Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы


СРБ анықтау үшін тура көрсеткіштер



бет29/148
Дата23.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#75815
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   148
СРБ анықтау үшін тура көрсеткіштер.
Қабыну кезінде анықтау.
Ересектерде СРБ қалыпты концентрациясы өткір қабынудың болмауын көрсетеді, бірақта жедел бактериальдық инфекциямен жаңа туылған және мерзімінен бұрын туылған балалардың 12% -да СРБ концентрациясы қалыпты болады.
Жаңатуылғандардағы сепсистің диагностикасы. Өмірінің алғашқы күнінде инфекцияланған жаңатуылғандардың СРБ деңгейі жоғары. Жаңатуылғандарды инфекцияға күдіктенген кезде СРБ α1 – қышқыл гликопротеинмен бірге анықтау ұсынылады, яғни ол қабынудың басылу фазасын анықтауға мүмкіндік береді.
Бактериальдық және вирустық инфекцияның ажырату (дифференциальная) диагностикасы. Бактериальдық инфекция кезінде СРБ деңгейінің жоғарылауы байқалады, ал вирустық инфекция кезінде СРБ деңгейі аздап қана жоғарылайды.
Қабынуды адекваттық емдеудің және емдеудің тиімділігін бақылауды таңдау үшін. Тиімді терапия кезінде СРБ деңгейі келесі күннен бастап төмендей бастайды, егер қажетті анағұрлым тиімді антибактериальдық ем болмаған жағдайда.
Крон ауруы мен ойықжаралық колитті ажырату диагностикасы үшін. Крон ауруы СРБ күшті артуын туындатады, бейспецификалық ойықжаралық колитте жедел фазалық белоктардың мөлшері азырақ, функциональдық бұзылуларда жедел фазалық белоктар жоғарыламайды. Жүйелі қызыл жегі (Системная красная волчанка) ойықжаралық колит, лейкемия немесе қызыл жілік майын алмастырып салу кезіндегі қосалқы инфекция.
Қабыну процестері кезіндегі СРБ белсенділігін бағалау.
СРБ 10-50 мг/л
Жергілікті бактериальдық инфекция
Миокард инфарктісі (максимальді 2 күннен кейін)
Вирустық инфекция
Созылмалы инфекция (туберкулез, сифилис, бруцеллез)
Саркоидоз
Ревматоидтық артрит
Подагра, псориаздық артрит
Дәнекер тінінің аурулары, жүйелі қызыл жегі сияқты, дерматомиозит
Ойықжаралық колит
Жатырішілік инфекция
СРБ >-50 мг/л
Ауыр бактериальдық инфекциялар (сепсис, пневмония, пиелонефрит, операциядан кейінгі инфекциялар);
Белсенді ревматоидтық артрит
Жүйелік васкулиттер
Белсенді Крон ауруы
Терең көк тамырдың тромбозы
Жедел панкреатит
Метастаз беретін некрозды ісіктер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет