4.Иллюстрациялы материалдар. «Нәруыздар мен аминқышқылдарының алмасуы. Дезаминдену, трансаминдену және жеке аминқышқылдарының алмасуы. Аммиактың залалсыздануы» тақырыбы бойынша презентация.
«Орнитин айналымы» кесте.
3. «Триптофанның метаболитті алмасуы» кесте.
«Фенилаланин мен тирозин алмасуы» кесте.
Аммиакты залалсыздандырудың жолы қандай? Орнитин айналымы дегеніміз не?
Хромопротеиндерге нелер жатады? Олардың қандағы маңызы қандай? Сары аурулардың түрлерін қалай анықтауға болады?
№8
1.Тақырыбы: Нуклеотидтердің алмасуы. Көмірсулардың, майлардың және нәруыздардың алмасуының өзара байланысы.
2.Мақсаты: Нуклеопротеидтер мен олардың негізгі биологиялық маңызын түсіндіру. Нуклеопротеидтердің биологиялық функциясын түсіндіру. Студенттерде көмірсулар, липидтер және нәруыздар алмасуының жалпы жолдары мен өзара байланысы туралы білімді қалыптастыру. 3. Дәріс тезистері Нуклеопротеидтер мен нуклеотидтердің алмасуы. Нуклеопротеидтер – простетикалық тобы нуклейн қышқылдарынан тұратын (ДНҚ, РНҚ) күрделі нәруыздар. Нуклеопротеидтерге жасушаның хромосомалары мен рибосомалары жатады. Нуклеопротеидтердің негізгі қызметі-генетикалық ақпараттарды сақтауы және тасымалдауы, сонымен бірге олар нәруыздардың синтезіне қатысады.
Нуклеопротеидтердің құрылымдық мономері- нуклейн қышқылдары, полинуклеотидтік тізбектен құралған. Оларды пуринді және пиримидидинді негіздерге ажыратады. Нуклеотидтер төмендегідей биологиялық қызметтерді атқарады:
НҚ-ның құрылымдық компоненті;
жасушада энергияның макроэргтер түзе отырып (АТФ, ГТФ, ЦТФ және т.б.) тасымалдануы мен жинақталуы:
Гормональды және басқа сигналдарды жеткізуде жалғаушы (посредник) болып табылады. Мұнда олар 31-51-АМФ және 31-51-ГМФ түрінде цикльдік нуклеотидтер болып табылады.
Ағзада барлық жасуша нуклеотидтер мен нуклейн қышқылдарын синтездей алады. Бірақ, бұл маңызды орын алмайды.