Мақсаты: Дәріханалық қол және тарирлік таразылардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін оқып үйрену. Таразылардың дұрыс көрсеткішін тексеруді және қатты, тұтқыр және сұйық заттарды салмақ және көлем бойынша дозалауды үйрену.
Тапсырма: тақырыпты меңгеру үшін әдебиеттемен және электрондық қормен жұмыс істеуді жүргізу, сол кезде келесі сұрақтарға көңіл аудару керек:
- дәрілік құралдарды салмақ бойынша дозалау.
- дәрілік құралдарды көлем бойынша дозалау.
- дәріханалық іс-тәжірибеде қолданылатын таразылар.
- беттік тартылу. Нақты сұйықтықтың тұтқырлығы.
- қондырғылар дәлдігі. Тамшы түзілу.
- көлем және тамшы бойынша дозалауда қолданылатын өлшегіш құралдар.
СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері: презентация, тапсырманы талқылау.
Презентация – презентация уақыты 8-10 минут. Тақырыпты ашу дәрежесінің және студенттер арасында қызығушылық туғызуының критериіне қарай бағаланады.
Тапсырманы талқылау –студенттер тобыменорындалады, әр қайсысы бір бөлімін өңдейді. Тарирлі таразылардың сезімталдығын және стандартты емес тамызғышты калибрлеу әдістемесін («Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных формң, под ред. Т.С. Кондратьевой, стр. 26-28, 32-36) конспектілеу және талдау.