Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Адам ағзасында негізгі болып қандай липидтер жатады?



бет31/125
Дата09.11.2022
өлшемі1,28 Mb.
#48868
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   125

Адам ағзасында негізгі болып қандай липидтер жатады?

  • Кетогенез қай жерде жүреді?

  • Кетон денелеріне жатады?

  • Атеросклероз деген не?


    7




    1.Тақырыбы: Амин қышқылдарының және нәруыздардың алмасуы.
    2.Мақсаты: Заттар алмасуының клиникадағы ерекше көрсету және тұқым қуалау ауруларында дұрыс диагноз қою, заттарға жалпы сипаттама беру.
    Бауыр заттар алмасуында ағзада орталық орынды алады. Бауырдың ферменттік аппаратының ерекшеліктері және басқа органдармен анатомиялық байланысы бүкілдерлік заттар алмасуында қатысып отырады және ағзадағы қанның маңызды компоненттерінің тұрақтылығын сақтап тұрады әрі қамтамасыз етіп отырады, бауыр келесі биохимиялық қызметтерді атқарады:

    1. реттеуші – гомеостатикалық;

    2. мочевина түзуші;

    3. өт түзуші;

    4. экскреторлық;

    5. залалсыздандырушы.



    3. Дәріс тезисі Аммиак - өте улы зат. Ол әсіресе, жүйке ұлпалары үшін өте қауіпті. Ол ағзада жиналған кезде, жүйке жүйесінің қозуы байқалады. Сол үшін ағзаларда аммиакты залалсыздандыру механизмдері бар. Аммиакты залалсыздандырудың негізгі жолы – ол мочевинаның синтезі.
    Өткен ғасырдың өзінде-ақ, орыс ғалымдары М. В. Ненцкий және С. С. Салазкин бауырда аммиак пен көмірқышқылына мочевинаның түзілетінін анықтады.
    Кребс пен Гензин-Лейт мочевинаның синтезі циклді процесс екенін дәлелдеді және бұл процесстер каталиттік рөльді орнитин атқаратынын анықтады.
    Мочевина – ағза үшін зиянсыз зат. Ағзадағы оның негізгі түзілетін жері – бауыр болып келеді. Бауырда мочевина түзілуіне қатысатын ферменттердің бәрі бар.
    Хромопротеиндердің алмасуы.

    Адам ағзасында 4,5-5,0 г темір бар. Қан гемоглобинінде бұл мөлшерден 60-70%, миоглобин – 3,5%, ферритин – 20%, трансферритин – 0,18% кездеседі.


    Ағзадағы темірдің мөлшері негізінен сіңірілудің интенсивті түрде жүруінен реттеліп отырады.
    Ішекке ол тағаммен бірге түсіріліп отырады. Оның артық мөлшері сіңірілмейді. Анемия ауруларында ағзаның темірге деген сұранысы қатты артады, әрі темірдің жетіспеушілігі байқалады.
    Ішекте ол ақуыздар комплексінен босаған кезде, бейорганикалық 2 валентті ион Fe2+ түрінде болады, әрі сіңіріледі. Гемоглобиннің ыдырауы бауырда жүреді.
    Гемоглобин ыдыраған кезде вердоглобин, биливердин пигменттері түзіледі.
    Биливердин ферментативті жолмен бауырда билирубинге дейін тотықсызданады. Билирубин адам және жануарлар үшін негізгі өт пигменті болып табылады. Оның қандағы мөлшерінің артуы сары ауруларға алып келеді. Билирубиннің қандағы мөлшерінің қатты артуы қанның қатты улануына әкеп соғады.
    Тікелей емес билирубин глюкурон қышқылымен байланысып, қан ағысымен бауырға түскен кезде, залалсыздандырылады.
    Бұл процесстер ерекше фермент УДФ – глюкуронозилтрансфераза және УДФ – глюкурон қышқылы (глюкурон қышқылының доноры) қатысады. Өтте әрдайым тікелей билирубин болады. Әсіресе қандағы олардың (тікелей емес және тікелей билирубин) мөлшерімен қатынасы тез өзгерсе, мұндай жағдай бауырдың, көк бауырдың, жұлын ұлпасының қан ауруларының және т.б. пайда болуына әкеліп соғады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   125




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет