1.Тақырып №12: Сыртқа шығару мүшелерінің физиологиясы.
2.Оқу сағаттарының саны- 2 сағат
3.Тақырыптың маңыздылығы: сыртқа шығару ағзаларының негізгі қызметтерін және қасиеттерін оқып үйрену.
Дидактикалық мақсаты:
Зат алмасу үрдісі пайда болған қалдық заттарды сыртқа шығарумен аяқталады. Ккүрделі диссимиляция (ыдырау) үрдістері нәтижесінде денеде зат алмасуының ең соңғы өнімдері- «қалдық зат» пайда болады. Шлак организмде пайданылмайды, ал қор болып жиналып қалса оны уландырады, әсіресе белок алмасуы барысында түзілетін мочевина, несеп қышқылы, креатинин, аммоний тұздары сияқты заттар өте улы келеді. Олар сондай-ақ көмірсу мен май алмасуының соңғы ыдырау өнімі- көмір қышқылы мен су. Адам мен жануарлардың сыртқа шығару мүшелері; бүйрек, тер бездері, өкпе, ас қорыту түтігі.
Белок алмасуы кезінде пайда болатын қалдық заттар, су, тұздар және сырттан келіп түскен әртүрлі организмге жат заттар (түрлі дәрілер,бояулар) негізінен бүйрек, аздап тер бездері арқылы, ал су мен көмір қышқылды газ, эфир, хлороформ, алкоголь сияқты кейбір ұшқыш заттар өкпе арқылы сыртқа шығады. Сыртқа шығару тіршілікке өте қажет физиологиялық үрдіс. Онсыз тіршілік жоқ. Сыртқа шығару үрдісі бұзылса, көптеген физиологиялық үрдістер бұзылады. Солардың бірі –уремия, белок алмасуыфның соңғы ыдырау өнімдері(мочевина, несеп қышқылы) жиналып қанға өтеді де организмді уландырады.
Бүйректің негізгі қызметі- несеп түзу. Несеп түзілуі, оның сыртқа шығару үрдісі диурез деп аталады. Қалыпты жағдайда тәуліктік диурез мөлшері сыртқы қоршаған ортаның температурасына, желінген тамақтың құрамына, мөлшеріне және ішкен судың мөлшеріне байланысты. Әдетте, ересек адамда тәулігіне 1000-1800 мл( орта есеппен 1500 мл) несеп түзіледі. Ауруға шалдыққан кезде кейде тіпті сау адамда да диурез өзгеріп отырады. Физиологиялық жағдайда оның үш түрін байқауға болды: олигурия- тәуліктік диурездің азаюы; полиурия- тәуліктік диурездің көбеюі, анурия- несеп түзілуінің тоқтауы.
Сабақ өтілетін орын:
Оқу бөлмесі 420а, 420б, 419, 426
Достарыңызбен бөлісу: |