Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия. Алматы, Білім, 1994.
Өтелбаев Б.Т. Химия. Т. 3, Шымкент, 2000
Матакова Р.Н., Наурызбаев М.Қ. Аналитикалық химияның теориялық негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2006.
Қосымша: 1. Пономарев В.Д. Аналитическая химия, ч. 1,2. М., Высшая школа, 1982. 2. Основы аналитической химии. Практическое руководство. Под ред. Ю.А. Золотова. -М., Высшая школа, 2001.
3. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия пәнінің лабораториялық сабақтарына арналған оқу-әдістемелік қолданба, 2002.
9. Бақылау: 1. Сульфидтік жіктеу бойынша І-ші аналитикалық топ катиондарының фармакопейалық препараттарын атап көрсет.
2. Сульфидтік жіктеу бойынша І-ші аналитикалық топ катиондарының қосылыстарының қайсы бірі улы болып келеді.
3. Сульфидтік жіктеу бойынша екінші аналитикалық топқа жатады:
А) темір (ІІ), темір (ІІІ), висмут, марганец (ІІ).
В) литий, натрий, калий, аммоний.
С) кальций, стронций, барий, магний.
Д) күшән, алюминий, мырыш, хром.
Е) күміс, сынап (І), қорғасын.
4. Сульфидтік жіктеу бойынша катиондардың екінші тобының электронды конфигурациясы:
А) р-элементтер
В) S1-элементтер
С) S2-элементтер
Д) р- және d- элементтер
Е) d- элементтер
5. Аммиакты-фосфатты жіктеу бойынша катиондардың бесінші тобындағы қорғасын хлоридінен басқаларының айырмашылығы неде ?
А) ерігіштігінде
В) ыстық суда ериді
С) аммиакта ериді
Д) минералды қышқылдарда ериді
6. Күміс иодиді ериді:
А) азот қышқылында
В) тұз қышқылында
С) натрий тиосульфатында
Д) сірке қышқылында
Е) аммиакта
7. Беріліп отырған қорғасын тұнбаларының қайсысы ыстық суда ериді:
А) РbСІ2 В) Рb(СН3СООН)2 С) РbSО4 Д) қорғасын хроматы
8. Сульфидтік жіктеу бойынша катиондардың ІІ аналитикалық тобының топтық реагенті:
А) натрий гидроксиді
В) тұз қышқылы
С) күкіртті сутек қышқылы
Д) күкірт қышқылы
Е) аммоний карбонаты
9. Барий тұзының жалынының түсі:
А) көк
В) сары-жасыл
С) күлгін
Д) қызыл
10. Барий, стронций, кальций карбонаттары ериді:
А) сірке қышқылында
В) аммиакта
С) тұз қышқылында
Д) азот қышқылында
№7 тақырып
1. Тақырыбы:Аниондардың жіктелуі 2. Мақсаты: Аниондар р-элементтері және d-элементтерінен түзіледі. Әсіресе Д.И.Менделеев кестесінің жоғарғы оң бұрышына орналасқан р-элементтері аниондарды түзуге жоғары қабілетті. Тогтығу-тотықсыздану қасиеттері бойынша аниондарды анион-тотықтырғыштар, онда элемент жоғары тотығу дәрежесіне ие (NO3-), тотықсыздандырғыш аниондар тотығу дәрежесі төмен (СІ-, Вr-, S2-) және бейтарап аниондар олар тотықтырғыштық та тотықсыздандырғыш та қасиеттер көрсетпейді (СО32-, РО43-, SО42-).
3. Тапсырмалар: 1. Аниондарға түсінік беріңіз.
2. Аниондардың жіктелуі.
3. Бірінші топқа қандай аниондар жатады ?
4. Екінші топқа қандай аниондар жатады ?
5. Үшінші топқа қандай аниондар жатады ?
6. Тотығу-тотықсыздану жіктеуі бойынша аниондар қанша топқа бөлінеді ?
7. Аниондардың үш топтық жіктеуіне түсінік беріңіз.
8. Аниондардың жеті топтық жіктеуіне түсінік беріңіз.
4. Тапсырманы орындау түрі: реферат, презентация, портфолио.
5. Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар : 1. 10 беттен артық қолмен жазылған үлгісі
2. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет
3. Интернетті пайдалану
4. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс
6. Тапсыру мерзімі: ІІІ семестр, 6 -7 апта.
7. Бағалауға қойылатын талаптар: реферат қорғау, презентация жасау, портфолио жинау бойынша бағалау.