ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу



бет39/64
Дата15.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#123562
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64
Байланысты:
метод-СРС-эпидем-ОЗ-каз

Жағдайлық есеп
Науқас 30жаста, ауруханаға аурудың 5-ші күні түскен. Ол ыстықтау, қатты бас ауруына, әлсіздікке шағымданады. Жүргізуші болып істейді, жиі ұзақ сапарларда болады.
Жедел ауырған. Жоғарғыдене қызуы, әлсіздік, бас ауруы, аздаған жөтел, тұмау. Ол бірден төсекке жатып, аспирин мен норсульфазолды 1 таблеткадн күніне 3 рет қабылдаған, бірақ әсері болмайды.
Объективті: дене қызуы 39°С. Жағдайы орташа. Қозғыш, сөзшең. Беті қызарып, ісінген, көздің дәнекер қабығының тамырлары, көз шелдері инъекцияланған. Кеуде мен аяқ-қолдарға, соның ішінде алақандарға-мол полиморфты розеолезды бөртпелер шыққан, петехияның едәуір мөлшерімен.
Жүрек соғысы көмескі, тамырдың соғуы минутына 100 уд., ырғақты. АҚ-90/55 мм с.б.б. өкпеде бірлі-жарымды құрғақ сырыл, тілі құрғақ, бірыңғай ақ үлпек басқан. Іші бір қалыпты, жұмсақ, ауырмайды. Бауыр мен көк бауыр қабырға шетінде байқалады. Науқастың ұйқысы нашар, жиі оянабереді. Менингеальды нышандар жоқ.аурудың 12-ші күні дене қызуы өз деңгейінде түседі. Сауығады.

  1. Диагнозын қойыңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Қандай эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі?

1. Тақырыбы №19: Бактериалды зоонозды инфекцияларға эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және алдын алу бойынша нормативті-құқықтық құжаттар.ирусты зоонозды инфекцияларға эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және алдын алу бойынша нормативті-құқықтық құжаттар.
АІИ кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері.
2. Мақсаты: студенттердің бактериалді және вирусты зоонозды инфекциялардың эпидемиологиясының теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру; эпидемиялық анамнезді дұрыс жинауды үйрету; инфекция ошағында қатынаста болғандарды бөлу; эпидемияға қарсы алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.
3. Тапсырма:

    • Бактериалді және вирусты зоонозды инфекциялар мен АІИ анықтамасы.

    • Бактериалді және вирусты зоонозды инфекциялардың, АІИ этиологиясы және эпидемиологиясы.

    • Эпидемиологиялық анамнезін айқындай отырып, студенттің құраған нақты есебін шешу, ошақта эпидемияға қарсы шаралар жоспарын белгілеу.

    • Бактериалді және вирусты зоонозды инфекциялардың, АІИ эпидемиологиясы туралы теориялық білімді қолдана отырып, осы инфекция ошағында алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет