Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы


ГИПОГИДРАТАЦИЯ НЕМЕСЕ СУСЫЗДАНУ



бет60/148
Дата23.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#75815
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   148
Байланысты:
Зертханалық-диагноcтика-Мейірбике-ісі

ГИПОГИДРАТАЦИЯ НЕМЕСЕ СУСЫЗДАНУ
Организмнің сусыздануы организмге су жеткіліксіз түсуінен (сусыз жерде адасып кеткенде, әртүрлі апаттардың нәтижесінде адам сыртқа шыға алмай қалғанда, өңеш тарылуынан жұту бұзылғанда, ауыр сырқаттарда, шала туған балаларда, кейбір ми ауруларында ж. б.) немесе судың организмнен тым артық шығарылуынан (іш өту, құсу, қан кету, полиурия, гипервентиляция, қатты терлеу, гиперсаливация, күйіктік ауру ж.б. кездерінде тері жаралары арқылы т.с.с.) немесе бұлардың біріккен әсерлерінен болуы мүмкін.

Сусыздану организмге біршама теріс әсер етеді. Оның нәтижесінде қан қоюланады, айналымдағы қанның көлемі азаяды, артериялық және веналық қысымдар төмендейді, қан айналымның жылдамдығы баяулайды.


Изомостық гипогидрация (лат. Hypo – аз, төмен, hydor- су) су мен тұздардың біршамадай азаюынан дамиды. Бундай жағдай полируя, диспепсия кездерінде және қан кетуден байқалуы мумкін. Бұл кезде негізінен жасуша сыртындағы сұйықтық азайады.
Гипосмостық гипогидрация тұздардың судан басымырақ шығарылуынан дамиды. Организмнен тұздардың артық шығарылуы оның сусызлануына әкеледі Электролиттердің организмнен артық шығарылуы ішек- қарын жолдарымен, бұйрек және тері арқылы болуы мүмкін. Ішек – қарын жолдарымен қайта-қайта құсу немесе іш өту (гастроэнтриттер. Жүкті әйелдердің уыттанулары ж.б.) кездерінде . Бүл кездерде организмнің қышқылдық –негіздік үйлесімдігі бұзылады. Асқазанның сөлі сыртқа көп шығарылудан көптеп хлор мен сутегі иондары жоғалады да, организде алкалоз дамиды. Ал, ұйқы безі мен ішектердің солдерімен көп натрий иондары шығарылады. Осыдан келіп ацидоз дамиды.
Сонымен бірге электролиттер қатты терлегенде тері арқылы шығарылады. Терлеу сыртқы ортаның ыстық температурасынан және ауыр қол жұмысын атқарудан болады. Осыған байланысты термен тәулігіне 800 мл-ден 10 л-ге дейін сұйық шығарылады. Онымен бірге 420 ммоль/л-ден астам натрий, 150 ммоль/л-ден астам хлор шығарылады. Сондықтан қатты терлеуден организмнің ауыр және тез сусыздануы байқалады. Гиперосмостық гипогидратация судың электролиттерден басымдық шығарылуы. Бұндай жағдай терең тыныстың жиілеуінен, сілекейдің көп шығарылуынан жане қантсыз диабет ж.б. кездерінде полиуриядан дамуы мүмкін. Бұл кезде жасуша сыртындағы сұйықтың көлемі азайады, онын осмостық қысымы жоғарылайды. Осыдан су жасуша ішінен оның сыртына ауысады. Жасушаның сусызданууы қатты шөлдеу сезімін шақырады. Тіндік нәруыздардың ыдырауын кушейеді, дене қызуын көтереді, кейде сана- сезімінің болмауына, кома дамуына әкеледі. Дененің құрғап кетуін болдырмау үшін гипогидрация кездерінде организмге сұйық енгізу қажет. Ол үшін организмге қанша су жетіспейтінін немесе судың тапшылық мөлшерін анықтау керек. Судың тапшылығы (СТ) мына өрнек бойынша анықталады:
СТ = 0,6 х дене массасы (кг) х (1-140 : натрийдің қан плазмасындағы деңгей)
Мәселен : дене массасы 80 кг болса. Қан плазмасында натрий 158 мМ/л болса, СТ=0,6 х 80 х ( 1-140: 158) =48 х 0,114=5,47л.
Гипергидратация немесе сулану
Организмнің сулануы: судың сырттан көп түсуінен, суды сыртқа шығаратын бүйректің қызметі бүлінуден немесе осы екеуінің біріккен әсерлерінен дамуы ықтимал.
Гипергидратция изомостық, гипомостық, гипермостық болып ажыратылады.
Изомостық гипергидратция сырттан изотониялық сұйықтарды емдеу мақсатта тым артық жібергеннен кейін қысқа мерзімде байқалуы мүмкін. Бұндай жағдай жиі ісінулер кездерінде байқалады (төменде келтіріледі).
Гипомостық гипергидрация (сумен улану ) организмге қайталап көп су жіберуден дамиды. Бұндай жағдай клиникада рефлекстік анурия және бүйрек жеткіліксіздіктері кездерінде байқалады.
Организмде су көп жиналуынан қан сұйылып кетеді. Қанның жалпы көлемі ұлғайғанмен, онда нәруыздың, электролиттердің, гемоглобиннің деңгейлері салыстырмалы түрде азайады. Эритроциттердің ішіне көп су түсуінен олар еріп кетеді. Гемоглобиннің деңдейі қан сары суында ұлғайады, зәрмен шығарыла бастайды, гемоглобинурия дамиды. Гемоглобин бүйрек өзекшелерінде тұнбаға ауысып, оларды бітеп қалады. Осыдан зәр шығарылуы томендейді.
Ми жасушалары ісініп кетуінен, бас сұйек ішінде қысым көтеріледі. Осыдан қатты бас ауыруы, лоқсу, құсу. дірілдеу – селкілдеу ұстамалары және кома дамып, организмнің өліміне әкелетін құбылыстар пайда болады.
Гиперосмастық гипергидгидратция теңіз суын ішуіне мәзбүр болғанда, көп гипертониялық сұйықтықтар енгізгенде байқалады. Жасуша сыртында осмостық қысым көп болғандықтан сұық жасуша ішінен сыртына көптеп шығып кетеді. Содан жасушаның сусыздануыболады (гиперосмостық гипергидратцияны қараңыз).
Судың артық мөлшері қанда ұсталып тұрмай тіндерге, ең алдымен жасуша аралық кеңістіктерге ауысады.осыдан ісіну дамиды.
Ісіну, оның түрлері, даму жолдарды. Ісіну ( oedema) –қан мен тіндер арасында су алмасуының бүзылуынан тіндерде сұйықтықтың артық жиналуы. Сұйықтықтың дене қуыстарында жиналуын шемен (hydrops) дейді. Іш қуысы сулануын гидроторакс, ми қарыншалары сулануын – гидроцефалус, жүрек қалтасы сулануын гидроперикардиум деп атайды.
Ісіну көптеген аурулар кездерінде болатын біртектес дерттік үрдіс. Қан мен тіндердің арасында су алмасуы микроциркуляциялық арнада қылтамырлардың кемерлері арқылы болады. Ісінудің даму жолдарында капилляр ішінде қан қысымы көтерілуі, онкотикалық қысым азаюы, капиллярлардың өткізгіштігі жоғарылауы, лимфа ағуының және онкотикалық қысымдардың көтерілуі де өзінің үлксін қосады. Ас тұзын артық пайдаланғанда және бүйрек қызметтері бұзылғанда жасуша аралық кеңістіктерде натрий иондары жиналып қалуы мумкін.
Пайда болу себебіне және даму жолдарына қарай жүректік, бүйректің, бауырлар, ашылулық, қабынулық, уыттық, неирогендік, аллергиялық, лимфогендік ж.б. ісінулер ажыратылады.
Жүректік ісіну. Жүректік ісіну жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде веналық тамырларда қан іркіліп қалудан және жүректен шығатын қан көлемі азаюынан болады. Жүректен шығатын қан көлемі азаюы:
1.гипоксияға, метоболизмдік ацидозға, капиллярлар кемерлердінің өткізгіштігі жоғарылауына;
2. бүйрек ишемиясына, ренин-ангитензин жүйесі арқылы әлдостеренонның артық түзілуіне, гипернатриемияға, гипоталамуста антидиурездік гормонның түзілуі көбейуне, бүйрек өзекшелерінде судың кері сіңіріуі артуына әкеледі.
Осы көрсетілгенденр организмде судың ұсталып қалуына, олигоцитемиялық гиперволемияға, сулануға және ісінуге әкеледі (10 кестені қараныз).
Бауырлық ісіну. Бауыр аурулары кездеріндегі ісіну оның қызметі бұзылудан (қан нәруыздарының түзілуі азаюынан) гипопротеинемиямен, капиллярлар ішінде онкотикалық қысым төмендеуімен байланысты болуы мүмкін. Бауыр циррозы кезінде қан қақпа және ішек-қарын көктамырларында іркіліп қалудан, капиллярлар ішінде қан қысымы көтерілуден іш дуысында сұйық жиналып іш шемендігі дамуына әкелуі мүмкін.
Ашығулық ісіну гипопротеинемиядан қанда онкотикалық қысым төмендеуімен, капилляр кемерлерінің трофикасы бұзылуынан өткізгіштігі жоғарылаумен байланысты.
Қабынулық және уыттық ісінулер бүліну ошағында микроциркуляцияның бұзылуынан және капиллярлар кемерлерінің өткізгіштігі жогарылауынан болады. Ол қабынулық дәнекерлердің (гистамин, серотонин, брадикинин, простагландиндер ж. б.) әсерлерінен дамиды.
Нервтік ісіну су алмасуьгның нервтік реттелуі және тамыр мен тіндердің қоректенуі бұзылыстарынан болады.
Аллергиялық ісінулердің жолдары қабынулық жөне нервтік ісінулердің жолдарымен сәйкес болады. Бұл ісінулер кездерінде микроциркуляцияның бұзылуында және капиллярлар кемерлерінің өткізгіштігі жоғарылауында аллергаяның дәнекерлері (медиаторлары) маңызды орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет