Электрофорез әдісі заряды бар заттардың молекулалары электр өрісінде әртүрлі жылдамдықпен қозғалатындығына негізделген. Бұл әдіс клиникада қан ақуыздарының фракцияларын бөліп алу үшін қолданады
Электрофорез әдісі заряды бар заттардың молекулалары электр өрісінде әртүрлі жылдамдықпен қозғалатындығына негізделген. Бұл әдіс клиникада қан ақуыздарының фракцияларын бөліп алу үшін қолданады.
Хроматографиялық әдіс әртүрлі заттарды бөліп алу және анықтау үшін қолданылады. Бұл әдістің негізі - әртүрлі қосылыстар белгілі бір заттарда (адсорбентте) адсорбциялану қасиеті бойынша ерекшеленіп, осыған байланысты бір-бірінен бөлінуі. Хроматография әдістерінің негізінде жылжымалы фазаға(сұйықтық, газ) орналастырылған және жылжымайтын фаза (қатты заттар немесе сұйықтық) бойына орын ауыстыратын молекулалар қоспаларының бөліну қағидаты жатады. Бөліну заттардың жылжымайтын фазаға әртүрлі адсорбциясы, бөлінетін молекулалардың әртүрлі зарядтары, олардың әртүрлі өлшемдері немесе жылжымайтын фазадағы әртүрлі ерігіштігі негізінде болады. Хроматография әдістерінің көптеген түрлері бар. Оларды кең пайдалануға көбінесе автоматтандырылған хроматографтарды жасау ықпал етті.
Заманауи лабораторияларда автоматтық анализаторлардан пайдаланылғанда есептеуіш техниканы кеңінен ендіру жасушада өтетін көптеген химиялық үдірістерді математикалық модельдеулер көмектеседі.
Клиникалық- биохимиялық лабораториялардан алынған деректер негізінде, аурулардың паталогиялық үдерістерінің дамуын болжайтын сараптамалық жүйелер құрылады, бұл дәрігердің жұмысын едәуір жеңілдетеді.
Сонымен, биохимия әртүрлі зерттеу әдістерін қолдана отырып, дәрігерлердің қолына науқастың күйін бағалауға және емдеудің дұрыс жолын анықтауға мүмкіндік береді.
Клеткада метаболизмнің көптеген реакцияларында әртүрлі заттар түзіледі, олар ары қарай пайдалануға жарамсыз болып табылады және ағзадан шығарылуы қажет. Бұлар заттар алмасуының соңғы өнімдері деп аталады. Оларға көмірқышқыл газы, мочевина, зәр қышқылы, аммоний тұздар, креатинин, уробилин, стеркобилин, индикан және т. б. заттар жатады.
Адам ағзасының алмасуының соңғы өнімдері негізінен зәрмен шығарылады. Көмір қышқыл газы және су ағзадан өкпе арқылы шығарылады. Су мен минералды тұздар терлегенде тер арқылы жартылай шығарылады. Гемнің ыдырау өнімдері (билирубин, стеркобилин), холестерин және басқада стероидтар (жыныс гормондары), кейбір минералды заттар(кальций) ағзадан өттің құрамында шығарылады. Нәжісте өттің құрамында шығарылатын заттар, сонымен қатар тағамның қорытылмаған компоненттері, ішек бактериялары және олардың тіршілік әрекетінің өнімдері болады. Қалыпты жағдайда ересек адамның ағзасынан шамамен 1000 СО2 , 2,0-2,5 л. су, 30 граммға жуық минералды тұздар шығарылады. Тәулігіне зәрмен шамамен 35-40 грамм органикалық төмен молекулалы құрамында азоты бар қосылыстар шығарылады.