Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Пуринді нуклеотидтер биосинтезі



бет34/125
Дата09.11.2022
өлшемі1,28 Mb.
#48868
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   125
Байланысты:
Биологическая-химия-Бакалавриат-каз

Пуринді нуклеотидтер биосинтезі. Пуринді нуклеотидтердің синтезі үшін, ең алдымен пуриндік ядро қалыптасатын глутамин, глицин, аспартат, СО2, формил-ТГФҚ, метенил-ТГФҚ қосылыстары қажет. Пуринді ядроның қалыптасуы АТФ арқылы активтендіріліп 5-фосфорибозил-1-пирофосфат түзілетін рибоза-5-фосфатта жүреді. Содан кейін глутаминнің амин тобын қолданып амидинофосфорибозилтрансферазаның әсерінен 5-фосфорибозиламин түзіледі. Синтездің келесі сатысында 5-фосфорибозиламинге глициннің, метенилдің радикалы және т.б. қалдықтар қосылады. Синтездің соңғы сатысында инозинмонофосфат түзіледі.
Гипоксантиннен ИМФ және гуаниннен ГМФ түзілуі бұзылғанда Леша-Нихан ауруы байқалады. Бұл ауру кезінде, яғни гипоксантин-гуанин-фосфорибозилтрансфераза ферменттерінің дефектісінде гипоксантин мен гуанин нуклеотидтердің қайта синтезделуіне жұмсалмайды, ол түгелдей несеп қышқылына айналады. Мұнадй жағдайда гиперурикемиямен қатар ер балаларда церебриальді паралич, интеллект бұзылуы, өзін-өзі жарақаттау (ернін, саусағын тістеп алу) байқалады. Мұндай ауруларды емдеуге пиримидинді нуклеотидтерді қолданады.
Пиримидинді нуклеотидтер катаболизмі. Пиримидинді нуклеотидтер сәйкес жасушалық ферменттерімен нуклеозидтерге, фосфор қышқылана, әрі қарай азотты негіздер мен пентозаға дейін гидролитикалық ыдырауға түседі. әрі қарай пиримидинді негіздер катаболизмінің арнайы жолдары жүреді. Пиримидинді нуклеотидтер цитозин, урацил мен аммиак түзіп дезаминденеді. Урацил дигидроурацилге тотықсызданады. Одан әрі дегидроурацилдің дециклизацичсы жүреді. Одан СО2-ге, аммиакқа және бетта-аланинге дейін гидролизденіп, бетта-уридопропионат түзеді. Бетта-аланин НS-КоА құрылуына, ансарин мен карнозиннің синтезіне және аммиак пен малонаттың дезаминдену жолдарына жұмсалады.
Тиминнің ыдырауы аналогты. Дигидротимин дециклизацияланып бетта-уреидоизобутират түзеді. Ол одан әрі СО2, аммиак және бетта-аминоизобутиратқа дейін ыдырайды. Бетта-аминоизобутират дезаминденір аммиак пен метилмалонат түзіледі. Құрамында цитозин бар нуклеотидтер глутаминнің амин тобы аминдену реакцияларында УТФ-тан түзіледі. Құрамында тимин бар нуклеотидтер арнайы фермент тимидилат-синтетаза ферментінің әсерінен dУМФ-тан түзіледі. Метил тобының доноры метилтетрагидрофолиқышқылы (СН2=ТГФҚ) болып табылады. Бұл ферменттің ингибиторы рактың химиятерапиясында көп қолданылатын 5-фторурацил мен 5-фтор-2-дезоксиуридин болып табылады. Рак химиятерапиясы кезінде дигидрофолат пен метилен ТГФҚ-н тежеуші антифолаттар да қолданылады. Мысалы: аминоптерин, метотрексат.
Дезоксирибоза нуклеотидтерінің түзілуі НАДФН2, флавопротеидтиоредоксинтетаза, тиоредоксин, рибонуклеотидредуктазаларының қатысуымен тізбекті реакциялар арқылы жүреді. Дезоксирибонуклеотидтер синтезі тыныштықтағы жасушаларда жүрмейді деуге де болады. Тізбектің ақырында активтендіріледі. Дезоксирибонуклеотидтер синтезінің ингибиторлары ДНК репликациясын және жасуша бөлінуін бүлдіреді. Осы жағдай рибонуклеотидредуктазалар мен тимидилатсинтетазалар тежеушілерін қауіпті ісік ауруларына қолдануға негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет