Оңтүстік Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы


Tuicne менің ақындығыма —



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата09.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#8651
1   2
 

Tuicne менің ақындығыма — 

Қacuemіме киелі! 

Нәзіктеу жаным, жақын-ды мұңға

Көзсіздігіңе күйемін. 

Tipecemiн қазір күйде ме ек тегі, 

Жоқтай-ақ басқа түк қайғы, 

 

 

Kүйeңдi жақпа күйгелектеніп, 



Aппаққа  қара жұқпайды! 

...Сыйластық, - тұмар, 

Жоғалтпас болар. 

Түңілгенім де түк емес, 

Аққуға тосын оқ атпас болар — 

 

Kueci оның жібермес! - дейтін жолдары ішкі терең толқыныс, 

тегеурінді  тербелістен  туғандығы  сезіледі.  Өлеңнің  басында 

эмоцияға  берілгендей  болып,  артынша  салқын  ақылға  иек  артады, 

онысы жарасымды да. Сезім күшін, лікіп келген ойын түйдек-түйдек 

сөздермен төгіп-төгіп жібереді. Жаны аққу адамға epіксіз жаныңыз 

ашиды. Ақын кейіпкерімен біpгe жүрегіңіз  шым етеді - қиянатқа ма, 

жалаға  ма,  әйтеуір  біp  жағымсыздыққа  жаныңыз  қарсы  болып 

шыға келеді іштей. Осы өлеңді жазу үшін қаншама қуат керек болды 

екен деп те ойлайсыз. Кейде бip өлеңді бip деммен, леппен жазылған 

екен  дейтініміз  де  бар.  Онымен  біз  өлеңнің  органикалық 

тұтастығын білдіретін болуымыз керек. Осы өлең басталғаннан-ақ 

оның өн бойынан ширығып естілетін діріл, ең соңғы нүктесіне дейін 

үздігіп,  уілдеген  қалпында  ілecin  отырады.  Әр  жолы  ақын  жүргінің 

лүпілін сездіріп, сөйлеп тұрады. 

Ақынның  қай  өлеңін  оқып  қарасаңыз  да  ақ  пен  қараның,  ізгілік 

пен  зұлымдықтың,  қараулық  пен  қайырымдылықтың,  адалдық  пен 

арамдықтың,  аңғалдық  пен  қулықтың  бітісnec  тартысын,  өмірдің 

шуағы мен көлеңкесіне куә болғандай күй кешесіз. Бірде күн шуағына 

шомылғандай,  бірде  ызғар  соққандай  түршігесіз.  Өйткені,  өлеңнің 

аржағында  мөлдіреп  қарап,Өмір  тұр,  Ал,  өмір  күрес  пен  тартысқа 

толы.  «Өмір-  жыр»  бөлiмiндeгi  өлеңдер  осы  секілді  туындылармен 

баурайды. 

 

Мен - ақ қырау қыспын, 

Аздан соң өтіп кететін, 

Жаным - ақ қар, аспаннан түстім. 

Әлден соң еріп кететін, 

Мен ақ қармын, сиқыр - күшпін, 

Қас-қағым ғұмырдың 

 рахат, қайғысын іштім. 

...Сіз көрген түспін, 

Сұп-суық ерінім, 

 

 

Мұз-кұрсау үстім –  



Мен бөбегі қыстың... 

Кара лай ақ қарға жұқпайды, 

Кара түс ақ түсті ұқпайды, 

Жоқ дейсің ақ қыста түк қайғы — 

Ақ қарды ешкім де ұқпайды... 

 

Өлеңнің ішінде ақ қардың үстінде қызыл қанға боялып жатқан 

Анна Каренина апасы да жүр... Осы өлеңнің астарында, аржағында 

тағы да бір кұпия кұбылыс, бәлкім өмір тұр. Оны әрі қарай аршып, 

қолымен  ұстап  көру  оқырманға  қызық.  Ынтызарлық  осы  жерден 

басталады.  Автор  оны  оқырманына  олжа  етіп  қалдырады. 

Айтарыңды  тұспалдап  жеткізу,  аржағын-шешімін  оқырманның  өз 

еркіне қалдыру... Биік деңгейдегі әдебиеттің мұраты бұл. 

Қардың  қыздай,  қыздың  қардай  мұңаюы,  уайымы,  шағынуы, 

осынша  пәк,  нәзік,  таза  дүниелер  неге  сонша  мұңайды  екен,  неден 

торықты  екен  деген  ой  еріксіз  мазалайды  жаныңды.  Ой  тереңіне 

сүңгітіп  жібереді.  Бұл  жерде  эпитет  те,  параллелизм  де  жүр. 

Көркемдік  құралдар  тиісінше  мол  пайдаланылады.  Өйткені  олар 

өлеңнің ойнауына қызмет етіп тұрады. «Бала бұлт», «Шықтың әні» 

деген өлеңдері осы дәрежедегі шығармалар. 

Жинақтың  ажарын  ашып  тұрған  «Алматы  -  тағдырым», 

«Имаш  аға  Алматыға  келгенде»  атты  өлеңдері  де  көңіл  аударар 

көркем  өлеңдер.  Әдетте  ақынның  әкімқараларға  өлең  арнауы 

қаламгерлер  тарапынан  айып  саналып  жатады.  Бұл  жерде  автор 

«Жақсының  жақсылығын  айт,  нұры  тасысын»  деген  принципке 

сүйенген секілді.  Өзі сол қалалық әкімдік аппаратында қызмет істеп 

жүруінің  әсері  болған  болуы  керек:  «Алматының  аспаны 

ашылғандай,  күннен  күміс  нұр  шашу  шашылғандай...»  деп  төгіліп 

кеткені.  Қазақ  елінің  қамын  жеп  жүрген  ағасының  келгеніне  ақын 

қарындасының  бөркін  атып,  қуанған  Алматы  жұртшылығының 

атынан  жыр  шашуын  шашып,  ақ  ниетін  ақжарма  жырға 

айналдырғанының несі айып? Өлең нысанаға дөп тиіп, төгіліп тұр. 

  

Өмірім-өзімдікі, 

қалай сүремін - өзім білемін. 

Өлеңім өзімдікі, 

қалай құрамын Өзім білемін. 

Қатем де өзімдікі, 

 

 

жіберген жерім болса. 



Оны да өзім білем – 

сүрінген жерім болса. 

Мұңым да өзімдікі – 

жүрегім көтеретін. 

Жүгім де өзімдікі 

иығым көтеретін. 

Жеңісім, жеңілісім,  

өрісім өзімдікі –  

Әлеммен келісімім, 

келіспеу - менің ісім. 

Қайғым да өзімдікі — 

қайықпен өтіп кетем. 

...Сүйемін кімді өмірде –  

Оны  рас,  өзім  білем!  –  деп  жырлайтын  ақын 

қыздың  өмірдегі  де,  өлеңдегі  де  өрлігі  мен  екі  сөйлемейтін  бір 

беткейлігі мен мұңдалайды. Бұл - ақындық кредо! 

К.  Маркстің  «Капиталы»:  «Кім  не  десе  о  десін,  ал,  сен  өз 

жолыңмен жүре бер» - деп басталмаушы ма еді. Ол бізге үлгі емес, 

десек те үлкен ақындық жол да осылай бастала ма кім білсін... 

Б. Бекетова - ұлттық нақышы анық, бояуы қанық ақын. Оның 

қазақтың  дәстүрлі  өлең  үлгісінен  нәр-нақыш  алып,  оны  мазмұн  мен 

түр  және  көркемдік  жағынан  үлкен  деңгейдегі  әдебиет  үpдicтepi 

элементтермен байытып, түрлі көркем компоненттерді қолдануға 

талпынатыны да құптарлық. Оған «Қошқар мүйіз оюым, жыр 

-  сырмаққа  салатын»,  «Аспан  мүлгір  түннен  киіп  түнікке»,  «Бір 

қолымда — қазаным» т.б. көптеген өлеңдері куә. 

Автордың  қолына  қалам  алып,  әдебиет  айдынына  желкен 

жайған  жылдары  еліміздің  егемендігін  алып,  тәуелсіздігіне  қолы 

жетіп  жатқан  өтпелі  кез  болатын,  қоғамдағы  кұбылыстарға  үн 

қоса отырып, ол өзінің ұлттық позициясын айқындайды. 

 

 «Байрағым байы аспанда» өлеңінде: 

Өліара бұл да өтеді, 

Тарихтың өзі саралар. 

Мұратқа елім жетеді – 

Адастырмайтын Ағалар. 

Тулайды қаны қазақ деп, 

Ұйқысын сол деп төрт бөлген. 

 

 

Азаттық жолда азап көп –  



Қара нар дерсің көтерген. 

Жазамыз тарих беттерін, 

Өшпестей қашап тастарға. 

...Ел көші Күнге беттеді, 

Байрағым  байы  аспанда.  –  дейді  иландыңыз  ғой. 

Ертеңгі күнге  ақынның  өзі  де  сенеді, жұртты  да  сендіреді.  Алдағы 

күннен үміт таңы жарқырап атып келе жатқандай болады, осыған 

сенесің.  Бұл  өлең  тоқсан  үшінші  жылдары  жазылған,  жақсы 

болғасын автор жанынан тастамай, осы кітапқа да ендірген болуы 

керек. 

Гетенің  «Чтобы  узнать  поэта,  нужно  поезжать  туда,  где он 

родился  и  вырос.»  деген  сезі  бар.  Өз  басым  осы  кітапты  оқу 

барысында  автордың  туған  елі  мен  кідік  қаны  тамған  жерін  көз 

алдыма елестетіп отырдым десем, артық болмас. 

Оған  «Туған  далам  -  ақ  бесік»,  «Көлбастау  -  кекемнің 

жайлауы»,  «Боралдайдың  бойында»,  «Сәмбі  тал»  деген  жырлары 

куә. 

 «Келбастау  -  кекемнің  жайлауында»:  Анаммен  суға  баратын 

еді,  Отынға  ағаш  жаратын  еді,  Мойнына  кезек  мінгізіп  бізді, 

Ойнатып солай алатын еді... Шәмшінің әнін салатын еді, - Қанаты 

құстың талатын еді, Жиылып жастар ақсүйек ойнап, Жігіті  жүзік 

салатын еді, ...Таң да атып лезде қалатын еді 

Бұл  жолдарды  оқығанда  көзге  алыс,  көңілге  таныс  сурет  сана 

түпкірінде қайта жаңғырып, оянады. Жазира жайлаудың суреті көз 

алдыңа  келеді.  Қиыннан  қиыстырам  деп  қиналмайды.  Осы  өлеңнің 

кұрылымы күрделі емес, бірақ өлең өз-өзінен төгіліп, құйылып тұр. 

Б.Бекетова  тәуелсіз    елдің  тәуелсіз  ой  қаламгерлер 

қатарындағы  толқынның  өкілі.  Сол  бір  тұс  расында  да  еліміздің 

тәуелсіздігін  баянды  етуде  әдебиеттің  арқалаған  жүгі  аз  болмап 

еді. Өліара тұста ұлттық бояуы неғұрлым қанық шығармалар өте-

мөте қажет болғанын осы толқын жақсы түсінді. Соның бірі - осы 

автор. 

Ақынның,  тағы  бір  ерекшелігі,  ол  көптеген  «измдерге» 

соқтықпай,  өз  жолымен,  қазақтың  қара  өлеңінің  ізімен  таудан 

бастау алған тума бұлақтай сылдырап ағып, «Қошқар мүйіз оюым», 

«Аспан  мүлгір  түннен  киіп  түніке»,  «Мен,  мен  -  мөлдір  шық  едім, 

Судан  таза,  қардан  аппақ  жүрегім,  сол  жүректен  мөлдіртамшы 

үземін», «Сұлулығы суыған әлемде, иілдім, сынбай, майыстым, келін - 

 

 

ғұмырды  өткердім,  Ақ  сүттей  екен  Ай  іштім,  көкейін  тесіп 



көктемнің»  деп  жырлай  бepіnті.  Ұлттық  нақышы  басым  осындай 

өлеңдер  адамның  тынысын  ашып,  жансарайыңды  кеңітіп  сала 

бергендей  болады.  Жалпы,  осы  өлеңдерді  оқып  отырып,  бастау 

көзінен  тастай  су  ішкендей,  таңғы  шықта  жалаңаяқ  жүргендей, 

қазір жауатын жауынның иісін  сезінгендей боласыз.. 

Өлеңдердің  көркемдік  жағына  келсек,  тосын  теңеулер  мен 

эпитеттерді  де  аз  кездестірмейсіз.  Мәселен,  «сұлулықты 

суындыруы», «сүттей айды сіміріп ішу», «көктемнің көкейін тecyi» - 

бәpi-бәpi  көркемдік    құралдардың  орынды  қолданылуы  eкі  шумақ 

өлеңге жан бітіріпin, астар-астар ой жүгін артып тұр. Сондықтан 

да олар көркем дүниелер. 

Жүрегіңді суырып ала жаздап, табиғатпен астасып жататын 

апасына  деген  сағынышқа  толы  өлеңінде:  «Ауылға  біздің  күз  келді 

апа,  сағындыңыз  ба  біздерді  апа,  Сары  желек  жамылған  теректі 

анау,  Жол  қарап  жүрген  Cіз  дедім,  апа!  Десе,  «Ұзап  барады  таң 

нұрым... Жолын бөгеме жаңбырым, тырналар тізбегі  - тағдырым», 

«Жетім  күздің  өкcin-өкcin  жылағаны  болмаса»,  «Tүcінin  аялар  түн 

мені» деп адамды әpi-cәpi күйге түcipeді. Ал мұндай өлеңдер ақында 

баршылық. 

Автордың әcipece, махаббат лирикасы тұшымды, тұп- тұнық: 

мөп-мелдір  сезімге  бай,  ойға  терең.  Ойларын  кейде  майдан  қыл 

суырғандай  етіп,  кейде  шынайы  сезімді  қасиеттеп,  соншалық 

астарлап  жеткізуге  кұштар.  «Құс  қанатындағы  хат»,  «Мен  сені 

сағынғанда»,  «Сүю  мен  сүймеу»,  «Лашын  ба  едің?»,  «Жайықтан 

өтер  қайық  жоқ»  секілді  өлеңдері  жаныңды  тербеп,  не  түрлі  тәті 

сезімдерге  бөлейді.  Бұл  тақырып  —  бөлек  әңгіменің  желісі.  Оның 

бәрін талдап жатуға көлем кетермейді және ол міндет те емес. 

Баянның  кітабын  оқып  отырып,  түйгенім,  ол  орыс,  батыс, 

шығыс  әдебиетінен  сусындаған  сауатты  ақын.  Әcipece,  әйел 

жанының терең иірімдерін ашуда Анна Ахматова, Марина Цветаева 

секілді  орыс  классиктерінің  поэзия  үрдістерін  меңгергені,  қазақтың 

дәстүрлі  қара  өлеңінен  тәлім  алғаны  тайға  таңба  басқандай 

білінеді. Ең бастысы, Баян - ақын, өз әлемі бар қызықты оқылатын 

өз заманының ақыны десем, артық айтқандық емес шығар. 

Қорыта 

айтарым, 

әдебиет 

атты 

қасиетті 

әлемге 

жауындатып,  дауылдатып,  сырнайлатып  келмей-ақ,  өзінің  тұнық 

лирикасымен жыр сүйер кауымның жүрегіне жылы ұялап, кәдімгідей 

елеңдеп  іздейтін  ақынға  айналған,  өмірге  деген  көзқарасы 

 

 

қалыптасып,  өлеңдегі  өзіндік  қолтаңбасын  айқындаған  ақын 



қызымыздың әлі бағындырар биігі алда дегіміз келеді. Өйткені оның 

өлеңдегі, шығармашылықтағы потенциалы мол. 

Оңтүстікте көктемде жиденің гүлдеген кезін көргеніңіз бар ма 

еді? 

Сары  гүлі  гүл  төгіп,  жұпар  шашқанда,  ауаға  аңқытып  иісмай 

сеуіп жібергендей иісі танауды жарып, керемет күйге белейді. Осы 

жинақты  оқып  отырып,  оңтүстіктің  жидесінің  жұпар  шашқан 

кезіне тап болғандай күй кештім. 

Енді бұл жиденің жемісі жылдар еншісінде дейік. 

 

"Әдебиет айдыны ” 2006 жыл, 28 желтоқсан №51 (97) 

 

 

 

РАФАЭЛЬ НИЯЗБЕКОВ 

Шешенстанның мемлекеттік және ҚЖО-ның 

Илияс Жансүгіров атындағы сыйлықтардың 

лауреаты, қабырғалы ақын  

 

 

 

Ақынның желкен көтерген ақ 

кемесі 

 

Әдетте әлемге айдын асырған үлкен әдебиеттің айдыны бетін 

дауыл  сапырып,  бұйра  жел  толқындарын  көкке  атып,  буырқанып 

жатады.  Оған  желкен  керіп,  кеме  салғанның  бәрі  бірдей  межелі 

жерден  шыға  бермейді.  Жағадан  ұзаған  бойда  кемесінің  желкенін 

жел қиып, одан әрі толқын жарып жүзе алмай пұшайман халде кері 

қайтатындары  көп  болады.  Ал  өз  бағасын  білмейтін  кейбір 

өлермендер кейін қайтқысы келмей әдебиеттің өгей баласы атанып, 

ар-ұятын белге түйіп, қара көбейтіп жүре береді. 

Бірақ сонда да айдынға салған ақ кемесі өрге жүзіп, елі күткен 

биіктен  туы  желбіреп,  жарқырап  көpінiп  жүрген  қабырғалы 

қаламгерлер де аз емес. Туған елдің  рухына суарылып, өлең өлкесінен 

өз  өрісін  тауып,  жүрек  нұрына  қалам  малып,сезім  қылын  шертіп, 

мөлдіретіп жыр жазып жүрген тұнық ойлы ақындарымыздың бірі - 

елу  жасқа  толып,  егеулі  найзаның  ұшына  айнала  білген  Баян 

Бекетова. 

 

 

Менің  бұл  сезімді  біреулер  артық  көріп,  қыз  бала  ешуақытта 



егеулі найзаның ұшы бола алмайды деуі мүмкін. Бірақ, кім қалай десе 

де,  мен  бұл  сөзді  ойланбай,  толғанбай  айтып  отырған  жоқпын. 

Өйткені  халықтың  үйіне  айналып,  мұңын  жоқтап,  сөзін  сөйлейтін 

және өзінің әйел екенін ұмытпай ұлтқа тұтқа болатын ұл туатын 

жатыры  жұпар  ақын  ана  әр  қашанда  намысын  биік  ұстап,  бір 

қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен. 

Ендеше Баянның бойында да сондай ізгі қасиет жоқ емес. Оның 

бұлқынған жүрегінен тұла бойыңа қызулы қан тарап, жан дүниеңді 

сілкіндіріп,  жігеріңді  танитын  өжет  өлеңдер  тулап  тумаса 

Махамбеттің  рухын  бойына  сіңіріп  өсіп,  өзі  де  алдаспанға  айнала 

білген  көкбөрі  мінез  ақын  Фариза  апайы:  «Баян  Бекетованың 

өлеңдеріндегі  шындықтың  шыңғырған  ащы  айқайы  өлең  түсінетін, 

поэзияны  іздеп  оқитын  адамды  жалт  қаратады»  деп  оның, 

талантын жоғары бағалап, кітабына алғы сөз жазбас едік. Бірақ ол 

бұны  Баянның  бойында  бұлқынған  ақындық  қуаттың  тасқынын 

аңдап барып жазғаны анық-ты. 

 

Мият көріп көңілдің гүлзар бағын, 

Ақ желкен боп айдында жүзді арманым 

Саусақтарым дірілдеп ұсынамын, 

Өлеңімнің  қып-қызыл  қызғалдағын,  -  деп  қазақ 

поэзиясының  киелі  табалдырығын қол-аяғы  дірілдеп  ибалы  аттаған 

ақын қыз бұл күндері талантын жылдар жаныған үлкен қаламгерге 

айналған.  Оның  оқушы  қауымға  ұсынған  «Үмітім  менің», 

«Жалғыздық»,  «Сәмбі  тал»,  «Көлбастау»,  «Мен  сені  сағынғанда» 

сияқты  өлең  кітаптарын,  Қазақстандағы  жаңа  поэзия  айдарымен 

жарық  көрген  «Күміс  күйме»  кітабына  енген  топтамасын,  орыс 

тіліне аударылып, «Мадонны Турана» антологиясына енген комақты 

туындыларын  кұнарлы  топырақта  тамыр  байлап,  көктеп  өсіп, 

жапырақ  жайып  жайқалып,  гүлдері  жұпар  атқан  жиде 

ағаштарына теңеуге болады. 

Баянның  ақындығы  хақында  Халық  жазушысы  Қадыр  Мырза 

Әлі  бірде:  «Баян  Бекетова  —  өзіңмен  сырласып,  бар  шындығын 

алдыңа  жайып  салатын  ақ  жарма,  талантты  ақын.  Оны 

оқырманымен  жақындастыра  түсетін  қасиеті  де  осы  ақкөңіл  - 

адалдығы,  иненің  жасуындай  жасандылығы  жоқ  шынайлылығы 

болса  керек.  Нені  жырласа  да  жанымен  беріліп  жырлап,  айтайын 

 

 

деген ойын сезіміне құндақтап, жып-жылы етіп ұсынуы - ақынның 



айқын ерекшелігі» деп ағынан жарылып газетке жазып еді. 

Қадыр  аға  -  ұлттың  ұлы  ақыны.  Ол  кісі  өмірде  ойланбай 

сөйлеген емес. Ендеше оның бұл сөзіне сенбеске шара қайсы? 

Қолына алғаш қалам ұстаған қай ақын да өзінің творчестволық 

өмір  жолын  туған  анасын,  туған  ауылын,  туған  жерін  жырлаудан 

бастайды.  Бірақ  Баян  туған  анасына  арман  қуып,  қалаға  аттанып 

бара жатқанда өлең арнаған сияқты. 

 

Көз ұшында бұлдырап сағым ұшқан, 

Бал шағында кектемнің сабылысқан, 

Қанатымен қаздардың ораламын, 

Сәби жүрек елжіреп сағыныштан. 

 

Баян  бұл  өлең  жолдары  арқылы  көз  ұшында  бұлдырап  сағым 

ұшып,  көктемнің  сабылысқан  бал  шағында  сағынып,  қаңқылдаған 

қаздардың  қанатында  қалықтап  анасына  оралатынын  суреттеген. 

Ал өлеңді одан әpi оқығанда ақынның қандай көңіл күйде оралатына 

көзің  жетеді.  «Өлең  болып  оралам,  апа,  саған,  Тағынғанда  қып-

қызыл қырлар гүлін» деп жүрек сырын ақтарады. Бұл - оның сертке 

ұстап шыққан семсер cөзі болатын. 

Десек  те  «Ана»,  «Анаға  сыр»,  «Күз.  Анам  және  Мен»  атты 

өлеңдері жүрек тербейді. 

 

Ұшырсаң алыс - балапаныңа сенгендік, 

Құдіретің - ана, көтеріп алар жерден тік! 

Өмірдің асау толқыныменен жүзгенде, 

Адалдығыңды кемеме тіктім желкен ғып.  

Болса да туыс, ағайын-тума жанашыр, 

Орының да бөлек, жөнің де белек жаны асыл, 

Өзіңнен артық таппадым мынау жалғанда,  

Жаныммен жалғас, қамқорым, жаным - Анашым! 

 

Деп  анасын  ардақтайды,  тебіренеді  және  оқырманын 

тебipeндіредi.  Ана  құдіретін  әр  ақын  өзінше  жырлайды  десек,  Баян 

соның шынайы үлгісіндей, қай ақын осылай жазып еді! 

Халқының  сенімі,  батылы  сөз  айтқан  аға-апаларының  сенімін 

ақтауға ұмтылған ақын кітаптан кітапқа өcin, тақырып аясын да 

 

 

кеңіте  түсті.  «Жалғыздық»  атты  жыр  жинағында  жас  ақын 



махаббат, жастық, арман, шынайы 

сүйіспеншілік  тұрғысында  тереңнен  толғаса,  «Көлбастауда» 

туған  ел,  жер,  атамұраға  адалдық,  халқының  рухани  кұндылықтар 

—  тілі  мен  ділі  турасында  толғанды.  Қазақтың  көрнекті, 

қабырғалы ақыны М. Әлімбай: «Қазақтың ұлынан қызы айтқыш деп, 

айтушы ем, соны Баян қызыма да каратып айтқым кеп отыр. Көп 

өлеңдері әнге сұранып тұр екен», деп өлeңдepiн әдемі талдаған екен. 

Ән  демекші,  ақынның  15  шақты  өлеңіне  ән  жазылып,  қазіргі 

заманның  рухани  айналымына  түсіп  кеткен.  Ән  сұранысына 

айналған,  әнсүйер  жұртшылық,  әсіресе,  жастар  оны  бізден  жақсы 

біледі.  Радиодан  жиі  беріліп  жүрген  өлеңдеріне  жазылған  әндерді 

өзім де тыңдап жүретінім рас. 

Ақын  —  ұлттың  ұяты,  халықтың  намысы.  Тұла  бойына 

халықтың намысын сіңіріп, жүрегіне ұлттың ұятын ұялатып өскен 

ақын қай кезде де, қандай жағдайда да көздеген мақсатына жетпей 

тынбайды. Ендеше Баян алған бетінен қайтпай талмай ізденіп, ұзақ 

жылдар  бойы  жемісті  еңбек  етіп,  ақырында  елі  күткен  биіктен 

көрініп,  көңілінің  көктуын  желбіретіп,  туған  ауылына,  жолын 

тосып,  сағыныштан  сарылып  сарғайған  ақ  жаулықты  анасына 

жаңа  заманның,  буы  бұрқыраған  жаңа  өлең  боп  оралса,  сайып 

келгенде, бұның өзі ұят пен намыстың арқасы болатын. Егер Баянда 

ұят  пен  намыс  болмаса  талант  көзін  ашып,  қара  өлеңнің  жолына 

қол  созып,  арманына  жете  алмас  еді.  Міне,  соның  арқасында 

әдебиет  айдынына  кеме  салып,  желкен  кетеріп,  алысқа  жол 

тартқаны баршаға аян. 

Бірақ  оның  ақ  кемесі  дауыл  тудырған  таудай  толқындарға 

төтеп бере алмай орта жолдан қайқайып қалмай, қайқайып жүзген 

бойы  көңілі  діттеген  жасыл  жағалауға  жетіп,  айдын  асырып 

тұрады  деген  сеніміміз  мол.  Өйткені,  оның  бүгінгі  күнге  дейін 

қалаған  негізгі  мықты  -  жазған-сызғандары,  шығармалары  халық 

игілігіне - рухани азыққа айналуда, толқын-толқын студент-жастар 

ақынның өлеңдерін өздерінің кештерінде махаббат, жастық жайлы 

жырларын  жатқа  оқитынын  өз  ауыздарынан  талай  рет  естіп  те 

жүрміз. 

Ол  80  жылдары  келген  үркердей  тегеурінді  талантты 

ақындардың  ортасында  бірге  өсіп,  бірге  жазып  үзеңгі  қағыстырып 

келеді.  Бұл  толқын  тәуелсіздік  алған  тұста  келді  де,  бұрынғыша 

жазуға  болмайтынын  терең  түсініп,  әрқайсысы  өз  жолын  іздеп, 

 

 

түрлі  эксперименттерге  барды,  өз-өзін  әдемі  тапқандары  да  бар. 



Бұл  ақынның  да  а  өз  заманының  ақыны  аталуының,  өз-өзін 

табуының  түпкі  себебі  сонда.  Оны  бүгінгі  әдебиет  тарихынан 

қайткен күнде де сызып тастай алмайсың. Осы жуықта ҚазПУ-де 

өткен  ақынның  шығармашылық  кешінде  қабырғалы  ақын 

А.Нысаналин:  «Егер  Б.Бекетованың  поэзиясын  қазақ  әдебиетінен 

өшіріп тастаса, орыны үңірейіп қалар еді,» - деген пікір айтуы тегін 

емес. 

Оқушы  қауымға  жастайынан-ақ,  нәзікте  шыншыл,  табиғи  да 

шынайы  өлеңдерінен  жақсы  танылып,  ерекше  көрінген  Баян 

тұрмысқа  шығып,  отау  тіккен  соң  да  поэзиядан  қол  үзіп,  қазан-

ошақтың маңында қарайып қалып қоймады. Қайта: «Бір қолымда  - 

қаламым,  бір  қолымда  -  қазаным»  деп  өзі  шырағын  жаққан 

отбасынан  жылылық  тауып,  түлеп  сала  берді.  Сүйіп  қосылған 

жұбайының  қасында  жұпар  иісі  бұрқырап,  баянды  жыр  жазып, 

кітаптан  соң,  кітап  шығарып,  талабын  ұштай  түсті,  оның 

шығармашылығының деңгейі өсіп отырды. 

Қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған  алтын  заманда  өмір 

сүрсе  де  қайшылыққа  толы  мына  жалған  дүниеде  жүріп  жырлап 

тұрған қай ақынның көзі көк мұнар мұңнан қашан арылып көріп еді. 

Соған  қарағанда  ақындар  мұңнан  жаралған  секілді.  Ақынның  көзі 

мұңнан  арылған  күні  көңілінен  жыр  қашады.  Сондықтан  да  оның 

өлеңінің кезінде  мөп-мелдір  мұң тұнып  тұрады. Өйткені  ол  жұмыр 

жердің  бүтіндігін  ойлап,  туған  елдің  болашағына  алаңдап,  беймаза 

күйде  ғұмыр  кешеді.  Баянның  ұлы  Абайға  абызша  мұң  шағып: 

«Ертегі емес әлемімнің ертеңіне алаңмын» деп күйзеліп жыр жазуы, 

міне, содан. 

 

Кірпіш болып дүниеге келіп еді қаланғым, 

Мансапқордың иттеріне шиедей боп таландым.  

Ала-кұла етіп жатыр пиғылын, пенденің 

Астан-кестен соққан желі заманның. 

 

Оның  кейіпкері  атынан  баяндалған  ақынның  осы  өлең 

жолдарында бүгінгі қазақ халқының ауыр тұрмысы, өмірде өз орнын 

тауып,  «дүниеге  кірпіш  боп  қалана  алмай»  сарсылған  қара  көз 

жастардың  қасіреті,  «астан-кестен  соққан  заман  желі»  

адамдарды  ала-кұла  етіп,  пиғылын  бұзып,  ниетін  тарылтып, 

 

 

тоздырып  бара  жатқаны  тайға  таңба  басқандай  айқын  көрініп 



тұрған жоқ па? 

Өлең:  «Алып  көлде  қалтылдаған  қайығы,  жолға  шығып  жоқ 

іздеген  балаңмын»  деген  жолдармен  бітеді.  Сонда  жарық  әлемнің 

ертеңіне алаңдаған ақынның іздеген жоғы не? Ол - әлемдік, адалдық, 

хақтың жолы болуы мүмкін. Беймаза көңіл жоқ іздеп жолға шықты! 

Мүмкін,  ол  іздеген  жоқ,  мүлдем  жоқ  шығар...  Әділдік  жоқ  жерде 

қараулық  күшейіп,  Адалдық  қолжаулыққа  айналып,  қор  болатынын 

жақсы  біледі.  Өйткені  бүкіл  адамзат  баласы,  Баянның  өзі 

жырлағандай, сұлулығы суыған әлемде өмір сүріп отыр. 

 

«Сұлулығы суыған әлемде 

 Иілдім, сынбай майыстым, 

Келін - ғұмырды өткердім, 

Ақ сүттей екен, Ай іштім, 

Көкейін тесіп көктемнің,» - деп жырлайды.  

Қорғансыз қаламгер қыз, жел өтінде, суық қоғамның ызғарынан 

денесі түршігіп тұр, оның қиындығы мен мойнына артқан жүгі нәзік 

иығын талдырып, майыстырады, иіледі, бірақ, сынбайды... Не деген 

өміршеңдік!  Өмірге-өлеңге  ғашықтық,  сұлулыққа    кұштарлық!  

Қолына қалам ұстаған ақын қыздың өмірлік кредосы-осы! Жігерлілік, 

қайсарлық!. Бұл –сәмбі талдың бойында бар қасиет. Осы тал қыздай 

талдырмаш майысқан, сырт көркі сұлу, өзі өміршең тал, су бойында 

өседі,  суды  сүйеді.  Оны  қанша  рет  отап  тастаса  да,  бұталарын 

қамшының сабы үшін кесіп алса да, немесе, малдар мүжіп сындырып 

кетсе  де  қайта  көктеп  шығып,  көбейе  береді  өміршең,  сұлулығын 

сақтайды. 

Көктемде 

үлпілдетіп 

үкі 

байлайды, 

жасыл 

жапырақтарын 

жаяды, 

өмір 

жалғасады... 

Ақын 

өзің 

шығармашылық  ғұмырын  тұспалмен  осы  талға  теңеп  отыр. 

Ұтымды, әдемі-ақ. 

 

...Сымбаты едім сынықтың, 

Мәңгілік жасыл ғұмырмын, 

Тұмаға тамған тұнықтың – 

 Тілімен өлең төгілдім, 

Ал,сен құштарлығыма құнықтың... 

 

Алтынның сынығы дейміз ғой, сол сынықтың сымбатымын, бұл 

жерде  іші  асылдардың  сынығымын,  сондықтан  да  ғұмырым  - 

 

 

мәңгілік! 



Тамшы 

тілімен 

сөйлеймін, 

сондықтан 

сендер 

құштарсыңдар  маған,  дейді  Асылы,  өлеңнің  мұраты  -  не  нәрсені 

жырлағанда  да,  тұспалдап,  меңзеп,  жұмбақтап,  көркемдік 

компоненттерін қоюлап, сезімге орап жеткізу емес пе... Сондықтан 

да ол - поэзия! 

Жалпы  «Сәмбі  тал»  деп  аталатын  осы  аттас  кітабы,  оның 

беташарындағы  осы  екі    шумақ  өлең  сол  бір  өтпелі  қиын  кезеңде 

қолына  қалам  ұстап,  әдебиетке  келген  бүтін  бір  толқынның,  оның 

ішінде  қаламгер  қыздың  басындағы  тағдыр-талайын  меңзейді.. 

Қанша  жас  қалам  осы  ауыртпалыққа  шыдамай  морт  кетті, 

десеңізші... 

Ақынның:  «Түстігіме  бұрылсам  -  көзді  аштырмас  ақ  боран, 

құбылаға  қарасам  -  шұбырынды  ақ  табан»  деп  күңіреніп, 

Желтоқсандағы  сұмдықты  суреттейді.  Осы  өлеңдегі  «...Түу 

түкпірде  көрінеді  тақты  адам,  тақты  адам  ба,  атты  адам  ба 

білмедім,  ал,  тырнағы  ұзын  екен,  көздерінде  сары  жалын,  сол 

жалыннан  болады  екен  ажалың...»  -  дейді  Бұл  -  Колбин!  Түкпірінде 

көзінен жалын атып, жезтырнағымен жастарды бүргелі отыр... 

 

...Бүгін міне, тына қапты сол алаң

Ал, түсімде дауыл көрем бораған, 

Табыт көрем қасат қарға ораған, 

Сықыр-сықыр келіп қалған сол ма деп, 

Сол  суықты  қуып  жүрем  қорадан...  деп  келетін 

өлеңі  сол  жылдары  газет  жүлдесін  алып,  Республика  Сарайынан 

оқылғаны да оқырманның, есінде болар. 

Нағыз  ақын  -  қоғамның  тамыршысы.  Қай  тұстан  қандай 

кеселдің,  қай  тұстан  қандай  қатердің  төнгелі  тұрғанын  қоғамның 

тамыр  соғысынан  сезіп,туған  елін  сақтандырып,  кеудесінің 

бозторғайы  шырылдап  қоя  береді.  Ендеше  сұлулығы  суыған  мына 

жарық әлемде ақында қайдан маза болсын. Дүниенің қабағын бағып, 

ертеңгі күнге алаңдап, беймаза күй кешеді. 

 

Әжем айтты: «балалар заман ақыр, 

Жер бетіне жылжып шын келе жатыр.  

Цивилизация адамы аждаhа боп, 

Өзін-өзі жұтады қара да тұр». 

Сұмдық қауіп төніп тұр ғаламыма: 

Сумаңдайды суық ой ала-құла. 

 

 

Жер үстінен жоғалып күллі адамзат, 



Әлем демін адамсыз алады ма? 

  

Олай  болса  акынның:  «Жер  үстінен  жоғалып  күллі  адамзат, 

әлем  демін  адамсыз  алады  ма?»  деп  жұрттан  бұрын  дабыл 

қағатыны  қалай?  Өйткені  қару  асынған  Қараулық  күшейіп,  бүткіл 

дүбірлі  дүние  саяси  ойындардан  басы  айналып,  мең-зең  боп  тұрған 

қaзipгi тұста адам қолымен жасалып жатқан зұлымдықтың бәрі ең 

алдымен  ақын  жүрегіне  соқпай  өтпейді.  Сосын  жұртты 

сақтандырып, шырқырамай қайтеді?! 

Еліміз    егемендік    алып,  тәуелсіз  мемлекет  болғалы  қазақ 

қаламгерлерінің  тынысы  кең  ашылып,  қоғамда  болып  жатқан 

құбылыстарға  жіті  үңіліп,  ұлттық  бояуы  неғұрлым  қанық 

шығармалар  жазуға  талпынып,  жаңа  әдебиеттің  негізін  қалауға 

қызу кipicin кеттi. Солардың бipi тағы да — Баян Бекетова. 

Оның  бip  ерекшелігі  -қазipгi  қоғамның  жанға  жайсыз  келеңсіз 

көріністерін,  қазақ  тілінің  бағы  жанбай  тұншығып  жатқанын, 

жастардың  мәңгүрттеніп,  жат  тілде  шүлдіреп  жүргенін, 

ұлтымыздың  әлі  күнге  дейін  құлдық  психолгиядан  арыла  алмай 

ұлтсызданып  бара  жатқанын  жазғанда  қорықпай,  әлдекімге 

жалтақтамай  батыл  қалам  тербейтіндігі.  Асылы  жүрегі  ашық, 

иманы таза ақын ғана шындықты айтудан жасқанбайды. 

Әдетте  тілі  мен  діні  айдың,  күннің  аманында  айбарлы  сұс 

танытып, қорғай алмай мүсәпір күйге түcipгeн бейшара елді қай көк 

атты  басынбаған.  Ұлтының  кім  екенін  ит  біле  ме,  Владимир 

Hүcinxaнов  деген  жолбике  бipey  «Известия»  газетінің  «Изветия 

Казахстана»  деп  аталатын  қосымшасында  «Дайте  Казахскому 

языку  спокойно  умереть»  деген  мақала  жазып:  «Этот  язык  всегда 

был языком кухни, застольев и айтысов. Мы давно отрубили корень 

этого  языка»  деп  сандырақтаған  жоқ  па?  Бұл  -  қайдағы  бip  көк 

аттының басынып, басқа шыққаны емей немене?! 

Сонда  қалай?  Қазіpгi  қоғамда  қасиетті  қазақ  тілінің 

тағдырынан  гөpi  оған  оқ  атқан  Нүсіпханов  сияқты  жолбикелердің 

cөзi  пәрменді  болғаны  ма?  Бұған  қалай  күйінбейсің?  Бұған  қалай 

шамданбайсың? Бұған қалай ашуланбайсың? Баянның «Туған тілім—

тірлігім» деген өлеңін оқысаңыз бipaз жайтқа көзіңіз жетеді. 

 

Тілім, ділім -тірлігм, арым, барым, 

Жанға жара кей кезде жаңылғаным... 

 

 

Сені мүкіс еткенше мәңгүрт болып, 



Неге осы орнымда жарылмадым. 

Елдігімді сақтаған nipiм менің, 

Қасиетіңе бас иіn, жүгінгенім. 

Жүрегімді беймезгіл шаншытады — 

Tipi тұрып, қайтадан «тірілгенің»?! 

Ғасырларды келесің көшіп аман, 

Керуен мен қазына, көшің аман... 

Тасалардан тас атқан тақуалар

Мен оларды қалайша кешіре алам... 

Осы тілмен жырларын жазып Абай, 

Ел тағдырын шешті ғой қазы талай. 

Осы тілмен от шайнап, жалын жұтсам, 

 Жүрегімнің жетпейді назы қалай? 

 

Абай  жазған  өлеңдер  бүкіл  әлемнің  мәртебелі  поэзиясына 

қосылған теңдесі жоқ асыл мұра болса, сол асыл мұраны тудырып, 

ғасырлар  биігіне  көтеруге  жараған  кұнарлы  қазақ  тілi  қaзipгi 

тәуелсіз  ел  атанған  тұста  төрден  орын  тимей  көрінгенге  көз 

түрткі боп босағаға шығып қалғаны қалай? 

Жау  төнгенде  егеулі  найзаға  айналып,  дау  төнгенде  семсер 

сөзге айналып, ел тағдырын шешуге жараған қазақтың  шешен тілі 

ендігі  мезетте  неге  керексіз  боп  қалды?  Көкірегінен  рухы  қашып, 

сағы сынып,  жігері құм  болған ел болмасақ бұған, сірә, төзуге бола 

ма?! 

Баян,  міне,  осындай  ащы  шындықты  айтпай  тұра  алмайды. 

«Қыз  ерлігі  қырғында  көрінеді  демекші,  ол  сол  өжет  мінезімен  де 

жұртқа ұнай білген ақын. Оның өлеңінде мөлдіреп өмір тұрады... 

Б.Бекетова  Алматы  қалалық  әкімшілігі  Тіл  басқармасында. 

Мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту бөлімінің бөлім бастығы 

қызметін  атқарып  жүрген  соң  өзінің  ана  тілін  ардақ  тұтып, 

тағдырына  ара  түсіп,  көптеген  өлеңдер  жазған.  Оның  «Ана  тілін 

еңіретіп  -  есікте»  деген  өлеңі  батыл  жазылуымен  шоқтықты 

көрінеді.  Әсіресе:  «Ана  тілін  аңыратып  есікте  -  ас  ішеміз  алтын 

аяқпен»  деген  жолдарды  оқығанда  тілін,  дінін,  ділін  босағада 

телміртіп, өздері төрге жайбарақат жайғасып, алтын ыдыспен ас 

ішіп,  алаңсыз  отырған  тоғышар  қауымның  азғын  бейнесі  көзіңе 

елестеп,  жүрегің  суынып,  көңілің  құлазып  сала  береді.  Ілешала: 

«Кеудесінде  арыстан  ақырып,  жолбарыс  тулап  жататын  алтын 

 

 

басты  ақылды  азаматтар  көп  болғанда  ана  тіліміз    сығалап  қор 



болмас  еді  деп  пұшайман  хал  кешіп,  сарсылатының  және  өтірік  

емес. 

 

Бақыт қонып, тасынатын кезімде, 

Шаттық болып шашылатын кезімде, 

Бұлақ болып ашылатын кезімде, 

Жақұттайын жарқырайтын кезімде 

Мен мұңайдым, 

Неге

 

Баянның  кеудесін  шаттық  кернеп,  жарқылдайтын  кезінде 

жанарын  мұң  торлап,  мұңаятыны  қалай?  Мұқалмай  қайтеді  -  сұм 

заманның сұрқай зауалы туған елін іштен іріп, тулақтай тоздырып 

бара жатса. Оның: 

«Кебенек  еттің  ұлымды,  Көбелек  қылдың  қызымды», 

«Жарылып  кете  жаздап  бір,  Жүрегім  шаншып,  сыздайды»  деп 

шыбын жаны пайыз таппай шырқырайтыны, міне, содан. 

Б.Бекетова  өзінің  бір  өлеңінде:  «Сөзден  семсер  тағынып, 

Өлеңнен  сауыт  киінем»  деп  жазыпты.  Сондықтан  болар,  оның  көп 

өлеңдерінде ақ пен қара, адалдық пен арамдық, ізгілік  пен зұлымдық, 

жақсылық, пен жамандық, қасиет пен қасірет, аңғалдық пен қулық, 

қайырымдылық  бітіспей  өзара  майдандасып  жатады.  Қысқасы 

оның,  қаламынан  туған  туындылар  түгелдей  күрес  пен  тартысқа 

толы өмірге құрылған. Оқыған кісіні бей-жай қалдырып көрген емес. 

Баян  уақыт  тудырған  қайшылықтарды,  түрлі  саяси, 

әлеуметтік  мәселелердің  халықтың  жанын  мазалаған  түйткілдерді 

батыл да байыпты жырласа, ал махаббат тақырыбына ойысқанда 

жүрегін  адалдықтың  нұрына  малып,  көкірегін  ағындаған  сәулеге 

толтырып,  таңғы  шықтай  таза  мөлдір  сезіммен  жырлайды. 

Сенбейсіз бе? 

Ендеше оқып көріңіз. 

 

Бұлалықпен ұқпаппын кезінде мен, 

Көк телефон шырылы безілдеген. 

Жөргектеп сәбидей шырқыраған 

Жан дауысың екен ғой мені іздеген... 

 

 

Осы  жолдарды  оқығанда  ағысты  қиял  кешіп,  мына  жарық 



жалғанда  сәбидей  шырқырап,  мені  іздейтін  жан  бар  ма  екен  деп 

сезімге берілетінің даусыз. 

 

Еркелет мені, бағала шыңды: 

Шашымнан сипа жел болып

Сағынып келсең шағала сынды 

Қарсы алам айдын көл болып. 

 

Па,  шіркін!  Шағаладай  шарқұрып  сағынып  жеткен  ғашығын 

айдын көл боп қарсы алатын асыл жардың адал сөзі ары таза кімнің 

жүрегін тебірентпейді. 

 

Жасыл-жасыл дүние, жасыл бәрі, 

Жасыл тауға Күн шығар асылғалы. 

Жасыл отқа жанып бір бара жатқан, 

Мені жоғалтып алмашы қасыңдағы. 

 

Бұл - Баянның жұбайына айтқан жан сыры болса, сол арқылы 

«ақыныңды  жоғалтып  алма»  деп  туған  еліне  де  аманат  айтып 

тұрғандай. 

Халықаралық  «Алаш»  әдеби  сыйлығының  иегері,  Халықаралық 

Түркі  поэзиясы  мүшәйрасының,  лауреаты,  көптеген  жыр 

мүшәйрасының  жүлдегері,  ақын  Баян  Бекетованы  туған  елі 

ешуақытта  жоғалтпақ  емес.  Әне,  оның  желкен  көрген  ақ  кемесі 

үлкен әдебиеттің шалқар айдынында бір биікті бетке алып, толқын 

жарып,  жүзіп  барады.  Сапары  ұзақ  болғай  деп  тілек  айтып,  сөз 

соңын  Баянға  арнап  жазған  «Ақсәуленің  ішінен  сені  керем»  деген 

өлеңмен аяқтағым келеді. 

 

Бойға жиып қуатын жер-көктегі, 

Сені  туған қазақтың келбетті елі. 

Мүмкін келген шығарсың бұл өмірге, 

Қара өлеңмен әлемді тербеткелі 

Самал ескен, сәуле ескен қанатынан, 

Көңіліңде тұма көп дара тұнған. 

Сенсің, сірә, өлеңнің ақ Баяны – 

Таңның әппақ, нұрынан жаратылған. 

Қара жерге қалтырап қақ тұнатын 

 

 

Кезде мынау ер бар ма бақ куатын. 



Жырлап келе жатырсың айдыныңды, 

Ел ішінде атанып аққу ақын. 

Боз жусанын суарған құба белдің, 

Сарқылмайды жалғанда бұлағы елдің. 

 

Құлагер жыр кеудеңде кісінейді, 

Естілгенде дүбірі Құлагердің. 

Дүниенің қабағы суынғалы

Заман кімді оңдырған құбылмалы. 

Калың қауым бүгінде сені іздейді  

Шуағына жырыңның жылынғалы. 

Қарай білген кісінің қабағына, 

Қыздың бәрі өзіңдей саналы ма. 

Ақсәуленің ішінен сені көрем, 

Үңілгенде жырыңның жанарына. 

 

Шабытыңды шалғыдай шыңдап алып, 

Қаламыңды жыр жаздың нұрға малып. 

Биігіне сені әлі көтереді, 

Бір Алатау кеудеңде тұлғаланып. 

 

 

 

 

ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА 

 

Қазақстан Республикасының ақыны, 

Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 

 

 

 

 

АҚЫН – ҰЛТТЫҢ БАЙЛЫҒЫ 

 Ол  ұрпақтарды  рухани  қоректендіріп,  адамгершілік  пен 

шынайылықтың,  әділеттілік  пен  адалдықтың  негізін  қалайды. 

Баянның  ағынан  жарылып  жазған  жырлары  терең  тамырлы 

ұлтымыздың рухани азығына айналады деп сенемін. 

 

 

 

 

 

 

 



АЯН НЫСАНАЛИН 

Қазақстан Жазушылар одығының сыйлығының 

иегері   

 

  

 

   

Егер Баян Бекетова қазақ поэзиясында жоқ 

болса, оның орыны үңірейіп, білініп қалар еді...  Бұл не деген сөз. Бұл 

– Баянның әдебиетте орыны бар деген сөз. 

 

 

 

ТЕМІРХАН МЕДЕТБЕК 

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын  

 

 

 

   

Б.Бекетова – өмірдің жарығы мен күнгейін, 

зұлымдық пен ізгілік, ақ пен қара, адалдық пен аярлықтың тартысын  

бар жан-тәнімен жырлап келе жатқан өз заманының үлкен ақыны, 

деп баға берді.  

 

 

 

ЕСЕНҒАЛИ РАУШАНОВ 

Ақын,Халықаралық «Алаш» сыйлығының 

лауреаты 

 

 

 

 

Аллах-тағалаһ    бір  адамға  екі  бақты  бірден 

сыйлай салуы мүмкін емес, деп жатады. Бірақ Аллаһ осы екі бақты 

Баянның  бір    басына  беріпті.  Біріншісі  мыңнан  бірге    ғана 

бұйыратын  жан сұлулығы – ақындық!  

Екіншісі – Баянға берген табиғи сұлулық – ажарлы келбет пен 

түр  сымбат.  Талай  бозбаланың  жүрегін  қозғап,  қиялына    қанат 

байлататын тән сұлулығы. Осы сұлулықтардың қадіріне жетіп, өзі 

бар кезде бағалап жүрсе ғой елі мен жұрты.    

 

 

 

Баян Бекетова онлайнда 

 

Баян Бекетова — Уикипедия, Қазақша Ашық Энциклопедия 



kk.wikipedia

.

Баян_Бекетова  

 

Баян Бекетова 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек 



ауылында  дүниеге  келген.  ҚазМУ-дің  журналистика  факультетін 

1984 жылы бітірген. 

 

Бекетова Баян Кадирбаевна (Алматы/Алма-Ата) - личная ... 



         spravkaru.net/peoples   

 



Бекетова Баян - Әдебиет порталы 

www.adebiportal.kz/authors/beketova-bayan

 



Бекетова Баян 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек 

ауылында дүниеге келген. ҚазМУдің журналистика факультетін 1984 

жылы бітірген. 

 



Ақын болу бағым ба, азабым ба?  «Ана тілі» Ұлт газеті 

anatili.kz  

 



Баян БЕКЕТОВА - ЖАС АЛАШ - zhasalash.kz | Руханият ... 

Ақын  болу  бағым  ба,  азабым  ба?  АҚ  МАРЖАН.  (немесе  Көгершiн 

боп  кеткенмiн).  Қоштасып  ек,  жанардан  жақұт  құлап,.  Жұбатты  кеп 

ақ .. zhasalash.kz/ruhaniyat 

 

Бір әннің тарихы: Ақмаржан (Көгершін болып кеткенмін ... 



aitaber.kz  

 



Ақмаржан  әнінің  сөзін  жазған  ақын  Баян  Бекетова;  Осы  кезге 

дейін  алты  кітабым  жарық  көрді.  Он  сегіз  өлеңім  әнге  айналды. 

1990ж.

 

aitaber.kz 



 

ақын  Баян  БЕКЕТОВА:  Поэзиядағы  тегеурiндi  толқынның 



алдыңғы  легiнде  келе  жатқан  Халықаралық  «Алаш»  сыйлығының 

лауреаты, халықаралық II ...

 

ontustik.gov 

 



Ақын Баян Бекетова студенттермен кездеседі 

www.kaznu.kz 

 



«ҚАЛАМГЕР:  ҚАЗАҚ  ПОЭЗИЯСЫНЫҢ  АНТОЛОГИЯСЫ». 

Баян  Бекетова  ...  «ҚАЛАМГЕР:  ҚАЗАҚ  ПОЭЗИЯСЫНЫҢ 

АНТОЛОГИЯСЫ». Баян Бекетова ... kazradio.kaztrk.kz 

 



Бекетова Баян - Қаламгер 

Баян  Бекетова  1960  жылы  20  каңтарда  Бәйдібек  ауданы  "Боралдай" 

ауылында  туған.  Орта  мектептен  соң  Қазақ  Мемлекеттік 

университетінің ... kalamger-uko.kz  

 

Баян БЕКЕТОВА: Өлең жазу деген – сұлулыққа іңкәрлік 



 

 

9  сәуірде  Оңтүстік  Қазақстан  әкімдігінің  шақыруымен  Шымкент 



қаласында 

халықаралық 

«Алаш» 

сыйлығының 



лауреаты, 

халықаралық ІІ Түркі поэзиясы ... old.aikyn.kz 

 

Ақұштап Бақтыгереева, ақын: Ол мені аяйтын, мен оны ...  



Сіздерден  кейін  қазақ  поэзиясында  Баян          Бекетова        

kitap.kz/suqbat/entry/ 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ 

1. ОҚЫРМАНҒА ..........................................................2 

2. ӨМІРДЕРЕК..............................................................3 

3. БАЯН БЕКЕТОВАНЫҢ КІТАПТАРЫ.....................6 

4. БЕКЕТОВА СӨЗІНЕ ӘН ЖАЗЫЛҒАН                       

ӨЛЕҢДЕР......................................................................7 

5. БАСПАСӨЗ БЕТТЕРІНЕН.......................................8 

6. БЕКЕТОВА БАЯН ТУРАЛЫ ЛЕБІЗДЕР................10 

7. БЕКЕТОВА БАЯН ОНЛАЙНДА..............................30 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет