Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет44/73
Дата15.06.2023
өлшемі0,57 Mb.
#101640
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73
Байланысты:
Пат. анатомия және физ УМК 2019ж

Жүйелік склеродермия
Жүйелік склеродермия(өршімелі жүйелік склероз) – негізінен терінің дәнекер тканін зақымдап, ішкі ағзалардыда шарпитын созылмалы ағынды сырқат.
Этиологиясы мен патогенезі. Бұл аурудың себебі коллаген түзілу процесінің бұзылуы мен (аномальді фибриллогенезбен) сабақтас дейтін жорамал бар. Бұл жорамал склеродермиямен сырқаттардың терісін тканьдік культура тәсілімен зерттеу арқылы дәйектелді. Дұрыс жетілмеген коллагеннің дәнекер тканьді жылдам ыдыратып, фиброз процесін өршітетіні қазір белгілі. Әзірше вирустық инфекциялар (РНҚ-лы вирустар) мен генетикалық факторлардың да әсері жоққа шығарылмайды. Жүйелік склеродермияның патогенезіне аутоиммундық процестердің де едәуір ықпалы бар сияқты.
Дерматомиозит
Дерматомиозит - басты клиника- морфологиялық бейнесі көлденең жолақты бұлшықеттер жүйесінің зақымдалуына негізделіп, біріңғай салалы бұлшықеттермен теріні шамалы ғана зақымдайтын ревматизмдік сырқат. Кейде ол теріні мүлде зақымдамайды, онда бұл ауру полиомиозит деп аталады. Дерматомиозитпен және полиомиозитпен жас шамасы әртүрлі адамдар, көбіне әйелдер сырқаттанады.
Этиологиясы мен патогенезі. Бұл сырқатты вирустар дамытуы ықтимал, бұған сырқаттардың эндотелиоциттері мен бұлшықет клеткаларының цитоплазмасынан табылған парамиксовирустарға ұқсас тубулалық құрылымдар дәлел. Бұл ауруда тұқымқуалайтын бейімділікте байқалады; өйткені ол кейбір отбасында жиі кездеседі. Аурудың даму барысына иммунологиялық гемостаздың бұзылуы мен аутоиммундану әсер ететіні көп күмән туғызбайды. Ал оның бастапқы механизмдерінің іске қосылуына вирустар түрткі болатын сияқты. Дерматомиозиттің ісік процесмен байланыстылығы қазір толық мәлім. Ісік антигндері бұлшықет антигендерімен әрекеттесіп, аутоиммундану процесін меңдете түседі. Ал, ісікті алып тастағанда науқастың хал-жағдайы жақсарады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 15 мин
1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау
2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу
Микропрепарат:
А) «Синовиалды қабықша» препартаттың микроскопиялық зерттеуі

3. Микро – препараттардың суретін сурет дәптерге салып, талқылау






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет