1. Тақырыбы №8: Грипп, құс тұмауы этиологиясы мен эпидемиялогиялық жағдайларына заманауи көзқарас. Грипп, құс тұмауы кезінде шаралардың стандарты және алгоритмдері. Н1N1 грипп вирусымен шақырылған аурулардың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы.
2. Мақсаты: студенттердің грипп, Н1N1 грипп, құс тұмауының эпид.анамнезін дұрыс жинауға эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастыру негіздері туралы білімдерін қалыптастыру.
3. Тапсырма:
Грипп, құс және шошқа тұмауының анықтамасы.
Грипп, құс және шошқа тұмауының этиологиясы және эпидемиологиясы, H1N1 вирусының берілу жолы .
Студент құрастырған нақты есепті шешу, ошақтағы эпидемияға қарсы шараларды белгілеу.
H1N1 вирусымен шақырылған эпидемиологияның теориялық білімдерін қолдана отырып, осы инфекция ошағында алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.
4. Орындау түрі:
Рефератты құру және қорғау
Есептер құру
Шаралар алгоритмі және стандарты
5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:
Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.
Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу
Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша
6. Тапсыру мерзімі:
7. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.,2006.
2. Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А. – Оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2000ж
Достарыңызбен бөлісу: |