10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------40 мин(44%)
Клиникалық кезең: 1) Науқасты тексеру, диагноз қою, рациональды конструкция таңдау, жоғарғы және төменгі жақтардан толық анатомиялық қалып алу, мед. құжатты толтыру. Көрсеткіштер: Кеннеди бойынша тіс қатарларының кластары 4-9 тістен жоқ, бекітілген тістесу, шайнау тиімділігінің 25% және одан да төмендеу.
2) Орталық окклюзияны анықтау және бекіту. Диагностикалық мүсінде параллелометрия жүргізіп, доғалы протез қаңқасының суретін мүсінге сызу.
3) Доғалы протездің қаңқасын ауыз қуысында орнатып тексеру.
4) Доғалы протездің балауызды конструкциясының тексерілуі.
5) Дайын протезді тапсыру.
Әрбір алынбалы протездің өз құрылымдық ерекшеліктері бар, ол ақаудың орналасуына және көлеміне , сақталынған тістер санына , олардың қатты тіндерінің , пародонттың жағдайна ,протез орнын жауып жатқан шырышты қабат жағдайына , альвеолярлық өсінддінің сақталуына , қатты таңдайдың жетілу деңгейіне және басқа да анатомиялық ерекшеліктерге сәйкес анықталады. Құрылымдық бөліктерінің әр түрлілігіне қарамастан алмалы протездің барлық түрлерінде қайталанытын бөліктері анықталады. Оған ұстап тұратын элементтерді ұстап тұратын базистен басқа доғалы протезде тағы бір доға және олардың тармақтары болады.
Доғалы протезді жасаудан алдымен протездің құрылғысын жоспарлау жүргізіледі.
1) Протезді кіргізу және шығару жолдарын анықтау.
2) Тірек тістерде шолу сызығының анағұрлым ыңғайлы орналасуын және соған сәйкес кламмер орнын табу үшін мүсінде белгі қою.
3) Доғаның және протездің басқа элементерінің таңдайда және төменгі жақтың альвеолярлық өсіндісіндегі орнын анықтау. Мұның барлығы тұтасымен алғанда мүсін енді жасалатын доғалы протез қаңқасының сызбасын жасауға мүмкіндік береді. Ақырында доғалы протез ершігінің шекарасын анықтайды, ал егер протездеу пластиналы протезбен жүргізілсе , онда оның базисінің шекарасын және кламмерлерді де анықтайды.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. -------------------------------------------------------20 мин (22%)
1. Эластикалық пластмассамен қалып алу.
2. Науқасты тексеру әдісі.
3. Конструкциясын таңдап тіс сауытын жасау.