Органдық препараттар өндірісінің жалпы әдістері қандай? Органдық препараттар өндірісіне қойылатын талаптар. Органдық препараттар өндірісінде қандай еріткіштер экстрагент ретінде қолданылады?
Органдық препарттарды балласты заттардан (майлар, ақ уыздар), төмен молекулалы заттардан тазарту үшін қандай әдістер қолданылады? Жануралар шикізатынан алынатын сығындылардан индивидуалды заттарды бөліп алу үшін қандай әдістер қолданылады?
Ферменттер препараттары қалай жіктеледі? Жануарлар шикізатынан алынатын ферменттік препараттардың технологиялық ерекшеліктері.Олардың номенклатурасы мен босатылу түрлері.
Жануарлар шикізатынан алынатын витаминдер препараттарын атаңыз. Олардың технологиясының ерекшеліктері.
Кредит 4 Тақырыбы 1: Таблеткалар өндірісінде қолданылатын көмекші заттарға қойылатын талаптар. Таблеттелген дәрілік түрлердің өндірісінде қолдануға рұқсат етілген көмекші заттардың заманауи номенклатурасы.
Мақсаты: Студенттерді фармацевтік өндірісте қолданылатын көмекші заттар номенклатурасымен таныстыру. Ғылыми және практикалық есептерді шығаруда студенттерде өз бетінше шығармашылық дағдыларды қалыптастыру.
Тапсырма: тақырыпты меңгеру үшін әдебиеттермен және электрондық қормен жұмыс істеуді жүргізу, сол кезде келесі сұрақтарға көңіл аудару керек:
көмекші заттардың жіктелуі;
көмекші заттардың сипаттамасы;
таблеттелетін дәрілік түрлер өндірісінде көмекші заттардың қолданылуы;