Бақылау: Бақылау сұрақтары: Жаңа галендік препараттар дегеніміз не? Артықшылықтары мен кемшіліктері. Жіктелуі. Мысал келтіріңіздер.
Жаңа галендік препараттарды алудың жалпы схемасы. Олардың өндірісінде экстракциялаудың қандай тәсілдері қолданылады?
Біріншілік тазартудың қандай тәсілдерін білесіздер?
Спирттік тазартудың, тұздықтаудың, ауыр металдар тұздарымен тұнбаға түсірудің, денатурацияның, еріткішті ауыстырудың механизмі.
Сығындыны сапониндер мен хлорофилден қандай тәсілмен тазартады? Тазарту қалай жүргізіледі?
Сығындыларды толығымен (терең) тазарту тәсілдері.
Кредит 3 Сабақ 7 Тақырыбы: Семинар: Жануар және микроб шикізаттарынан алынатын дәрілік препараттар. Жіктелуі. Алу. Стандарттау.
Мақсаты: Жануарлар және микробтар шикізатынан алынатын препараттардың технологиялық ерекшеліктері мен номенклатурасын меңгеру, ферменттік препараттарды алу, бөлу және тазарту ерекшеліктерін меңгеру.
Тапсырма: тақырыпты меңгеру кезінде әдебиетпен және электрондық қормен жұмыс істеу және келесі сұрақтарға көңіл бөлінуі тиіс:
Орындау түрі: реферат қорғау, дайындау презентация.
СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері: Реферат – студенттің қалау бойынша дайындалады. Реферат бір топ студенттермен дайындалу мүмкін, олардың әр қайсысы бір бөлімнен мәселені зерттеп дайындайды. Реферат сұрақтардың мәнін ашуы, максималды ақпараттық және қорытындысы болуы керек.
Презентация – презентация уақыты 8-10 минут. Тақырыпты ашу дәрежесінің және студенттер арасында қызығушылық туғызуының критериіне қарай бағаланады.