5.1.Тақырыбы: Заттың сұйық күйінің сипаттамасы. Сұйықтың беттік қабаты.
Сағат саны: 2. 90 мин
5.2.Сабақтың мақсаты: Сұйықтардың құрылымымен таныстыру. Сұйықтардың беттік керілу коэффициентін анықтауды үйрету.
5.3.Оқыту міндеттері: - Теориялық және тәжірибелік көрсетілімдер мен зертханалық жұмыстарды орындау барысында экспериментті жоспарлау;
- сызбанұсқа бойынша құрылғыны жинау, өлшеуіш құралдарды қолдана алу, бақылау жасай алу және өлшеу мен тәжірибені жүргізе білу;
- өлшеудің қателіктерін есептеу және оны бағалай білу, қысқаша есеп жазу және қортынды жасай білу;
Ұйымдастыру кезеңі:10 мин
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин
5.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1.Беттік керілу күш.
2.Капилярлық құбылыс қандай құбылыс?
3.Беттік қабат дегеніміз не?
Жаңа сабақты түсіндіру: 30 мин
Газ молекулаларына қарағанда сұйық молекулалары бір – біріне өте тығыз орналасқан. Сол себепті олар бір-бірімен күштірек әсерлеседі және сұйықтарды сығылмайды деуге де болады.
С ұйықтардың белгілі бір көлемі болады, олар пішінін сақтамайды, өзі тұрған ыдыс пішінін қабылдайды.
Сұйықтарда молекулалардың кинетикалық энергиясы шамамен олардың потенциалдық энергиясына тең болады.
Газ бен сұйықтың шекарасы беттік қабат деп аталады.
Сұйық ішіндегі молекулаға жан-жақтан қоршап тұрған өзге молекулалар тартылыс күшімен әсер етеді. Ал сұйықтың беттік қабатындағы молекулаға төменнен сұйық тарапынан, жоғарыдан газ күйіндегі зат тарапынан тартылыс күші әсер етеді. Газ тарапынан әсер еткен тартылыс күші сұйыққа қарағанда әлдеқайда әлсіз.
Сұйық түбіндегі молекулалармен салыстырғанда сұйықтың беттік қабатындағы молекулалар қосымша потенциалдық энергияға ие болады.
Сұйық тарапынан молекулалардың тартылыс күші үлкен болу себебінен сұйықтың беттік қабатындағы молекулалар сұйық түбіне өтуге тырысады. Сондықтан сұйық тамшысының пішіні шар тәріздес болады.
Сұйық бетінің бойымен, осы бетті шектеп тұрған сызыққа перпендикуляр әсер ететін күшті беттік керілу күші деп атайды.
Әрбір сұйықтың беттік керілу қабілетін оның беттік керілу коэффициентімен сипатталады. ( ) сигма)).
Сұйықтың беттік керілу коэффициенті әсер етуші беттік керілу күшінің осы контур ұзындығына қатынасына тең.
; өлшем бірлігі [ 1 Н/м ]; ; мұндағы W – потенциалдық энергия; S – беттік керілу ауданы;
Сұйықтың беттік керілуі сұйықтың тегіне және оның температурасына тәуелді.
Сұйық температурасының жоғарылауы оның беттік керілуінің төмендеуіне әкеледі, өйткені бұл жағдайда молекулалар арасында өзара әсер күші әлсірейді.
Сұйық қатты денемен жанасқанда сұйықтың осы денеге жұғу немесе жұқпауы байқалады. Берілген сұйық қатты денеге жұғама немесе жұқпайма, бұл сұйық молекулаларының өзара әсеріне тәуелді болады.
Қатты дене бетіне сұйық жұқса онда оның бойымен сұйық ағады, ал егер жұқпаса онда сұйық созылып тамшыға айналады.
Сұйық пен қатты дене арасындағы беттік керілу арқылы жұғу немесе жұқпау құбылысы аныұталады.
Ұзындығынан диаметрі бірнеше есе кіші жіңішке түтіктер капиллярлар деп аталады.
Егер капилляр бетіне жұғатын сұйыққа капиллярды батырсақ, онда ыдыстағы сұйық деңгейінен капиллярдағы сұйық жоғары көтеріледі.
Егер капилляр бетіне жұқпайтын сұйыққа капилярды батырсақ, онда керісінше капиллярдағы сұйықтың жоғарғы деңгейі ыдыстағы сұйық деңгейінен төмен орналасады.
Жұғу және жұқпау кезінде сұйықтың капилляр түтік бойымен көтерілу құбылысын капиллярлық құбылыс деп атайды.
Егер сұйық тығыздығы белгілі болса (), оның беттік керілуі () және капилляр радиусы (R) болса, онда капиллярдағы сұйықтың көтерілу биіктігін жұғу және жұқпау кезінде анықтауға болады: ;
Капилляр бойымен сұйықтың көтерілу биіктігі оның беттк керілуіне тура пропорционал және капилляр радиусымен сұйық тығыздығына кері пропорционал.