Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығЫ»



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата07.02.2017
өлшемі1,59 Mb.
#3611
1   2   3   4   5

2. Иман-Ислам анықтамасы 

 «әл-Фиқһул  акбарда»  және  басқа  да  еңбектерде  келтірілген 

деректерге орай, Әбу Ханифаның көзқарасында «Иман тілмен айтып, 

                                                             

66

 Кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз: Қ. Жолдыбайұлы, «Дін мен діл», 2010 ж. 127-б. 



 

 

38



 

жүрекпен  бекітуден  тұрады».

67

  Иман  толық  саналу  үшін  бұл 



айтылғандардың  біреуін  елеусіз  қалдыруға  болмайды.  Мәселен,  құр 

тілімен  ғана  кәлима  келтіріп,  ділімен  иланбаған  екіжүзділердің  және 

хазірет  Мұхаммедтің  (саллаллаһу  алейһи  уа  сәләм)  шын  пайғамбар 

екендігін  біле  тұра  пайғамбарлығын  мойындамаған  әхлі-кітапты 

мүмин  деп  қабылдау  керек  еді.  Анығында,  Құранда  ақиқатты 

мойындамауда табандап тұрып алған екіжүзділер мен әхлі-кітап кәпір 

ретінде  қабылданған.

68

  Бұған  қоса,  Құранда  шындықты  тілімен 



мойындаудың  бір  өтеуі  ретінде,  әхлі-кітаптан  кейбіреулерінің 

жаннатпен  сүйіншілегендігінің  білдірілуі

69

  тілмен  айтудың  иманға 



қажетті талаптардың бірі екендігін көрсетуде.

70

  



  Адамдар  мақұлдау-мойындау  тұрғысынан  3  дәрежеге  бөлінеді: 

1.  Алла  тағаланы  әрі  Одан  келген  нәрселерді  һәм  тілімен  һәм 

жүрегімен мойындайды; 2. Жүрегімен қабылдап, тілмен айтпайды; 3. 

Тілімен мойындайды, бірақ жүрегімен бекітпейді. Кім һәм жүрек һәм 

тілімен  мойындаса,  ол  Алла  тағаланың  әрі  адамдардың  алдында 

мүмин.  Жүрегімен  мойындап,  тілімен  айтпағандар  Алланың  алдында 

мүмин, адамдардың алдында кәпір. Бұл кісінің жүрегімен иланғанына 

қарамастан,  тақия  жасау  арқылы,  яғни  өзіне  келетін  зияннан  сақтану 

үшін иманын жасырып, тілімен күпірлікті айту жағдайына қатысты.

71

 



Жұрт  иманын  жасырғандықтан,  оны  кәпір  санағанымен  Алланың 

алдында  мүмин  болып  табылады.  Ал  тілімен  айтып,  жүрегімен 

бекітпегендер  мұсылмандардың  алдында  мүмин  саналғанымен,  Алла 

тағаланың алдында кәпір.

72

 

Әбу  Ханифа  «Әл-Алим  уәл-мутааллим»  атты  кітабында  «Иман 



жүрекпен  бекіту,  мағрифат  дәлелмен  білу  және  оны  тілмен  айтудан 

тұрады.  Ал  Ислам  –  пенденің  Алланы  Жаратушы  Ие  деп  танып, 

тілмен айтуы, Оған терең иманмен илануы. Бұлар сөздік тұрғыдан  әр 

түрлі болғанымен, екеуінің мағынасы бір. Оның мағынасы – иман. Өз 

кезегінде  Ислам  «берілу»  және  Ұлық  Алланың  бұйрықтарына 

мойынсұнуды  білдіреді»,

73

  -  дейді.  «әл-Фиқһул  -  акбарда»  сөздік 



тұрғыдан  иман  мен  Ислам  бір  бірінен  бөлек  дегенімен,  имансыз 

                                                             

Фиқһул-акбар, Хайдарабад,10-б 



68

 «Мунафиқун» сүресі, 1 аят, «Бақара» сүресі,146 аят, «Әнғам» сүресі, 20аят 

69

 «Мәида»сүресі,85 аят 



70

 Бәззәзи, Манақиб,2-т.,201-202-б 

71

 Бұған Аммар ибн Ясирдің мысалын беруге болады. Өйткені оны мүшріктер қинаған кезде 



тілімен күпірлікті айтқан болатын. Пайғамбарымыз оның жүрегіндегі иманының беріктігін 

білгендіктен бетіне басып, сөккен жоқ. 

72

 Беязизаде, Имамы Ағзам Ебу Ханифенин итикади гөрүшлери, 119-122-б 



73

 Әбу Ханифа, әл-Алим уәл-мұтааллим. 11-б.; Ибн Хазм, Әл – Фасл фил-миләл уәл-ахуа уән-

нихал баспаға дайындаған Мұхаммед Ибрахим Наср – Абдуррахман Ұмайра, Жидда 1982, 3-т., 

227-б. 


 

 

39



 

Исламның, ал Исламсыз иманның мәні жоқ. Ал дін – иман, Ислам мен 

шариғаттардың барлығына берілген ортақ атау.

74

  



Осы  мәселені  анығырақ  түсінуіміз  үшін  Әбу  Ханифаның  Жәхм 

ибн Сафуанмен әңгімесіне зер салайық.  

Бірде Жәхм Ибн Сафуан Әбу Ханифаға былай дейді: 

- Уа, Әбу Ханифа, сенімен сөйлесетін бір-екі мәселелерім бар еді. 

-  Уақытымды  босқа  өткізгім  келмейді.  Сенімен  айтысу  өз 

еркіңмен отқа түсумен тең, - дейді оған Әбу Ханифа. Сонда Жәхм:  

- Айтар сөзімді тыңдамастан, неге мен жайлы бұлай үкім бересің? 

– дейді.  

-  Сен  жайлы  небір  сөздерді  есіттім.  Меніңше,  мұсылман  адам 

бұлай сөйлемес болар. 

-  Ел  не  демейді,  жұрттың  сырттай  мен  туралы  айтқанына  сеніп 

шешім қабылдауға бола ма екен? 

- Сен жайлы айтылғандардың ел ішіне тарағаны сонша, халықтың 

білімдісі де, білімсізі де түгел естіген.  

Мен осыған қарап үкім беріп отырмын.  

-  Уа,  Әбу  Ханифа,  мен  сенен  көп  нәрсе  сұрамаймын,  тек  иман 

жайында ғана сұраймын.  

– Осы уақытқа дейін иманның не екенін білмеуші ме едің? 

- Білуін білдім ғой, бірақ аздаған күмәнім бар. 

- Байқа, иманда күмән күпірлік болып саналады.  

- Күпірліктің маған қай жақтан келгенін айтуың керек. 

- Сұра, айтайын. 

-  Біреу  Алланы  біледі.  Оның  бір  екенін,  серігі  мен  теңі 

болмағанынан хабардар. Сипаттарын таниды. Бірақ, тілімен айтпастан 

қайтыс болады. Бұл адам мұсылман болып қайтыс болды ма, жоқ әлде 

кәпір болып қайтыс болды ма? 

-  Кәпір  болды,  жүрегімен  білген  нәрсені  тілімен  айтпаған  адам 

тозақтық болады. 

- Алланы сипатымен біле тұра неге мұсылманға жатпайды? 

-  Оныңа  да  жауап  берейін.  Егер  Құранға  сенетін  болсаң, 

Құранмен жауап берейін, ал егер Құранға сенбесең, оны дәлел ретінде 

санамайтын болсаң, мұсылман еместерге бергенімдей жауап берейін.  

- Құранға сенемін, оны дәлел ретінде қабылдаймын. 

-  Олай  болса,  тыңда.  Алла  тағала  Кітабында  жүректегі  иманды 

тілмен  де  қатар  мойындау  қажеттігін  мына  аятта  білдірген:  «Олар 

Пайғамбарға түсірілгенді  тыңдағанда шындықты  танығандықтарынан 

көздерінің  жасқа  толғанын  көресің.  Олар:  «Уа,  Раббымыз!  Иман 

келтірдік,  бізді  куә  болушылардан  жаза  көр!»  -  дейді.  Аллаға,  әрі 

өзімізге  келген  шындыққа  неге  иман  келтірмейміз?  Өйткені, 

                                                             

74

 Фиқһул-акбар,11-б 



 

 

40



 

Раббымыздың игі елдермен бірге етуінен үміт етеміз. Сонда Алла 

оларға бұл айтқан сөздері үшін астарынан өзен ағатын, сол жерде 

мәңгі  болатын  бақшаларды  бағыштады.  Жақсылықты  бодауы 

осы».

75

 



Бұл  аятта  Алланы  тану  мен  қатар  тілдерімен  де  айтқандықтары 

үшін  адамдардың  жаннатқа  кіргендіктері  айтылған.  Жүректерімен 

сеніп,  тілдерімен  растап  отырғандары  үшін  мұсылмандардың 

қатарынан саналған.  

Тағы  бір  жерде  Алла  тағала:  «Біз  Аллаға,  бізге  түсірілген 

Құранға,  әрі  Ибраһим,  Исмайл,  Ысқақ,  Жақып  және 

ұрпақтарына,  Мұса  мен  Исаға  берілген  нәрселерге,  сондай-ақ, 

Раббылары  тарапынан  өзге  пайғамбарларға  берілген  нәрселерге 

иман келтірдік. Әрі олардың араларын бөлмейміз және біз Аллаға 

бойсұнғандарданбыз»  деп  айтыңдар.  Егер  олар  сендер  секілді 

сенсе, онда рас тура жол табар еді»

76

 деген.  



Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  «Лә  иләһә 

иллаллаһ» деп айтып, екі дүниеде де табысқа жетіңдер» дейді. Олай 

болса, табысқа жету  жолы, тек  Алланың сипаттарын танып қана қою 

емес,  осы  сөзді  айтуда  жатыр.  Тағы  бір  хадисінде  Алла  елшісі 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  «Кімде-кім  Алладан  басқа  тәңір  жоқ» 

десе  және  жүрегінде  де  осындай  сезім  болса,  тозақтан  құтылады» 

дейді. Яғни, Алланы таныған тозақтан шығады демейді, тілмен айтқан 

шығады дейді.  

Егер  тілмен  айту  керегі  жоқ  болып,  тек  Алланы  танып  білу 

жеткілікті  болғанда,  тілімен  Алланы  жоққа  шығарғандар  мен  Аллаға 

қарсы шыққандар жүрегімен Алланы танығаны үшін мұсылман болып 

саналар  еді.  Тіпті,  Ібіліс  шайтан  да  мұсылмандар  қатарынан  саналар 

еді.  Өйткені,  ол  Алланың  жаратушы,  жан  алушы,    қайта  жан  беруші 

Раббысы  екенін  жақсы  білетін.  «Мені  отттан  жаратқансың,  ал  оны 

(адамды)  балшықтан  жараттың»  деп  оның  жаратушы  екенін 

мойындаған.  

Кәпірлер  Алланы  танығанымен,  тілдерімен  Алланы  жоққа 

шығарды, міне, сондықтан олар мұсылман болып саналмайды.  

Бұл жалы Алла тағала: «Нәпсілері бұларды мойындағандарына 



қарамастан, оны мойындамады» 

77

деген.  



 

Алла  тағаланы  танығандарына  қарамастан,  тілдерімен  оны 

мойындамағандықтарынан  оларды  мұсылмандардан  санамаған.  Және 

Алла тағала былай дейді: «Олар Алланың бергендерін біледі, сонда 



да мойындамайды. Олардың көпшілігі кәпірлер».

78

 

                                                             

75

 «Маида» сүресі, 83-84 



76

 «Әли Имран» сүресі,84 

77

 «Нәхіл»сүресі 14 аят 



78

 «Нәхіл»сүресі 83 аят 



 

 

41



 

«Айт: Жер мен көкте рызық беруші кім? Есту мен көруге кім 

ие?  Өліден  тіріні,  тіріден  өліні  шығарушы  кім?  Барлық  істі 

жүргізуші кім?» Күмәнсіз олар «Алла» дейді».

79

 



Мойындамағандықтан  олардың  танып  білгендері  өздеріне  пайда 

бермейді. 



«Өз  ұлдарын  қалай  таныған  болса,  оны  да  тап  солай 

таниды».

80

  



Бірақ  Алланы  мойындамағандықтан,  олардың  Алланы  танып 

білгендіктері ешқандай пайда бермеді.  

Бұларды тыңдап ұғып алған Жәхм: «Маған көп нәрсе түсіндірдің, 

кейін саған тағы да келіп көкейімдегі сауалдарымды қоямын» дейді.

81

 

 



                                                         3. Тәкфир 

      Әбу  Ханифа  бойынша,  адамдар  өз  сөздеріне  қарай,  ғибадат 

түрлеріне  және  діни  рәміз  болып  табылатын  киім  киістеріне  қарай 

кәпірге  саналатын.

82

  Мүмин  екенін  айтумен  қатар,  иләһи  сипаттарды 



жоққа  шығаратын  немесе  жаратылыстардың  сипаттарына  ұқсататын, 

тағдырға 

сенбейтін, 

Құранда 


ашық 

белгіленген 

үкімдерді 

мойындамаған,  күнә  істеуді  халал  санаған  Құранның  бір  әрпін  болса 

да  мойындамаған  адам  кәпір  болып  табылады.  Алайда,  Құранды 

тәпсір  немесе  тәуил  (жорамал  жасап  түсіндіру)  жасау  арқылы  үкім 

шығаратын  немесе  Пайғамбарымызға  (саллаллаһу  алейһи  уә  сәлләм) 

тән  деп  айтылатын  хадистерде  келген  кейбір  сенім  негіздерін 

қабылдамаған адамды кәпір санауға болмайды.

83

 Әбу Ханифаның «әл-



Фиқһул-әкбар» кітабында осыған сай мынадай сөз бар: «Мейлі үлкен 

күнә істесе де, ол істеген үлкен күнәсін халал санамайынша, оны кәпір 

деп  айта  алмаймыз.  Мұсылман  деген  атты  одан  алып  тастай 

алмаймыз. Біз оны мүмін деп айтамыз». Олай болса, кәлима шәһадат 

айтып    жүрген  мұсылманның  ең  үлкен  қателігі  –  күнә  ісі  үшін 

мұсылман бауырын діннен шығарып, оны кәпір санауы.  

       Кейбір 

деректерде 

Әбу 

Ханифаның 



Құранды 

түрліше 


жорамалдаған  қарсыластарын  кәпір  санағандығы  айтылса  да,

84

  бұл 



оның  тәкфир  мәселесіндегі  кеңпейілдігі  мен  еңбектерінде  негізге 

алған байыпты ұстанымына қайшы келуде. Оған теліген бұл көзқарас 

дұрыс  болса,  кәпір  деп  атаған  адамы  үкімі  айқын  дін  негізін 

мойындамағандықтан,  осындай  үкім  берген  болуы  мүмкін.  Әбу 

Ханифа бойынша, Пайғамбарымыздың әке-шешесі кәпір күйінде емес, 

                                                             

79

 «Юнус» сүресі, 31 



80

 «Бақара» сүресі, 146 

81

 Мекки, Манақиб,1-т.,145-148-б 



82

 Әбу Ханифа, әл-Алим уәл-мутааллим, 24-б. 

83

 Әбу Ханифа, әлФықхул-әбсат, 37-38 б. Баязизаде, сонда. 105-106,149,200,278,307-б. 



84

 Ибнул-Хұмам, әл-Мүсаяра, Каир, 1317,323-324,327-б. 



 

 

42



 

кіршіксіз болмыспен өмірден озған. Тағы бір еңбектерде бұған қайшы 

көзқарас  оған  телінсе  де,  мұның  кейбір  қолжазбаларды  көшіріп  жазу 

барысында жіберілген қателерден туындағаны анықталған.

85

 

       Мына  төмендегі  оқиға  Имам  Ағзамның  иман  түсінігінің  қандай 



болғанын  көрсетеді.  Бір  күні  Әбу  Ханифа  мешітте  отырғанда  «Күнә 

жасаған  мұсылман  кәпір  болып  мәңгілік  тозаққа  түседі,  мұсылман 

саналмайды» дейтін харижиттердің

86

 бірі қаруын асынып, баса-көктеп 



Әбу Ханифаның алдына кіріп келеді де былай дейді: 

       - Мешіттің алдында екі мәйіт жатыр. Бірі арақтан өлген ер кісінікі, 

екіншісі зина жасаған әйелдікі. Жүкті болып қалғанын білгеннен кейін 

асылып қалған. Бұл екеуіне қатысты не айтасыз? 

Әбу Ханифа олардан: 

Бұл екеуі яһуди ма? – деп сұрайды. 



Жоқ, - дейді харижи. 

Христиан ба? 



Жоқ. 


Пұтқа табына ма? 

Жоқ 


Сонда қай үмбеттен? 

«Алла  тағаладан  басқа  құдай  жоқ,  Мұхаммед  оның  елшісі» 



дейтін өзіміздің мұсылман, - деп жауап берген харижитке: 

Куәлік  кәлимасы  иманның  қаншасын  құрайды?  Үштен  бірі, 



төрттен бірі, мүмкін бестен бірі шығар? - деп сұрайды. 

Иманның үштен, төрттен, бестен бірі болмайды. 



Иман біртұтас, ол бөлінбейді. 

Иманның қаншасы сонда? 



Тұтасы. 


- Ендеше, жауабын өздерің бердіңдер. Олардың мұсылман екенін 

айттыңдар  –  деп  Әбу  Ханифа  өз  ауыздарымен  олардың  мұсылман 

екенін айтқызады. Артынша жауап таба алмаған Харижиттер: 

       - Сен мұны қой. Олар жаннаттық па, әлде жәһәннәмдық па? – деп, 

Әбу Ханифаны сүріндірмек боп бастырмалай береді. 

       -  Бұл  жайында  айтарым  мынау,  -  дейді  имам  Ағзам  саспастан,  - 

Ибраһим (а.с.) бұл екеуінен де зор күнә істеген қауымы үшін Алладан: 

«Уа,  Алла  тағалам!  Маған  мойынсұнғандар  менен.  Маған  қарсы 



шыққандарға  Сен  кешірімді  әрі  рақымсдысың»

87

  -  деп  кешірім 



тілеген.  Иса  пайғамбар  (а.с.)  да:  «Уа,  Алла  тағалам!  Егер  оларды 

                                                             

85

 Әбу Ханифа, әл-Алим уәл-мутааллим, 7-б.; Ғауижи 257-258 б. Али әлҚари, Әдилләту  мүтәқади 



Әби Ханифа фи әбәуәйир-Расул, Сүлеймание кітап. Дамат Ибраһим, №298, 33а.-дан алған 

Ю.Шевки Явуз, 2-т., 150-б. 

86

  Ислам дініндегі шектен шыққан ағым 



 

87

 «Ибраһим» сүресі, 36-аят 



 

 

43



 

азапқа салсаң, олар Сенің құлдарың. Егер кешірсең, Сен мейірбан 

әрі  рақымдысың»,

88

  -  демеп  пе  еді.  Сендерге  оларды  соншама 



айыптайтындай  не  көрінді?  –  деген  екен.  Осылайша,  Әбу  Ханифа 

оларға  мәселенің  шешімін  Құран  кәрімнің  дәлелдерімен  егжей-

тегжейлі  түсіндіріп  береді.  Орынды  уәжге  жығылған  харижиттер 

қаруларын тастап, кейін қайтты.

89

 

      Тағы  бір  жолы  мынадай  оқиға  кездеседі.  Харижиттер  Сыффин 



оқиғасында  хазірет  Али  мен  Мұғауия  арасындағы  келіспеушілікке 

қатысты  қазының  берген  пәтуасымен  келіспейді.  Ал  қазының 

шешімін  қабылдаған  екі  жақты  да  үлкен  күнә  істеді  деп  санайтын. 

Омеядтар  заманында  бас  көтерген  харижи  Даххақ  ибн  Қайс  Куфа 

мешітіне  шабуыл  жасады.  Олардың  ойынша,  харижиттерден  басқа 

үкімге  разы  болған  мұсылмандардың  қанын  төгу  күнә  саналмаса 

керек.  Олар  Әбу  Ханифаның  алдына  барып  «Тәубе  ет»  дейтін 

көрінеді. Әбу Ханифа «Не үшін тәубе етуім керек» дейді. 

     -  Не  үшіні  несі?  Али  мен  Мұғауия  арасындағы  оқиғаға  берілген 

үкімге разы болғаның үшін. 

      - Мені өлтіресің бе, әлде менімен айтысасың ба? 

      - Сенімен айтысамын. 

      - Ал екеуміздің арамызда кім төрелік етеді? 

      - Қалаған адамыңды ата, - дейді харижит. 

      Әбу  Ханифа  харижиттердің  бір  адамын  шақырып  алып  айтысқа  

төрелікке қойды да, қарсыласына қарап: 

      -  Сен  осының  сөзіне  тоқтайсың  ба?  –  деп  сұрады.  Харижит  «иә» 

деген еді. Сонда Әбу Ханифа: 

      -  Міне,  сен  де  біз  құсап  төрелікке  разы  болып  отырсың,  -  дегенде 

Даххақ аузына құм құйылып, мешіттен шығып кете барған екен.

90

 

 



 

Ханафи мәзһабының ерекшелігі мен артықшылығы 

Осыдан  кейін  Ханафи  мәзһабының  басты  ерекшеліктері  мен 

артықшылығы туралы сөз қозғай аламыз. Олар мыналар:  

-  Ханафи  мәзһабы  сүннетті  жоққа  шығармайды,  оны  да  дәлел 

ретінде  қабылдайды.  Бірақ,  хадистің  бастау  алар  қайнар  көзі  болып 

есептелетін  Хижаз

91

  өңірінен  ұзақта  қалғандығы  үшін,  әрі  сол  кездері 



хадисті  ойдан  шығарушылардың  көбейгендігіне  байланысты  хадиске 

өте ұқыпты караған. 

                                                             

88

 «Маида» сүресі, 118-аят 



89

 Әбу Захра, 36-б. 

90

 Тақиуддин ибн Абдулқадир әт-Тәмими, Табақатус-сәниә фи тәрәжимилханафия, Дәрур-руфаи, 



Рияд, 1983, 1-т.., 151-152-б. 

91

 Мекке және Мәдина қаласы аймағы 



 

 

44



 

-  Ханафи  фиқһ  кітаптарының  тек  Әбу  Ханифа  емес,  сонымен 

бірге  шәкірттерінің-мужтаһид  ғалымдардың  берген  үкімдерінен  де 

құралғанын  атап  көрсеткеніміз  жөн.  Мысалы,  пайдасы  Алла 

жолында  жұмсалатын  жылжымайтын  мүлікті  егесінің  кайтып  ала 

алмауы жайындағы үкім Әбу Ханифаның емес, оның шәкірттері Имам 

Әбу  Юсуф  пен  Имам  Мұхаммедтің  пікірі  болып  табылады.  Ал  Әбу 

Ханифа  кейбір  шарттар  орындалмаса  қайтадан  алуға  болады  деген 

пікірді ұстанған. 

- Ханафи мәзһабының ерекшелігі сол шариғатқа қайшы келмейтін 

халқымыздың 

дәстүрлерінің, 

әдеп-ғұрыптарының 

барлығына 

хикметпен қарайды. 

  -  Халық  біртұтас,  ынтымағы  мен  бірлігі  күшті,  ұйымшыл 

болады.  Орта  Азия  мен  Қазақстанда  қанша  ғасырлардан  бері  діни 

алауыздықтың  болмай,  ұрыс-керіс,  дау-жанжалдан  іргесін  аулақ 

салуының  да  бірден-бір  сыры  осында.  Өйткені  құлшылық 

амалдарының бір болуы ондай жат пиғылдың тууына жол бермейді.  

-  Қазақстанда  мекендеген  халықтың  76%  ислам  діні,  Ханафи 

мәзһабын  ұстанады.  Әбу  Ханифа  мәзһабы  өзге  діни  мектептермен 

салыстырғанда 

өз 


жамағатына 

көп 


жеңілдік 

берумен, 

демократиялығымен  де  ерекшеленеді.  Біздің  жартылай  көшпелі 

халқымыздың  бұл  мәзһабты  қабылдауының  тағы  бір  себебі  -  өз 

дүниетанымы,  болмысы  мен  діліне  оның  тонның  ішкі  бауындай 

жақындығында.  

 

-  Әбу  Ханифа  фиқһ 



ілімінің  түрлі  тармақтарға 

жүйеленген  негізін  қалап 

оны  алғаш  жинақтаған 

адам.  Одан  бұрын  бұл 

іспен 

ешкім 


айналыспаған. 

Өйткені 


сахабалар  мен  табиундар 

шариғат 


негіздерін 

баптарға  бөлмеген  әрі 

арнайы  кітап  жазбаған.  Олар  түйсік,  ақыл  құдіреттеріне  сенетін. 

Олардан кейін Әбу Ханифа білімнің жүйеленбегенін көріп, әрі кейбір 

ағымдардың  теріс  пиғылдарынан  мұсылмандарды  сақтандыру 

мақсатында  олардың  даңғыл  болашағы  –  мәзһаб  жолын  салды.  Осы 

себепке байланысты Әбу Ханифа фикһты жинақтап, оларды баптарға 

бөлді. Кітап түрінде бөлім-бөлімге бөліп жазды. «Китабу Тахараттан» 

(Тазалық) бастап мұсылмандардың тыныс тіршілігін толық қамтитын 

заңдар жүйесін түзді. 



 

 

 

45



 

Құрметті оқырман! 

 Біздің  басты  мақсатымыз  –  халқымыздың  жүрегін  біліммен 

нұрландырып,  жанына  иман  гүлін  егіп,  рухани  байлығын  одан  да 

арттыра  түсу  үшін  адамгершілікке  тән  қасиеттерге  жетелейтін, 

әділдікті,  шындықты,  адалдықты  уағыздайтын,  елін,  халқын  сүюге 

тәрбиелейтін, басқа ұлт, басқа діндерге құрметпен қарайтын, ең жақсы 

әдеп-ғұрыптарды  уағыздайтын  Ислам  дінінің  құндылықтарын 

сауаттылық  әрі  парасаттылықпен  насихаттау  болды.  Біз  еңбектендік, 

Сіз  оқып  шықтыңыз,  ендігі  таңдау  өзіңізде!  Біз  сіздің  дұрыс  таңдау 

жасайтыныңызға сенеміз. Біз Имам Ағзам бағытын таңдадық. Біз өмір 

сүріп жатқан  қазақ  елінің сексен  пайызы  осы  жолда.  Сіздің  де  біздің 

қатарымыздан  табылытыныңызға  сенімдіміз.  Өйткені  бұл  мектепті 

ата-бабаларымыз  ұстанған.  Егер  көз  жеткізгің  келсе  ұлтыңның 

тарихын ақтарып оқып көр. Бұл да ғылым ЖОЛЫ  –  Имам  Ағзамның 

жолы, Ханафи мәзһабы. 

         Бірлік  пен  ынтымақ  әр  адам  үшін  маңызды.  Сенің  бейбіт 

өмірде  ұрыс-керіссіз,  қан-төгізсіз  бақытты  өмір  сүргің  келеді, 

бауырларыңның,  балаларыңның  бақытты  болғанын  қалайсың.  Тек 

сенің емес, тура жолдағы адамзаттың тілеуі солай. Сондықтан да әлем 

мұсылмандарының жартысынан астамы осы мәзһабты ұстанады. 

 Әр  қазақ  үшін  тәуелсіздіктің  жөні  бөлек,  оның  баянды  болуы 

Сенімен  Менің  қолымда.  Тұтастықты  дау  мен  алауыздық  бұзады. 

Менікі  дұрыс,  -дегеннен  ізденіп,  оқып  зерттеп  барып,  Біздікі  дұрыс 

деген  әлдеқайда  жақсы  емес  пе?  Ендеше  біздің  қатарымызға  қосыл! 

Біз  көппіз,  біз  бір-бірімізге  тек  жақсылық  пен  татулық  тілейміз! 

Мұндай көркем мінезге жету үшін таңдауды дұрыс жасау керек! Ата-

бабамыздың  қанына  сіңген  бұл  ұстаным,  оның  өз  дүние  танымы, 

болмысымен тонның ішкі бауындай араласып кеткен.  

 

МЕН ӨЗ ТАҢДАУЫМДЫ ЖАСАДЫМ!  



ОЛ – ИМАМ АҒЗАМ ЖОЛЫ. 

 

Сенің  де  осы  жолды  таңдайтыныңа  сенімдімін.  Өйткені  біз үшін 



өзіміздің,  отбасымыздың,  еліміздің  ынтымағы  мен  бірлігі,  нұрға 

шомылған бейбіт өмірі бәрінен қымбат. Біз көп болғанды қалаймыз! 

Ал,  егер  сен  түсінбейтін  жағдайлар  болса,  бізге  хабарласуыңа 

болады.  Біз  білгенімізді  өзгемен  бөлісуге  әрқашан  дайынбыз!  Біз  – 

Қазақстан мұсылмандарымыз! 

Сіз,  мәзһабтар  және  Әбу  Ханифа  мәзһабы  жайлы  кеңірек 

мәліметтерді, мына төмендегі әдебиеттерден де пайдалана аласыз.  

 

 

 


 

 

46



 

Ханафи мәзһабы бойынша намаз оқу үлгісі: 

 

 

          

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Еліміздегі мұсылман азаматтар Ханафи бағыты бойынша бес 



уақат намазын осы үлгіде оқиды. 

 

 

47



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.  Әбсаттар  Қажы  Дербісәлі,  Ұлық  Имам  –  Имам  Ағзам  Әбу  Ханифа,  –

Алматы: Көкжиек баспасы, 2007 ж. 

2. Алау Әділбаев, Шәмшат Әділбаева., Әбу Ханифа және Ханафи мәзһабы, –

Алматы: Көкжиек баспасы, 2012 ж. 

3.  А.  Төлегенов,  Ислам  атын  жамылған  кері  ағымдар,  –  Алматы:  Эфир  – 

Медиа баспасы, 2012 ж. 

4. Кенжетай Д, Қазақ мұсылман ғұламалары. – Шымкент: Яссауи, 2009 ж. 

5.  ҚМДБ  ОҚО  өкілдігі,  Мәзһаб  ұстанудың  қажеттілігі,  –  Шымкент:  Азиат 

баспасы, 2010 ж. 

6. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 

жылғы  14  желтоқсанда  Қазақстан  халқына  арнаған  «Қазақстан  –  2050» 

стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы. 

7.  Әлеуметтік  бастамалар  орталығы,  Ханафи  мазхабының  дәлелі  әлсіз  деп 

кімдер айтады?,  – Шымкент: DCP баспасы, 2012 ж. 

8.  Хизметли  С.,  Орта  Азия  Түрік  елдеріндегі  зиянды  ағымдар  және   

миссионерлік, – Алматы: Эверо баспасы,  2006 ж. 

9. Қайрат Жолдыбайұлы, Дін мен Діл, –Алматы: «Ислам мәдениеті мен 

білімін қолдау қоры», 2010. 

10. Қайрат Иса. Хадистер және түсінігі. – Алматы: Шапағат-Нұр, 2004 ж. 

11. Байсопы Б. Исламдағы мазхабтар туралы түсінік. –Алматы: АСТ 

Полиграф, 2007 ж. 

12. Хизметли С. Ислам мәзһабтері тарихы. –Алматы: АСТ Полиграфиясы, 

2010. 


13. Имам Ағзам. Алла Тағаланың 99 көркем есімі.–Алматы: Халифа Алтай 

Қоры, 1997. 

14. Исаұлы М., Жолдыбайұлы Қ. Ислам ғылымхалы – Алматы. «Ислам 

мәдениеті мен білімін қолдау қоры», 2010. 

15. «Ханафи мәзһабы – Қазақстан  мұсылмандарының рухани мұрасы» атты 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Шымкент қаласы, 

2012 жыл. 

16. Имам Ағзам Әбу Ханифаның өмірі мен өнегелі өсиеттері, түрік тілінен 

қазақшаға аударған Қаракөз Әбдірашид, – Шымкент: Алтын алқа баспасы, 2007 

ж. 


17.  «Имам  Ағзам  Әбу  Ханифа  мәзһабы  және  қазіргі  заман»  атты  ғылыми-

тәжірибелік  конференция  материалдары.  Алматы  қаласы,  «Атамұра»  баспасы, 

2009 жыл. 

18. И. Сейтбеков, Иман негіздері. – Алматы: Дәуір, 2011ж. 

19. А.Әділбаев, Ш.Әділбаева, Әбу Ханифа және Ханафи мәзһабы, Алматы қ. 

Көкжиек баспасы. 2012 жыл. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

48



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырыс № 1. Таралымы 8000 дана 

Кітап «Нұр-капитал»  ЖШС баспаханасында басылды 

Шымкент қаласы, Оспанов көшесі, н/ү  



 

Жеке сайты: centre-uko.kz 

Байланыс телефондары: 36-54-47 

Электронды пошта: csi_uko_kz@mail.ru  

Сенім телефоны: 36 54 49 

8771 050 13 03 

Әлеуметтік бастамалар орталығының мекен-жайы: Шымкент қаласы,  

Мәделі қожа көшесі, н/с 5 қабат, 3 одақ, 510 кабинет 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет