Южно-Казахстанский Университет имени М.Ауэзова 160012, Республика Казахстан, г.Шымкент, ул.Тауке-Хана, 5 www.ukgu.kzhttp://tp.ukgu.kz/ru
Жоспар 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім 3.Мың шейіт жайлы аңыз 4.Қорытынды Оңтүстік Қазақстан облысында киелі жерлер көп. Қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенесі осы аймақта орналасқан. Мәселен, Арыстан баб кесенесі жанында емдік қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар десе, түркі халықтары Түркістан қаласын екінші Мекке ретінде санайды. Ал, Сайрам ауылындағы ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші Қарашаш ана кесенесі Қожа Ахмет Ясауидің анасына арнап салынған. Сондай-ақ, осы ауданда Ибраһим ата кесенесі бар. XI ғасырда Сайрам ислам дінін тарату ошағы болды. Мұнда көптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Ал Түркістан қаласындағы 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі XIX ғасырдың соңына қарай тарихи-мәдени мұра ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеле бастағаны мәлім. Өңірдің әр ауданында аңыз болып тараған әулие-әмбиелер жатқан жерлер мен ескерткіш, кесенелер де жетерлік. Өңірде сонымен қатар табиғаты тамаша көрікті жерлер мен аңыз ретінде танылған киелі орындар да бар. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылының маңындағы «Мың шейіт» атты әулиелі мекен жайлы аңыз көп. Көнеден жеткен аңыздардың бір парасына құлақ түрсек, Хазіреті Осман Зунираинның ұлы Шахи Жалил Түркістан аймағына Ислам дінін таратуға келген көрінеді. Ол әзиз пайғамбарымыз Мұхаммедтен кейінгі қасиетті кісілердің бірі болған көрінеді. Ол кезде бұл аймақта Ислам дінінің таралмаған уағы. Шахи Жалил осы аймақтың жергілікті халқымен соғысып, басым бөлігін ислам дініне кіргізеді. Сол кезде осы аймақта хандық құрған Ухшит жеңіліп Ислам дінін қабылдайды. Бірақ ол шын көңілімен адал ниетімен кірмеген екен. Хан Ухшит Шахи Жалилді сендіру үшін өз қызын әйелдікке береді. Ханның қызы Шахи Жалилдің әйелі Ислам дініне шын көңілімен кірген. Ухшит Шахи Жалилді қалай қолға түсірудің жолын іздейді. Ухшиттің мақсаты мұсылмандардың қай кезде қылыштарын тастайтынын қызы арқылы біліп алу болған екен. Аңғал әйел Шахи Жалилден сұрап намаз уақытында ғана қылыш ұстамайтынын біліп әкесіне жеткізеді. Бұл хабарды естіген Ухшит хан мұсылмандарға қарсы астыртын әрекетке кіріседі. Өз қызы мұны байқап қалып, күйеуі Шахи Жалилге айтып береді. Бұл хабарды естіген Шахи Жалил қатты ойланады, шаршап қалғып кеткен кезінде түсіне пайғамбарымыз Мұхаммед кіреді. Пайғамбарымыз оған түсінде «Намазды бұзбаңдар, намазды бұзсаңдар қиямет күнінде ешбір шапағат қылмаймын» дейді. Ертеңіне мұсылмандар намазға тұра бастағанда Шахи Жалил имамға «бүгін қауіпті жағдай болғалы тұр. Намазға қысқа сүре оқыңыз» дейді. Имам сүренің ең кішісі «Иннә аттаинаны» оқимын деп аузына «Иннә Фатахна» түсіп кетіпті. Бұл ұзақ аяттардың бірі болатын. Имам оны оқып бітіргенше Ухшиттің адамдары намазда тұрған көп мұсылмандарды шауып өлтіреді. Алдыңғы екі сап мұсылман қалғанда намаз бітеді. Тірі қалғандары сыртқа шығып үлгереді. Қалмақ қызы Шахи Жалилдің әйелі істеген айыбын мойнына алып, сол жерде өлгендерді жерлейді. Тірі қалған мұсылмандар 60-70-тей ғана. Олар қасық қаны қалғанша қалмақтармен соғысыпты. Бір мұсылман сол жерде үңгірде қаза болыпты. Ол жердің аты бүгінде «Су үңгір» деп аталады. Тағы бірі сол жерге таяу Керегетас деген жерде қаза болады. Бір топ мұсылман Сайрам ауданына қарасты қазіргі Абдул абад деген жерде ажал құшады. Ал, қалғаны Қарамұрт елдімекеніне таяу көз жұмған көрінеді. Ухшиттің қызы қасында қалған екі-үш мұсылманмен Меккеге келеді. Дін басыларға болған жайтты баяндап береді. Сонда босанып ұлды болады. Баласы 18-ге толғанда әскер жиып шешесімен әкесі шейіт болған жерге келеді. Ол кезде Ухшит хан тірі еді. Бала нағашы атасын қылышымен шауып өлтіреді. Бірге келген 80 мың жасағымен қалмақтарды елден азат етіп көбісін мұсылман дініне кіргізеді. Осы аймаққа Ислам дінін орнатып Меккеге табан тірепті делінеді. Бұл оқиғаның өткеніне Хижра жыл санауы бойынша 1250-1300 жыл шамасында делінеді.
Бұл жерге бүгінде «Мың шейіт» деген атау берілген. Сайрам су өзеніне таяу маңда орын тепкен. Шейіт болғандарды жерлеген мазарат пен мешіттің арасын өзен суы бөліп тұр. Коммунистік партияның қылышынан қаны тамып тұрған кезінде Ұзынарық ауылының тұрғыны Молберген Жамалбеков осы мешіттің негізін қалаған. Аяқасты болып тозып кеткен жерді қалпына келтіреді. Күндіз істеуге мүмкіндік жоқ, тек түнде жұрт көзінен тасаланып келіп айналасын қоршап, бау-бақша отырғызады. 1996 жылы басына өз қаражатымен мешіт тұрғызған. Бұл тарих Сайрам, Мың шейіт, Түркістан тарихынан алынған делінеді. Негізінде «Мың шейіт» деп аталғанымен бұл жерде 6 мың адам шейіт болған деседі. 70-і ғана тірі қалған көрінеді. Олардың барлығы қылыш, найзасы мен сауыт, сайманымен қойылған. Мұның тарихын Молберген қария Пошатай және Ыбырайымхан деген кісілердің аузынан жазып алған екен. Екеуі де бертін келе 100-ге жетіп қайтыс болыпты. Бүгінде өз ауылынан мешіт соғып, әкесінің атын беріп жатқандар көп. Алайда тарихқа құрмет көрсетіп, басын қарайтып, елдің игілігі үшін мешіт салушылардың қарасы аз. Осы өңірдегі ең ғажайып тарихтың бір парасы «Мың шейіт»-ке мешіт салып, тарихымызды түгендеп, ата-бабаларымыздың алдындағы парызын өтеп, кейінгі ұрпаққа үлгі көрсеткен Молберген қарияға алғыс айтушылар көп.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тарихи-мәдени маңызға ие 1281 ескерткіш есепке алынған. Солардың ішінен жұмыс тобы 100 қасиетті ескерткішті қарастыруға енгізді. Енді осы санды қайтадан түзету туралы тапсырма қойылып отыр, бірақ біз өз ескерткіштерімізді қорғап қалғымыз келеді. Берік Әбдіғалиұлы ескерткіштерге қандай талап, қандай факторлар қоюымыз қажеттігін айтып берді. Тарихшылар мен өлкетанушылар сұрақтарын қойып, экспедициялардың болу-болмауын сұрады, жобаның діни құрамдауыштары туралы да айтылдыбарлық сұрақтарға орталық директоры егжей-тегжейлі жауап берді. Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі киелі жерлердің тізімін жасау бойынша жұмыстар әлі де жалғаса береді.