Николаев А.Я. Биологическая химия. Учебник.2007. Москва. 568с.
Кенжебеков П.К. Биологиялық химия Шымкент, 2005ж.
6.Кері байланыс сұрақтары: Нуклеопротеидтер қандай биологиялық қызметтерді атқарады?
Нуклеопротеидтер қандай ферменттер әсерінен қорытылады?
Пуринді нуклеотидтер катаболизмінде қандай заттар түзіледі?
Пиримидинді нуклеотидтер катаболизмінде қандай заттар түзіледі?
Оратацидурия қандай ауру, себептері қандай?
Гипергликемия және подагра себептері.
№9 1.Тақырыбы: Гормондар биохимиясы.
2.Мақсаты: Гормондардың биохимиясын, құрылыстарын, эндокриндік
жүйелерден қандай гормондар бөлінетінін, олардың әсер ету механизмдерін түсіндіру. Гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру. Перифериялық гормондардың биологиялық маңызы, және әсер ету механизмін түсіндіру.
3. Дәріс тезистері. Гормондар дегеніміз – табиғаты органикалық, ішкі секрециялық бездерден арнайы жасушаларында бөлінетін және қанға түсетін әрі зат алмасуының реттелуіне әсер ететін және физиологиялық қызметтер көрсететін заттар.
1905ж У.Бейлис және Э.Старлинг деген ғалымдар гормон деген терминді енгізді. Олар 1902 жыл ашылған секретин гормонына терминді қолданды. Ол гормон өн екі елі ішектен бөлінеді ,әрі ұйқы безі сөлінің қызметін реттейді әрі өттің бөлінуіне де жағдай жасайды.
Гормон деген термин (грек тілінің hoz mao- қоздырту немесе бөлініп әсер ету деген сөздерінен алынған): Гормондардың жіктелуі:
Гормондар 5 топқа жіктеледі
1.Күрделі ақуыздар- гликопротеиндер, оларға; фоликулалық реттеуші лютеинезирлеуші тиреотропты және т.б. гормондар жатады.
2.Жай ақуыздар: пролактин, соматотропты гормон (соматотропин, бой өсіру гормоны) инсулин және т.б.
3.Пептидтер: кортикотропин (АКТГ) глюкагон, кальцитонин,соматостатин, вазопрессин,окситоцин және т.б.
Аминқышқылдарының туындылары: катехоламиндер,тиреоидты гормондар,мелатонин және т.б.
Стероидты қосылыстар және май қышқылдарының туындылары (простагландиндер).
Стероидтар гормональды заттардың көп топтарын құрайды, оларға кортикостероидтар (бҮйрек Үсті безінің гормондары, жыныстық гормондар андрогендер және эстрогендер), 1,25-диоксихолекальциферол және т.б. жатады.Пептидті және ақуыздар гормондары гипоталамус гормондары. Гипоталамус орталық жҮйке жҮйесінде орналысқан және эндокриндік жҮйелермен тығыз байланыста болады.Гипоталамус гормондарына жататындар: либериндер, статиндер
Тиреолиберин триптидке жатады, өйткені оның құрамында пироглутамин қышқылы, гистидин, пролин бар.
2.Люлиберин. Люлиберин декапептид болып келеді,өйткені оның құрамында 10 аминқышқылы кездеседі:
Про-Глу-Гис-Три-Сер-Тир-Гли-Лей-Арг-Про-Гли-NH2 Cоматостатин:Соматостатинның химиялық құрылысы циклді тетрадекапептид болып келеді.