7. Бақылау: тест сұрақтары
1. ... кезінде перифериялық қанда панцитоз байқалады.
а| созылмалы лимфолейкоз
в| созылмалы моноцитарлы лейкоз
c| лимфогранулематоз
д| эритремия
e| эритромиелоз
2. Ретикулоциттер санының артуы ... кезінде байқалады.
a| гемолитикалық синдром
в| гипопластикалық анемия
c| апластикалық анемия
д| қандағы метастаз ісігі
e| сәулелік ауруларда
3. ... кезінде лейкоцитоз байқалады..
a| лейкоз
в| гиперспленизм
c| жілік майының аплазиясы және гипоплазиясы
д| сәулелік аурулар
e| вирустық инфекция
4. Өткір монобласты лейкоз үшін ... цитохромдық анықтамасы тән.
a| NаF төмендетілетін спецификалық емес эстераза
в| миелопероксидаза
c| гликоген
д| липидтер
e| қышқылды фосфатаза
5. Жілік майындағы пролиферация эритромиелоз үшін ... тән.
a| эритробластар мен миелобластар
в| миелобластар
c| эритробластар
д| мегакариоциттер
e| эритробластар мен лимфобластар
№ 5 сабақ
1. Тақырыбы: Қанның ісік аурулары. Ісіктік процесстің зертханалық диагностикасы.
2. Мақсаты: Студенттерде қанның ісік аурулары туралы, олардың клиникалық өзгерістерін және зертханалық диагностика туралы білімді қалыптастыру.
3. Оқыту мақсаты:
Студенттердің қанның ісік аурулары, олардың клиникалық өзгерістерін және зертханалық диагностикасын оқып білуі
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Лейкоздар. Лейкоздардың жіктелуі.
Откір миелобласты лейкоздар: жіктелуі, зертханалық диагностикасы, иммунологиялық және цитохимиялық сипаттамасы.
Откір лимфобласты лейкоздар: ФАБ–жіктелуі, иммунологиялық жіктелуі, цитогенетикалық көрсеткіштері.
Миелодиспластикалық синдром: ФАБ–жіктелуі, патогенезі, клииникалық көріністері, зертханалық диагностикасы.
Достарыңызбен бөлісу: |