Оѕтїстік Ќазаќстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы



бет5/6
Дата27.04.2022
өлшемі281,19 Kb.
#32539
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Индолды алкалоидтар

Пуринді алкалалоид


    • Қытай шәйі- Чай китайский- Thea sinensis L.

Дитерпенді алкалоид

Стероидты алкалоидтар
    • Тармақталған алқа- Паслен дольчатый- Solanum laciniatum Ait.

Климат деп  Жердің белгілі бір ауданына тән және циклдық тербелістерге ұшырайтын, атмосфералық жағдайдың статистикалық көп жылдық  режімін түсінеді. Климаттық экологиялық факторларға жарық, жылу, су және ауа жатады.

Жарық – Жерде жарықтың табиғи көзі болып күн радиациясы –Күннің кең ауқымда  электромагнитті сәулеленуі - ұзындығы 290-нан 380нм. дейінгі ультракүлгіннен толқын ұзындығы 3-4мың  нм  инфрақызылға дейінгі сәуле таратуы.

Алкалоидтарға сыртқы факторлардың әсері

Өсімдіктердің жарыққа әсері бойынша негізгі үш экологиялық тобын ажыратады: жарықсүйгіштер (гелыфиттер), көлеңкеге  төзімділер (сциофиттер) және көлеңке сүйгіштер. Жарық  сүйгіш   түрлерде  фотосинтездің ең жоғары қарқындылығы  (жарықпен қанығу)  толық жарықтанудың 25-33 пайызында,  

(50%)көлеңке сүйгіштерде 

10 пайызында байқалады. Ал көлеңкеге  төзімді өсімдіктерге, жарықтану жеткілікті деңгейде болғанда  жақсы өсіп дамитын, сонымен бірге әлсіз жарыққа да бейімделе алатындарды жатқызады.

Жылу - өсімдік тіршілігін, ботаникалық түрлердің жер шарында таралуын, өсімдіктер түртегінің қалыптасуын анықтайтын маңызды экологиялық фактор болып саналады. Өсімдіктер үшін жылудың қажеттілігі алдымен, өсу-даму үдерістері тек жылу аясында, белгілі бір температурада болатынына байланысты, себебі кез келген физиологиялық әрекет қанша дегенмен жылу қуатын  пайдаланумен өтеді. Белсенді тіршілік үшін оның аралығы  (интервалы) алшақ емес: 1ден 450С дейін, оңтайлы температура деп 15-300С аралығы саналады. Бұл өте шамалап алынған ұстаным, себебі бір дараның  әр түрлі этаптары мен өсу–даму кезеңдерінде температуралық минимум, максимум және оптимум әр алуан болады.

Су - тіршіліктің және жер шарындағы өсімдіктердің таралуының маңызды экологиялық факторы. Су өсімдік тіршілігінде  үшін еріткіш және метоболит ретінде қажет. Су-фотосинтездің міндетті құраушысы, минералды тұздар өсімдікке тек су ерітіндісі күйінде келіп түседі. Су өсімдік массасының үлкен бөлігін алады. Протоплазмада  орташа есеппен 85-90 пайыз  су болады  және өзінің тіршілік әрекетін

сумен қаныққан  күйінде ғана атқарады.

Егер протоплазма құрғаса, ол не өледі  немесе  ең  жақсы дегенде, анабиоз күйіне көшеді. Шырынды жемістерде  дымқыл массасының 85-95%, жұмсақ жапырақтарда 80-90%, тамырларда  70-95%,  су өте көп. Дымқыл ағаш сүрегінде 50 пайызға жуық су болады. Судың ең аз мөлшері піскен тұқымдарда, оларда оның   мөлшері әдетте 10-15 пайыз болады, ал майлы тұқымдарда – одан да аз  (5-7%).

өсімдіктердің  атмосферада және топырақта болатын  суға қатынасы бойынша негізгі үш экологиялық топтарға (гидроморфтарға) бөлуге болады: гигрофиттер, ксерофиттер және мезофиттер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет