соғады. Жедел жағдайлар туғызуы мүмкін.
3. Оқыту мақсаты: Студенттерге қыздардағы жыныстық даму бұзылуының себептерінің және даму ақауларының түрлерін талдап, көрсетіп өту, сонымен қатар тексеру әдістерін, емдеу принциптерін үйрету күттірмейтін көмек көрсетуді үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |