Бақылау: Бақылау сұрақтары: Ұнтақтардың дәрілік түр ретінде анықтамасы қандай? Жіктелуі.
ССРО МФ ХІ «Ұнтақтарға» қойылатын талаптары.
Ұнтақтардың рецепте жазылу тәсілдерін атаңыз?
Жәй ұнтақтардың технологиялық сатылары.
Күрделі ұнтақтардың технологиялық сатылары.
Әртүрлі мөлшерде жазылған ингредиенттерден тұратын күрделі ұнтақтарды қалай дайындайды?
Тең мөлшерде жазылған ингредиенттерден тұратын күрделі ұнтақтарды қалай дайындайды?
Дәрілік заттардың фармакологиялық белсенділігіне байланысты қандай топтарға бөлінеді?
Күшті әсер ететін, улы және есірткі заттар анықтамалары қандай?
Дәріханаларда күшті әсер ететін, улы және есірткі заттарды сақтау, есепке алу және босату қалай жүргізіледі?
Құрамында күшті әсер ететін, улы және есірткі заттары бар ұнтақтарды дайындау ерекшеліктері қандай? Улы заттарды өлшеу.
Қиын ұнтақталатын, бояғыш заттармен ұнтақтар дайындау ерекшеліктері қандай? Қиын, бояғыш ұнтақталатын заттардың тізімі.
Ұнтақтардың сапасын бағалау.
Кредит 2 Сабақ 2 Тақырыбы: Өндіріс ішінде сусымалы, сұйық және газ тәріздес материалдарды тасымалдау. Аппаратура.
Мақсаты: Студенттерді фармацевтік өндірісте материалдарды тасымалдау процестерімен таныстыру, ғылыми және практикалық есептерді шығаруда студенттерде өздігінше шығармашылық дағдыларды қалыптастыру.
Тапсырма: тақырыпты меңгеру үшін әдебиеттемен және электрондық қормен жұмыс істеуді жүргізу, сол кезде келесі сұрақтарға көңіл аудару керек:
сұйықтықтарды тасымалдау, аппараттары;
газ тәріздес заттардың қысылуы мен тасымалдануы;
фармацевтік өндірісте сусымалы материалдарды тасымалдау.