Есептер Тәжірибеде жасанды жолмен жасушаны екіге бөлген: ядролы және ядросыз бөлікке. Бұл бөліктердің өмір сүру қабілетілігі қалай?
Жасушада екі жас жұлдызды фигура көрінеді. Бұл митоздың қай фазасы?
Адамның соматикалық жасушасының митоз жолымен бөліну кезінде екі жасуша түзіледі. Олардың әрқайсысында қанша хромосома бар?
Жасуша митоз жағдайында. Осы кезеңде ақуыз синтезі өтеді ме?
Пиронин бояуымен өңдегенде жасуша цитоплазмасы мен ядрошық қызыл түске боялған. Бұл неге байланысты?
№ 3 сабақ. 1. Тақырыбы: Қан және лимфа. Қан және лимфаның құрамы, олардың негізгі қызметтері. 2. Мақсаты: 1. Қанның тін ретінде морфофункциональдік сипаттамасын беру.
2.Гистопрепаратта эритроциттерді, нейтрофилдерді, эозинофилдерді, базофилді гранулоциттерді, лимфоциттерді және моноциттерді ажырата білу.
3. Гистопрепаратта лейкоциттердің пайыздық ара қатынасын санай білу.