8. Ұйымдастыру кезеңі------------------------------------------------------------------5 мин(6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------15 мин(16%)
(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)
1. Қалыптық массалардың түрлері..
2. Мүсіннің түрлері.
3. Отқа төзімді мүсін не үшін құйылады.
10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------40 мин(44%)
Жоғарғы және төменгі жақтан екі қабатты қалып алу, мүсін құю.
Тістерді жартылай алмалы-салмалы протездермен протездей барысында, әдетте анатомиялық, көшірме алынады. Өте қиын жағдайларда, яғни сәйкес келетін стандартты қасықтың болмауында немесе оны дайындау мүмкіншілігінің жоқтығына пластмассадан жеке қасық дайындау қажет.
Доғалы протезбен протездеуге көшірмені алудың кейбір ерекшеліктері бар. Бұл кезде шайнау беті майының тіс экваторының және тістер аралығының дәл көшірмесін алуға ерекше көңіл аударуы керек. Өйткені осы маңайлар біріктірілген кламмерлер, элементінің орналастыру жерлері болып таылады. А.И. бетельман гипсті көшірмені сындырмау керектігін, ал ақау маңайын ұртты қапталында горизонтальды кесінді бойымен кесу қажеттігін ұсынады. Шын мәнінде кескінділер қажетті орында бұзу сызығын алуды жеңілдетеді, бірақ бұзудың болашақ сызығының дәл орналасуына толық кепілдік бере алмайды.
Гипсті көшірмені алудың қиыншылығы көшірме алу материалының сынғыш кемшілігімен анықталынады. Тіпті тәжірибелік қолында тістер алалығын толытыратын жұқа қысқыш жиі бұзылып жатады. Осы аталған мақсатқа көшірме қоспасының стомальгин, альтекс және т.б. тиіптері анағұрлым қолайлылау болып есептелінеді.
Силиконды көшірме қоспалар стоматологияда 50-шы жылдары пайда болды. Олар қәзір өркендеу сатысында, қазіргі замнғы көшірмелік қоспаларарасында сөзсіз алдыңғы орынды иеленуде. Кремний орнагикалық полимерлер – силиконды каучуктер негізінде жасалған.
Силиконды көшірме материалдары көп жағдайда қосарланған көшірме алу үшін қолданылады. Негізгі және катализаторлық 2 сықпа күйінде шығарылады. Сонымен қатар катализатор ретінде негізгі сықпаға қойылып шығарылған сұйықтық да қолданылуы мүмкін.
Сықпаның дайындалғаннан (араластырылған) кейінгі тығыздығы оның клиникалық тағайындалуын анықтайды. Тұтқырлығы жоғарғы сықпа (негізгі және катализатрлық сұйықтық) функционалдық көшірмені алу үшін және алмалы протезді жөндеу барысында қолданылады.
Тұтқырлығы төменгі сықпа (негізгі және катализаторлық сықпа немесе негізгі сықпа және катализатролық сұйықтық) қос көшірмеде екінші және түзету қабаты ретінде қолданылады.
Қоспаны дайындау үшін шыны пластинканың астына қойылған мөлшерлік қағаз шкаласының көмегімен өлшеніп алынған негізгі сықпаның қажетті мөлшеріне катализаторлық сұйықтықты немесе сықпаны қосады. Пластмассалы шпатель көмегімен біркелкі тығыздығы немесе түстегі қоймалжын зат алынғанша араластырады. Қатты тығыздықтағы сықпа (жоғарғы тұрақтағы) арнайы өлшеуіштермен тартылып алынады және катализатор – сұйықтықты қосқаннан кейін қолда араластырады. Араластыру уақыты 30-45 секунд. Силиконды қоспалардың бірі 2,5-4 минуттан кейін қатса, ал екіншілері 5-8 минуттан кейін