ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы оқытушыларға арналған тәжірбиелік сабақТЫҢ



бет19/34
Дата03.02.2023
өлшемі475 Kb.
#65094
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34
Байланысты:
Методичка-СД-1курс-каз

Сабақ өтілетін орын:
Оқу бөлмесі
Сабақ жоспары және ұймдастырылу құрылымы:
а)Ұйымдастырылу бөлімінде оқытушы топтары студенттерді түгелдейді, сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырыпты жақсы біліп, менгрудің келмеген дәрігерлер үшін маңызын айтып түсіндіреді- 5 минут.
б) Негізгі білім денгейін тестілік сұрақтар көмегімен анықтайды.
в) Студенттердің оқытушымен бірге жұмысы.
Пайданылған әдебиеттер:
1.Физиология человека(лекция) Л.З. елль, Н.А. Агаджанян, 1991.
2.Физиология плода и новорожденных В.Д Глебовский,1980.
3.Руководство по физиологии ряд Р. Шмидт, Г.Тевс 1996.
4.Нормальная физиология ряд К.В. Судаковский, 1999.
5.Физиология человека ряд В.М. Покровский,1998.

  1. Көрнекті құралдар, кестелер, слайдтар, тестілік сұрақтар, ахуалдық сауалдар, арнамалы сұрақтар.



Тақырыбы №9: Терморегуляция .
Сабақ өту уақыты- 2 сағат
Оқу дидактикалық мақсаты:
Негізгі алмасудың қызметтерін оқытып алмасу туралы толығымен түсініктеме беру. Студенттерге тамақтанудың физиологиялық нормасы туралы толығымен түсініктеме беру. үйрету.
Тамақтану физиологиясының қызметтерін оқытып үйрету.
Сабақ өтілетін орын:
Оқу бөлмесі
Ақпараттық - дидактикалық блок
Адам мен жануарлар денесінің тұрақты температурасы (изотермия), яғни ішкі ортаның тұрақтылығы (гомеостазистің) көрнекті көрсеткіштерінің бірі. Тіршілік бабында адам ауа райы қаншама құбылмалы болса да төтеп береді. Ол 70-80° аязда да, 50-60° ыстыққа да көндіге алады. Бірақ сыртқы температура қаншама құбылмалы болса да адам денесі температурасы өзгермейді, ұдайы – 36-37° шамасында сақталады.
Дене температурасының мұндай тұрақтылығы, жылу пайдаболуы, оның сыртқа шығуы сияқты үрдістерге қатысатын бірқатар ағзалар мен жүйелер жүйесі қызметінің жүйке-қан арқылы реттелуіне байланысты. Олардың бір-бірімен байланысы өте нәзік, үйлесімді, сондықтан да температурасы бірқалыпты сақталады, яғни денедегі жылу реттеледі (терморегяляция).
Жылу реттелуі дегеніміз сырттағы температура өзгерседе де дененің ішкі, өз температурасын қалыпты тұрақты күйінде сақтауы. Бұл арнайы әрекеттік жүйе арқылы іске асырылады.
Дене температурасы ұдайы бір деңгейде, тұрақты қалыпты сақталады, яғни денедегі жылу реттеледі (терморегцляция), жылу өндіріп оның сыртқа шығуын реттейтін ағзалар мен ағзалар жүйесі және оларды реттеуші тетіктер кіреді. Жылудың дәл де нәзік жымдасып реттелуіне байланысты адам жер жүзін түгелдей, яғни тропикадан Арктика мен Антарктикаға дейінгі аймақтарды тегіс игерген. Жылу реттелуі адам мен құстарда, өте жоғары дәрежеде дамыған. Жер бетіндегі жәндіктер, бауырымен жорғалаушылар т.б. түрлердің көпшілігінде дене температурасы тұрақты емес, сырттағы температураның өзгеруіне қарай құбылып отырады.
Дене температурасының реттелуіне қарай гомойотермді (жылықанды) және пойкилотермді (жылықанды) және пойкилотермді (салқынқынды) жануарлар болып 2 топқа бөлінеді.
Адам денесіндегі әртүрлі ағзалар мен олардың жеке бөліктерінің температурасы зат алмасуының деңгейіне байланысты өзгереді. Бауырда 37,8-38° С, тері сыртында 29,5-33,9° С, тік,шекте 37,2-37,5°, қолтықта 36,0-3б,9°С.
Дене температурасының тұрақтылығы жылу өндіру менжылу шығару үрдістерінің тепе-теңдігі арқылы қамтамасыз етіледі. Мұның негізі – белгілі физиологиялық жүйе тетіктерінің қызметі.
Жылу реттелуі физикалық және химиялық реттелу болып екіге бөлінеді. Физикалық реттелу жылу шығару деңгейін өзгерту арқылы, яғни зат алмасу қарқынын өзгеру үрдісін күшейту не әлсірету арқылы, яғни зат алмасуқарқынын өзгерту арқылы іске асырылады. Жылу органикалық заттар тотыққан кезде пайда болады. 1 г белок не көмірсу тотыққанда, 4,1 ккал, 1 г май тотыққанда 9,3 ккал жылу пайда болады. Сонымен тоңа бастаған кезде дене температурасын тұрақты (бір деңгейде) сақтауда химиялық реттелудің маңызы зор. Физикалық реттелу – жылу шығару үрдісін реттеу үрдісінің мәні, әсіресе айналадағы температура шектен тыс жоғары болған жағдайда, мәселен, күн ыстық күндері бөлме температурасы жоғары болса, арта түседі. Физикалық реттелу бірнеше жолмен іске асырылады. 1) Жылу өткізгіштік, яғни денеге тиген заттарға, мәселен, ауаға жылу беру; бұл – конвекциялық жол, бұған денеде пайда болатын барлық жылудың 15%-і кетеді. Адам үшін мұның мәні аз: ауа мен киім жылуды нашар өткізеді. 2) Жылуды сейілдіру (жылу шығарудың ралдиациялық жолы), яғни жылудың инфрақызыл сәулелерін қызған дененің бетімен жан-жаққа сейілдіру. Бұл жолмен сыртқа жылудың (бу арқылы шығатын жасырын жылудың) 19%-ы шығады. 1 мл суды буға айналдыру үшін, 0,53 ккал жылу жұмсалады.
Гомойотермді жануарларда дене температурасы аса күрделі нейрогуморалдық тетіктер (жүйке-қан) арқылы реттеледі. Бұл тетіктер дененің компенсаторлық (есесін қайтару) әсерленісін, яғни жылу өндіру (химиялық) және жылу шығару (физикалық) үрдістерін бағыттап, қажет болса, өзгертіп отырады. Жылу реттелу- дене температурасының тұрақтылығын сақтайтын қызметтік жүйе, орталық жүйке жүйесімен тікелей және кері жүйкелік байланысарқылы өзін-өзі реттейтін үрдіс. Жылуды реттейтін әсерленістер, басқа рефлекстер сияқты, шеткі (тері, ішкі ағзалардағы қан тамырлары) және орталық жүйке жүйесінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуі нәтижесінде туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет