ОњТЏстік ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы


Механикалық тербелмелi жүйелер



бет69/98
Дата25.09.2024
өлшемі2,27 Mb.
#145703
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   98
Байланысты:
ППЗ методичка физика каз (1)

Механикалық тербелмелi жүйелер.
Тербелiп тұрған дене басқа денелермен байланыста болып, денелер жүйесiн құрады да тербелмелi жүйе деп аталады.
Барлық тербелмелi жүйеге тән ортақ қасиеттер болады. Мысалы, әрбiр тербелмелi жүйенiң орнықтылық тепе-теңдiк күйлерi болады. Тербелмелi жүйе орнықтылық тепе-теңдiк күйiнен шығарылғаннан кейiн оны орнықтылық күйге қайтаратын күш пайда болады. Мұндай күштiң шығу тегi әр түрлi болуы мүмкiн. Орнықтылық күйге қайтып келген тербелмелi жүйе бiрден тоқтамайды. Оған тербелген дененiң инерттiлiгi кедергi болады.
Математикалық маятник.
Созылмайтын, салмақсыз жiпке iлiнген материялық нүктенi математикалық маятник деп атайды.
Математикалық маятниктiң еркiн тербелiсiн сипаттайтын дифференциалдық теңдеу:
.
Тербелiс периоды:  , циклдiк жиiлiгi:  .
Математикалық маятниктiң тербелiс периоды тек маятниктiң ұзындығына және еркiн түсу үдеуiне тәуелдi болады.
Серппелi маятник.
Массасы  жүк iлiнген, қатаңдығы  -ға тең серппеден тұратын жүйенi серiппелi маятник деп атайды.
Серiппелi маятниктiң еркiн тербелiсiн сипаттайтын дифференциалдық теңдеу:
.
Тербелiс периоды:  , циклдiк жиiлiгi:  .
Серппелi маятниктiң тербелiс пероды жүктiң массасына тәуелдi болады.
Серіппелік маятник - қатаңдығы  серіппеге ілінген,  күштің әсерінен вертикаль бағытта гармониялық тербеліс жасайтын массасы  жүк. Егер координаттар басы маятниктің тепе-теңдік күйімен дәл келсе, онда Гук және Ньютон заңдарына сәйкес серіппелі маятниктің қозғалыс теңдеуін мына түрде жазамыз

мұндағы

5.5. Білім берудің және оқытудың әдістері: презентация, ауызша сұрау, тест тапсырмаларын шешу, аудиториямен кері байланыс теориялық сбақтың тақырыптары бойынша білім алушылармен әңгіме, есептер шығару , карточкалеармен жұмыс, крассворд құрастыру, шағын топпен жұмыс, нақты жағдайлар әдіс, коммуникативтік тапсырмалар әдісі , командада жұмыс істеуге негізделген оқыту әдісі, дискуссия, пресс- конференция, дебат,диспут, дөнгелек үстел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет