Мақсаты: Студенттерді сыртқа қолдануға арналған дәрілік түрмен таныстыру. Ғылыми және практикалық есептерді шешуде шығармашылық еңбекпен өздігінен айналысу дағдысын қалыптастыру.
Тапсырма: тақырыпты меңгеру кезінде әдебиетпен және электрондық қормен жұмыс істеу және келесі сұрақтарға көңіл бөлінуі тиіс:
пластырлердің анықтамасы;
пластырлердің құрамы, қолданылуы, физикалық жағдайы бойынша жіктелуі;
пластырлердің сапасын анықтау.
Орындау түрі: реферат дайындау және қорғау, глоссарий жазу.
СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері: Реферат – студенттің қалау бойынша дайындалады. Реферат бір топ студенттермен дайындалу мүмкін, олардың әр қайсысы бір бөлімнен мәселені зерттеп дайындайды. Реферат сұрақтардың мәнін ашуы, максималды ақпараттық және қорытындысы болуы керек.