Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Дәрілер технологиясы кафедрасы студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өңдеу
Пән: Дәрілер технологиясы
Пән коды: TL 5303
Мамандық: 5В110300 Фармация
Оқу сағаттар көлемі: 360 (8 кредит)
Курс және семестр: 5 курс 10 семестр
СӨЖ: 120 сағат Кафедра мәжілісінде __ ___ 2014 ж. (хаттама № ___ ) талқыланған Каф.мең., фарм.ғ.д., профессор ____________Сағындықова Б.А.
2014 ж. кредит 5 Тақырыбы 1: Стерильді дәрілік препараттардың микробтық тұрақтылығын арттыру проблемасы. Стерильді дәрілік препараттардың микробтық контаминациясын болдырмаудың негізгі тәсілдері. Суды дайындау. Аппаратура.
Мақсаты: Студенттерді дәрілік препараттардың микробтарға тұрақтылығын арттыру проблемасымен таныстыру. Микробтық қорғау тәсілдерін игеру. Ғылыми және практикалық есептерді шешуде шығармашылық еңбекпен өздігінен айналысу дағдысын қалыптастыру.
Тапсырма: тақырыпты меңгеру кезінде әдебиетпен және электрондық қормен жұмыс істеу және келесі сұрақтарға көңіл бөлінуі тиіс:
асептика түсінігі, жалпы сипаттамасы.
стерильді өнім өндірісіне жағдай жасау;
бөлмелердің тазалық кластары;
стерильді дәрілік түрлер үшін су дайындауда қолданылатын аппаратуралар;
стерильді дәрілік түрлердің микробтық контаминациясын болдырмаудың алдын-алу шаралары.
Орындау түрі:реферат дайындау және қорғау, презентация.
СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері: Реферат – студенттің қалау бойынша дайындалады. Реферат бір топ студенттермен дайындалу мүмкін, олардың әр қайсысы бір бөлімнен мәселені зерттеп дайындайды. Реферат сұрақтардың мәнін ашуы, максималды ақпараттық және қорытындысы болуы керек.
Презентация– презентация уақыты 8-10 минут. Тақырыпты ашу дәрежесінің және студенттер арасында қызығушылық туғызуының критериіне қарай бағаланады.