Реферат
Тақырыбы: Жұп сүйектердің қаңқаның оң немесе сол жағына тиесілі екендігін анықтау.
Орындаған: Абдиганиев С. Тобы: 111Б ЖМ
Алматы 2023
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
▶ Бас сүйектері
▶ Қол сүйектері
▶ Қабырға сүйектері
▶ Аяқ сүйектері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Сүйектер туралы ілім – Остеология. Қаңқа механиалық маңызы бар, мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Олар өзара дәнекер,
шеміршек немесе сүйек тканьдерінің көмегімен
байланысқан жеке сүйектерден тұрады, солармен бірге қимыл аппаратының пассивті бөлімін құрайды. Сүйек - тірі организмнің мүшесі ретінде бірнеше тканьдерден тұрады, олардың ең бастысы сүйек ткані.
Жұп сүйектерге – бассүйектің самай, бет, төбе, таңдай, көзжасы сүйектері. Сонымен қоса бұғана, жауырын, тоқпан жілік, кәрі жілік, кәрі жілік шыбығы, қолбасы сүйектері, жамбас, ортан жілік, асықты жілік, асықты
жілік шыбығы, аяқбасы сүйегі және қабырғалар жатады.
Денедегі әр сүйектің қызметі, түрі, дамуы әрқалай болады. Жұп сүйектер симметриялы дамиды.
Бас сүйектері:
Самай сүйек (os temporale)
Жоғарғы жақ сүйек (os maxille)
Таңдай сүйек (os palatinum)
Бет сүйегі (os zygomaticum)
Төменгі мұрын
қалқаны(concha nasalis inferior)
Төбе сүйегі (os parietale)
Көз жасы
сүйегі(os lacrimale)
Самай сүйегі қабыршағының сыртқы беті тегіс, самай шұқыршағын түзуге қатысады да, сондық-тан facies temporalis деп аталады. Одан бет сүйегімен қосылуға алға қарай кететін бет өсіндісі processus zygomaticus шығады.
Төбе сүйегі - төрт бұрышты жұп сүйек.Оның төмпегі, маңдай, қабыршақты, шүйде, сагиттальды шеттері, шүйде бұрыштары, сигма тәрізді қойнаудың сайы болады.
Жоғарғы жақ сүйегінің үстіңгі беті көз шарасының төменгі жағын ,мұрын беті
мұрын қуысының бүйір қабырғасын құрайды.
Таңдай сүйек қатты таңдайдың түбін құрайтын жұп сүйек. Оның горизонтальды және вертикальды тақташалары, көз,сына,пирамида өсінділері, торлы,кеуілжірлі айдаршықтары, артқы,мұрын қырлары болады.
Көз жасы сүйегі көз шарасының ішкі бетін түзетін кішкентай жұп сүйек.
Төменгі мұрын кеуілжірінің көз жасы,жоғарғы жақ,торлы өсінділері болады.
Достарыңызбен бөлісу: |