2.8 Оқыту мен сабақ берудің әдістері: Дәрістер: жалпы шолу
Тәжірибелік сабақтар: сабақтың сұрақтарын оқытушымен бірге талдау, мәселелік есептер шығару, тест тапсырмаларын орындау, семинар түрінде, шағын топтармен жұмыс
Зертханалық сабақтар: адам организмі биологиялық сұйықтарының биохимиялық көрсеткіштерінің сандық мөлшерін әртүрлі әдістермен анықтау
Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының (СӨЖ): барлық туындаған сұрақтарға кеңес беру, жоспарда берілген тақырыптарды өз бетінше меңгеру, презентациялар мен рефераттар дайындау, химиялық қосылыстардың формуласын, биохимиялық процесстердің реакцияларын жаза білу, мәселелік есептерді шешу, кестелермен, оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей алу, тест тапсырмаларын орындау, интерактивті оқыту бағдарламаларымен жұмыс, шағын топтармен жұмыс, аралық бақылау
2.9 Білімі мен дағдыларын бағалау әдістері: Ағымдық бақылау: тест, жазбаша/ауызша сұрау, есептер шығару, орындалған тапсырманың қорытындысын жазуды бағалау және т.б., шағын топтарда жұмыс жасағанда топтық және өзін-өзі бағалау.
Аралық бақылау: коллоквиум
Қорытынды бақылау: емтихан (тест түрінде)
2.10 Ұсынылатын әдебиет: Қазақ тілінде негізгі: Т.С. Сейтембетов, Биологиялык химия, Алматы-2011 ж.
С.О. Тапбергенов, Медициналық биохимия, Алматы-2011ж
3.С.Сеитов, Биологиялық химия, 2012ж.
П.К.Кенжебеков, Биологиялық химия (арнайы бөлімдері), -Шымкент, 2005 ж.