Оѕтїстік ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Мақсаты: Студенттерді айдау және ректификация процестерінің теориялық негіздерімен. 3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ



бет37/50
Дата16.10.2023
өлшемі7,98 Mb.
#115580
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
2. Мақсаты: Студенттерді айдау және ректификация процестерінің теориялық негіздерімен.


3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:

  1. Айдау

  2. Бинарлы қоспаның фазалық теңдігі.

  3. Қарапайым айдаудың материалдық балансы

Айдау және ректификация - гомогенді сұйық қоспаны сұйық және бу фазалар арасында құрамдастарымен бір немесе көп рет алмастыру арқылы бөлу. Олар құрамдастарының ұшқыштығы бір температурада әртүрлі болатынына негізделген.


Айдау және ректификациялау алғашқы сұйық қоспа дистиллятқа , жеңіл ұшатын құрамдасқа байыған, және кубтық қалдыққа, қиын ұшатын құрамдасқа байыған, бөлінеді.
Қарапайым айдау процесі деп гомогенді сұйық қоспаны бір рет буландыру және түзілген буды конденсациялау арқылы бөлуді айтамыз. Құрамдастарының ұшқыштығы әлдеқайда әртүрлі қоспаларды бөлуге қолданылады.
Бинарлы қоспаны айдағанда түзілетін бу құрамында жеңілұшатын немесе төменқайнайтын (ТҚ) құрамдастың концентрациясы алғашқы қоспа концентрациясынан жоғары болады. Буланбай қалған сұйық құрамында, сәйкесінше, қиынұшатын немесе жоғарықайнайтын (ЖҚ) құрамдас көп болады. Бұл сұйық қалдық деп аталады, ал буды конденсациялау арқылы алынған сұйықты дистиллят деп атайды.
Соңғы өнім құрамын әртүрлі етіп алуға арналған қарапайым айдауды фракциялық айдау деп атаймыз.
Бинарлы қоспаның фазалық теңдігі Егер қоспа екі құрамдастан тұрса (К=2) және олардың арасында химиялық әрекеттер жүрмесе, онда сұйық және бу фазалар бар кездефазалар саны Ф=2. Фзалар ережесіне сәйкес, бұл жүйенің еркіндік дәрежесі
С=К+2-Ф=2+2-2=2
Сұйық – бу бинарлы қоспасын физикалық – химиялық сипаттау үшін фазалық диаграммаларды қолданған ыңғайлы.
Идеал қоспалар Рауль және Дальтон заңдарына бағынады. Рауль заңына сәйкес теңдік жағдайда әр құрамдастың үлес қысымы, мысалы ТҚ А құрамдастың үлес қысымы Р* А, осы құрамдастың сұйық қоспадағы молдік еншісіне ХА тура пропорционал.
А және В құрамдастардан тұратын бинарлы қоспа үшін Рауль заңы бойынша:
Р* АА ∙ХА
және Р* ВВ ∙ ХВВ(1-ХА) (1)
Р* А – теңдік жағдайдағы құрамдастың үлес қысымы; ХА - құрамдастың молдік еншісі;
РА таза құрамдастың қаныққан буының қысымы.
Осымен бірге Дальтон заңы бойынша ерітінді будың жалпы қысымы оның құрамдастарының үлес қысымдарының қосындысына тең.
Р= Р* А * В = РАХА + РВ(1-ХА)
Рауль және Дальтон заңдарын өрнектейтін теңдеулерден, Т=const кезінде құрамдастардың молдік еншісі, сонымен қатар будың сұйық үстіндегі жалпы қысымы, ТҚ А құрамдастың молдік еншісіне сызықтық тәуелділікте екенін көреміз. Және Дальтон заңына сәйкес ТҚ А құрамдастың үлес қысымы Р* А оның будағы молдік еншісіне УА тура пропорционал:
Р* А =РУА
Рауль заңы бойынша Р* А АХА екенін ескере отырып, берілген сұйық құрамына ХА теңдік күйде болатын бу құрамына мына өрнекті табамыз:
(2)
t-х-у диаграмманы тұрғызу үшін Р=const кезіндегі абсцисса осінде құрамдары Х12,Х3 болатын сұйық қоспалардың t1, t2, t3 қайнау температуралары ордината осіне белгіленеді..
АА1А2А3В – қайнау сызығы. Сонан соң абсцисса осіне Рауль заңы бойынша анықталған будың теңдік құрамдары У*1, У*2, У*3 салынады. Қиылысу нүктлерін t1, t2, t3 – В123 қосу арқылы АВ1В2В3В – конденсациялану сызығын аламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет