ОқУ – Әдістемелік кешен құрастырған: доцент А.Қ. Ералина Түркістан курс туралы курстың мәні «Психология»



бет36/59
Дата31.12.2021
өлшемі301,39 Kb.
#23327
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   59
Байланысты:
oak - psihologiya 2

13-лекция. Әлеуметтік-психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы

Конфликт – қоғамдық өмірдегі әлеуметтік фактор ретінде
1. Конфликт ұғымы.
2. Конфликтінің функциясы мен бағытталуы.
3. Әлеуметтік конфликті және түрлері.
Дәрістің мақсаты:
- «Конфликт» ұғымына толықтай тоқталып, оның түрлеріне анықтама беру, конфликтінің адам өмірінде алатын орнын анықтау. Әлеуметтік топтағы конфликтінің пайда болу себептерін, реттеу және шешу жолдарын қарастыру.
1. Конфликт ұғымы.
Конфликттер адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауында пайда болады, сондықтан олар адаммен бірге жасап келеді. Техникалық ғылымдардан бастап, әлеуметтік-философиялық ғылымдарда да конфликт зерттеу нысанасы болып келеді. Конфликттер сонау антикалық заманнан бері Анаксимандр, Гераклит сияқты орта ғасырдағы Фома Аквинский, қайта өрлеу дәуіріндегі Т.Мора, э. Роттердамский, Ф.Рабле, Ф.Бэкон, жаңа ғасырда И.Кант, Г.Гегель сияқты ойшылдарды қызықтырды. Тіршілік үшін әрекет механизмін қоғамға енгізе отырып, Л.Гумплович Дарвиннің табиғи таңдау идеясын дамытты. Соның негізінде социалдарвинизмнің негізін қалаушы болды. Ол Л.Гумплович әлеуметтік конфликттер табиғаты жайында келесі ойларын атап көрсетті:
- конфликттер тарихи дамудың бейнесі болып табылады;
- қоғамның билеушілер мен бағынушыларға бөлінуі мәңгілік құбылыс;
- конфликттер қоғамның бірлігіне жәрдемдеседі. Кең ауқымда бірлестіктердің пайда болуына әсер етеді.
неміс әлеуме танушысы Георг Зиммель ғылымға “конфликт социологиясы” терминін енгізген бірінші ғалым. Оның негізгі ойлары:
- топ ішіндегі келіспеушілік күшейген сайын, топ аралық конфликттер жиілеген сайын топ арасындағы шекараның жойылу мүмкіндігі бәсеңдейді;
- конфликттер шиеленіскен сайын, топ қақтығысы бәсеңдеген сайын, конфликтті топтың деспоттың орталыққа бағыну мүмкіндігі артады;
- конфликт шиеленісе түскен сайын, жанжалдасушы топтардың ішкі бірлігі арта түседі;
- конфликттер бәсеңдеген сайын, әлеуметтік бірлік функционалдық өзара бағынушылыққа бағытталған сайын конфликттің әлеуметтік бірілік үшін интегративті салдары болуы мүмкін;
- конфликттер жиілеген сайын және олар бәсеңдеген сайын бағынушы топтар мүшелері жауласудан арылып, олар өз тағдырларының қожасы екендіктерін сезініп, жүйе интеграциясын қолдайды.
- конфликттер жиілеп, бәсеңдеген сайын конфликттерді реттеу нормалары құрылуы мүмкін.
- әр түрлі дәрежеде билеуші топтар арасындағы конфликттер бәсеңдеген сайын және уақыты ұзарған сайын, олар өздерінің билікке деген көзқарастарын өзгертуі мүмкін.
К.Маркс шиеленіскен кластық күрес жағдайында конфликттер ажырамас бөлігі болып табылады дейді.
ХХ ғасырда конфликт мәселесі социал-дарвинизм психоанализ, когнитивизм, математикалық модельдеу, ғылыми басқару, әкімшілік басқару, адамзат қарым-қатынасы шеңберінде ғана зерттеледі.
Конфликтология конфликттердің пайда болуын, дамуын, шешуін зерттейтін ғылым ретінде танылады. Конфликтология конфликттердің басталуы мен аяқталуы жайындағы кейбір бағыттарын қарастыратын көптеген теориялардан дамуын табады.
Конфликтологияның зерттеу нысанына конфликттің барлық түрі жатады, конфликтология құралын конфликтке әкеп соқтыратын топтың немесе тұлғаның әрекеті жатады.
Конфликттерді зерттей келе ғалымдар қоғам өмірінде конфликттер жағымды рөл атқарады деген шешімге келді. Қазіргі уақыттағы конфликт теориясының бастамасы бірқатар социолог ғалымдардың зерттеулері жасады. Солардың ішіндегі танымалы – Г.Зиммель, конфликттің функционалдық теориясының авторы ХХ ғасырдың 60 жылдар ортасында неміс оқымыстысы Р.Дарендорф, соңынан “қоғамның конфликттік моделі” атанған әлеуметтік конфликт теориясын айтып өтті. Конфликтті әлеуметтік қарым-қатынастың қалпы ретінде қарауды Л.Козер, К.Болдинг, Дж.Бернард және басқалар өз жұмыстарында жүргізді. Л.Козер жағымды-функционалдық конфликт теориясын ұсынды. В.В.Дружинин, Д.С.Конторов математикалық аппарат қолдану арқылы конфликттің бірыңғай теориясын құру әрекетін жасады. Бүгінгі күнде конфликттерді зерттеу жан-жақты, әскери іс, философия, социология, психология, құқықтану, педагогика, математика, тарих сияқты ғылымдар жеттетіктерін пайдалана отырып жүргізіледі.
Бүгінгі таңда конфликтологияның дамуының бірнеше бағыттары қалыптасты: философиялық-әлеуметтік (макродеңгейде конфликттердің даму тенденцияларын қамтитын), әлеуметтік-ұйымдық (ұйымдардағы, ұжымдардағы конфликттердің себептері мен дамуын зерттейтін) және жекетұлғалық – психологиялық (жеке тұлғаның мінезін және психофизикалық ерекшеліктерін зерттейтін).
Әлеуметтік – ұйымдастырушылық бағыт басқару әдістерімен тығыз байланысады: әрекетті басқару, ұйымдастырушылық әрекетті, персонал әрекетін басқару және т.б.
Конфликтология негізінен конфликт жағдайында іс-әрекеттің өзгеруін зерттегенмен, бұл бағыттардың ортақ белгісі болып қарастыру нысаны болып табылады. Конфликтология сипаттамасы оның жеке тұлға мен топтардың қатынастары жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың қалыптасуы және даму себептеріне көп көңіл бөлуінде және оның конфликтке ұласуы, туындаған конфликттердің алдын-алу және шешу жолдарын зерттейді.
Адамдардың көзқарастарының әртүрлілігі, болған жағдайларға берер бағаларының және қабылдауларының сәйкессіздігіне дауға әкеліп соқтырады. Сонымен қатар белең алған жағдай қатысушылардың жеке басының ісіне қатысы болса және қарым-қатынасқа түсуші бір жақтың мақсатына жетуіне кедергі келтірер болса конфликті жағдаят туындайды.
Конфликттік жағдаят – бұл қажетті, бірақ конфликт туындауының міндетті емес шарты. Кейбір конфликттер бірден туындауы мүмкін, ешқандай конфликтті жағдайсыз, бұндай жағдайдың конфликтке ұласуы үшін сыртқы ықпал, итермелеу, инцедент керек.
Конфликтілі қарым-қатынасқа түскендердің қызығушылықтары қозғалған мүшелері конфликт субъектісі болып шығады. Конфликт субъектісі болып: жеке тұлғалар, топтар, бөлімшелер қатыса алады. Конфликт объектісі болып жанжалдасушы жақтардың әрқайсысы үшін қажетті нәрсе олардың қайшылықты әрекеттерін туғызады.
Конфликт деп - өздерінің мақсатын жүзеге асыруға бағытталған жанжалға қатысушы жақтардың белсенді әрекеттері деп аталады.
Туындау табиғатының, санының, сипатынын әртүрлілігіне байланысты конфликт түрі өте көп. Конфликттерді топтастыру бірнеше факторларға қатысты жүргізіледі: оларды шешу әдісіне қарай (күштеп, ерікті), саласына қарай (саяси, әлеуметтік, экономикалық, ұймдастырушылық), әсер ету бағытына байланысты (тігінен, көлденеңінен), білдіру дәрежесіне қарай (ашық түрде, жұмбақ), қатысушы санына қарай (тұлғаішілік, тұлғааралық, топаралық), конфликт объектісіне қарай (объектілі, объектісіз), қозғалған мәселесіне қарай.
Қарастырылған конфликттер жағымды және жағымсыз функциялар атқарады. Жағымды функциялар конфликтке қатысушылар үшін қанадй пайда беретіндігімен сипатталады. Конфликтінің жағымсыз жағы конфликтке қатысуда жұмсалған шығын мөлшері (эмоциялық, материалдық, уақыт шығыны т.б.) мен сипатталады.
Конфликттер белгілі бір аймақта, уақытта, субъектілердің қатысуымен өтеді. Оның аймақтық, уақыттық, субъектілік шегі болады.
Конфликттер екі немесе бірнеше жақтың қызығушылық қалпының бұзылуына келіп шығады. Осыған байланысты конфликттердіңобъективті және субъективті себептері анықталады. Конфликттердің объективті себептері қатысушылардың еркі мен қалауына қарамастан болады. Бірақ олар тұлғаға, топқа өз әрекеттерін жүзеге асыруға кедергі келтірер болса конфликтінің шынайы себебіне айналады.
Неміс социологы Г.Зиммель (1858-1918ж.ж) алғаш рет әлеуметтік кикілжіңдерге ғылыми термин енгізді. Г.Зиммель айтуы бойынша, әлеуметтік өзара әрекеттестіктің тұрақты орналасуы, бедел, келісім, көну, ынтымақ шиеленісте ерекше орын алады, шиеленіс әлеуметтік интеграцияға мүмкіндік береді, әлеуметтік бейімділікке нақты сипаттама беріп, оларды ұйымдастырудың нормалары мен қағидаларын бекітеді /7;41 б/.
Психологияда кикілжің жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде, өзара әрекет процесі кезінде пайда болады. Кикілжің сөзі (латын тілінен "confіlіctys", "столкновение", "қақтығыс" «шиеленіс "деген мағынаны білдіреді. Ол қарама-қарсы пікірлерді, қызығушылықтарды, талпыныстарды, ұрыс-керісті, дау-жанжалдарды білдіреді.
Классикалық батыс психологиясында шиеленіс түсінігінің бірнеше варианттарын құбылыс ретінде ұсынды, табиғатты интрапсихикалық процестер мен факторлар арқылы анықталады, құбылыс ретінде пайда болуы мен ерекшеліктері, ең алдымен жағдайлары анықталады
2.Конфликтінің функциясы мен бағытталуы. Конфликт жеке тұлғаның, әлеуметтік топ пен ұйымның өмірінде маңызды рөл атқарады. Конфликтте өзара түсіністік пен келісімнің бастамасы бар екенін, тіпті, ортағасыр мен Ежелгі дәуірдің ойшылдары байқаған.
Конфликтіге табиғатынан творчестволықпен қатар, қиратушы тенденциялар, бір уақытта мейірімділік пен жауыздық тән, оған қатысушыларға пайдасымен қатар зиянын да тигізуі мүмкін. Сондықтан да, конфликтінің функциясы позитивті және негативті бағытталуымен сипатталады.
Персоналды интеграциялау.
Позитивті жағы: топтар мен тұлғалар арасындағы шиеленісті бәсеңдету, индивидуалды қызығушылықтарды келісімге келтіру; формалды және формалды емес топтардың қарым-қатынасын нығайту, ортақ қызығушылықтарды тереңдету және бірқалыпқа келтіру.
Негативті жағы: коллективтің бірлігі мен ұйымшылдығының төмендеуі, топтар мен тұлғалар арасындағы қызығушылықтардың балансының бұзылуы, жұмысқа деген адалдығының жойылып, басқалардың есебінен өзінің мақсаттарына жетуге ұмтылу, эгоизмнің белең алуы, бассыздық пен анархия әкеліп соқтыру.
Әлеуметтік байланыстарды активизациялау.
Позитивті жағы: қызметкерлердің әрекет етуін мобильділік және қозғалмалылықпен қамтамасыз ету, мақсаттарға жетуде келісімділіктің үлесін ұлғайту.
Негативті жағы: ортақ істері бар адамдардың әрекет кезінде келісімге келмеуі, ортақ жетістікке деген қызығушылықтың төмендеуі, ынтымақтастыққа жету жолында кедергілердің орнауы.
Әлеуметтік шиеленістер туралы сигнал беру.
Позитивті жағы: шешілмеген мәселелерді анықтау, еңбекті қорғау мен жағдай жасаудағы жетіспеушіліктерді анықтау, коллективтің қызығушылықтарын, құндылықтарын, қажеттіліктерін орындау.
Негативті жағы: администрацияның әрекеті арқылы көңілі толмаушылықтың қатты көрсетілуі, жекелеген лаузымды тұлғалардың тарапынан теріс пайдалануға деген қарсылық көрсету, жұмысқа деген қанағатсыздықтың жоғарылауы.
Инновация, творчестволық инициативаға көмек көрсету.
Позитивті жағы: жұмысқа деген мотивация мен белсенділіктің артуы, квалификацияны жоғарылату, жаңа, оптималды шешімдер мен творчествоға демеу жасау.
Негативті жағы: әлеуметтік және жұмыс белсенділігіне жаңа кедергілердің пайда болуы, іскерлік ынта, энтузиазм және творчестволық инициативаны төмендету, альтернативті шешімдерден алшақтау.
Іскерлік қатынастарды трансформациялау.
Позитивті жағы: дені сау әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыру, өзара екіжақты келісімділік деңгейін арттыру.
Негативті жағы: моральды-психологиялық атмосфераның бұзылуы, партнерлік және іскерлік қарым-қатынасты қалпына келтіру процесінің қиындауы.
Ұйым және оның персоналы туралы ақпарат.
Позитивті жағы: ұйымдағы жұмыстардың қалай жүріп жатқандығы туралы жұмысшылардың толықтай ақпаратпен қамтамасыз етілуі, ортақ тілтабысу.
Негативті жағы: жақтырмаушылықтың күшеюі, бірге қызмет етуден қашқақтау, пікір білдіру мен диалог құруға кедергінің болуы.
Қарсыласудың профилактикасы.
Позитивті жағы: екіжақты келісім арқылы қарама-қайшылықтарды реттеу, әлеуметтік-еңбектік қарым-қатынастарда конфронтацияның деңгейінің төмендеуі.
Негативті жағы: жеккөрушілік пен шиеленістің күшеюі, үлгі боларлық процедуралардан қашқақтау.
Шынына келетін болсақ, бағыты, пайдасы мен зиянына байланысты ерекшеленетін конфликтінің функцияларының көптүрлілігін дәлелдейтін фактілер өте көп.
Кез-келген конфликт позитивті(конструктивті) және негативті(деструктивті) функция атқарады. Теориялық тұрғыдан ажырату оңай болып көрінгенімен, практикада конфликтінің конструктивтілігі мен деструктивтілігінің шекарасын анықтау қиынға соғады.
Ол төменде келтірілген себептерге байланысты:
- конфликт нәтижесінің позитивті не негативті екендігіне жалпылама баға беру қиын;
- конфликтінің конструктивтілігі мен деструктивтілігі оның әр сатыларында өзгеріп отыруы мүмкін;
- конфликт қатысушы бір жаққа конструктивті, ал екінші жаққа негативті әсер етуі мүмкін;
- конфликтінің конструктивтілігі мен деструктивтілігін оның тікелей қатысушыларына қатысты немесе әлеуметтік ортаға қатысты қарастыруға болады.
Мысалы: бір фирманың маркетинг бөлімінде үлкен эмоционалды конфликтіге ұласқан ұрыс шықты. Ұжымдағы бір қызметкер басқа бір көпжылғы тәжірибесі бар, инжерен-экономист маманын «шалағайшы кісі» деп атады. Бұлай атаған кезде ол, сол адамның жоғары жалақы алатындығына қарамастан, жұмыстан тыс қосымша пайда тауып және соның кесірінен өзіне тиесілі жұмыстың біраз бөлігін жұмыстастарына ығысытырып тастайтындығын айтқысы келген болатын. Сол бөлімнің басқа қызметкерлері оны қолдады да, фирманың басшылығына оның оппонентін басқа жұмысқа ауыстыруға тура келді.
Конфликт, әрине, негативті нәтижесіз болмады - тәжірибелі қызметкердің орнына тұрарлықтай жұмысшы табу керек болды. Бірақ, барлығы жақсы аяқталды. Себебі, бөлім қызметкерлері олардың ортақ қызығушылықтарын айтып жеткізген жұмысшыға ризашылық білдірді. Бұл олардың бірігіп жұмыс істеуге деген ынталарын одан сайын арттырып, топпен жұмыс жасаудың қағидаларын сақтаудың маңыздылығын білдірді. Бұлай шынайы өмірде жиі болып тұрады.
Конфликтілерді басқару дегеніміз, тек қана оның ұйымдағы пайда болу кезін ғана анықтаумен шектелмей, қоғамдағы конфликтілік жағдайлардың деңгейін төмендету болып табылады, яғни, конфликтілі жағдайды болғызбау, алдын алу, объективті жағдайдағы қарама-қайшылық үлкен конфликтіге айналмауы үшін басқару құралдары арқылы әсер ету болып табылады. Басқару дегеніміз, ең алдымен мақсат қойып, сол мақсатқа жетуге басқа адамдарды көндіру болып табылады.
«Конфликтіні басқару - конфликтінің тікелей қатынасы бар әлеуметтік жүйенің дамуы немесе қирауы тұрғысынан оның динамикасына мақсатты түрде объективті заңдарға сәйкес әсер ету».
Конфликтіні басқарудың негізгі мақсаты деструктивті конфликттердің алдын алып, конструктивті конфликттерді адекватты түрде шешу.
Басқаруда ұйым басшысы принципиалды түрде басымдылыққа ие. Бұл басымдық конфликтіде оған шешім қабылдауда және стратегиялық тұрғыдан жетекшілік етуге мүмкіндік береді: мақсаттар қоюға құқық, оған жету жолдары мен тәсілдері, жетістікке жетуді қамтамасыз ету және нәтижені анализдеу.
Конфликтіні басқару күрделі процесс ретінде нақты әрекет түрлерін қажет етеді:
- конфликтінің басталуын алдын-алу және профилактикасын жүргізу;
- конфликті қатысушыларының әрекеттерінің негізінде диагностика жасау мен реттеу;
- конфликтінің белең алу бағытын болжау мен функционалды бағытталуына баға беру;
- конфликтіні шешу.
«Конфликтіні болжау - дамау мүмкіндігі жоғары кезеңде конфликтінің себебін анықтауға бағытталған басқару субъектісінің маңызды әрекет түрі».
Конфликтіні болжаудың негізгі көздері ретінде адамдардың индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, араларындағы қарым-қатынас факторлары мен объективті және субъективті жағдайларын зерттеу нәтижелері есептеледі.
Мысалы, коллективте мұндай жағдайлар ретінде мынандай факторлар бола алады:
- әлеуметтік шиеленістің деңгейі;
- әлеуметтік-психологиялық климат;
- лидерлік және микротоптар;
- тағы да басқа әлеуметтік - псхиологиялық құбылыстар.
Болжаудағы маңызды орынды конфликтінің пайда болу себептерін тұрақты түрде жалпы немесе жартылай анализ жасау алады.
Конфликтінің алдын алу оны болжау нәтижелеріне негізделеді. Басталып келе жатқан жағымсыз конфликтінің себептері туралы ақпарат келісімен, оның ары қарай дамуына әсер ететін барлық факторларын белсенді түрде нейтрализациялау ісі басталады. Бұл конфликтінің басталуын алдын-алудың амалсыз формасы.
Конфликтіні реттеу - бұл конфликтіні әлсіретіп, шектеу арқылы оны шешу жолына қарай бағыттайтын басқару субъектісі әрекетінің ерекше түрі.
Конфликтіні шешу - конфликтінің аяқталуын қамтамасыз ететін басқару процессінің шешуші фазасы.
Конфликтінің шешілуі толық және толық емес аяқталған болуы мүмкін. Конфликтінің толық шешілуі үшін оның себебін, себепші нәрсенің және конфликтілі жағдайды шеттету қажет. Ал, толық емес шешімге конфликт себебі мен конфликтілі жағдайдың жартылай жойылуы жеткілікті. Конфликтіні басқарудың шынайы өмірдегі практикасында жағдайын, формаларын және оның шешу жолдарын ескеру қажет.
3.Әлеуметтік конфликті және түрлері. Әлеуметтік конфликт дегеніміз – әлеуметтік өзараәрекеттесу процесінде пайда болатын, конфликт субьектілерінің қарама-қарсы әлеуметтерімен сипатталатын және олардың бір-біріне қатысты бастан өткеретін жағымсыз эмоцияларға ұштасатын мәнді қарама-қайшылықтарды шешудің анағұрлым шиелініскен тәсілі. Егер конфликт субьектілері қарама-қарсыәрекет жасап, бірақ бұл кезде бір-біріне жағымсыз эмоцияда болмаса , немесе керісінше жағымсыз эмоцияны бастан кешіріп, бірақ оларды сырттай көрсетпесе, бір-біріне қарсы әрекет етпесе, онда мұндай ситуациялар конфликт алдындағы болып табылады.(передконфликтными).
Әлеуметтік конфликтінің анықтамасынан байқағанымыздай, конфликтологияда осы құбылыстың психологиялық құрамдарына үлкен рөл беріледі. Бұл конфликтологияның ерекше саласы-конфликт психологиясын бөліп көрсету қажеттігін дәлелдейді.Оның зерттеу обьектісі тұтас конфликт, ал пәні- олардың пайда болу даму және конструктивті аяқталуының психологиялық заңдылықтары мен механизмдері болып табылады.
Конфликт психологиясын қарастырылатын феноменнің үш түрі қызықтырады: тұлғаішілік конфликтілер , әлеуметтік конфликтілер және зооконфликтілер.
Конфликт психологияның орталық обьектісі - әлеуметтік конфликтілер ал олардың ядросы – тұлғааралық конфликтілер болып табылады. Басқа әлеуметтік конфликтілермен салыстырғанда аса күрделі емес болып табылытын тұлғааралық конфликтілерді зерттеу конфликтілі өзара әрекеттесудің негізгі себептерін ашуы мүмкін.Психикада болып жатқан және адамның конфликтілі мінез-құлқын анықтайтын процестерді зерттемей әлеуметтік конфликтілердің мотивтерін ұғыну (қиындық туғызады) ауыр болады.
Отандық психологияда әр түрлі конфликтіні зерттеуде белгілі бір теңсіздік қалыптасты. Еңбектердің 83 %-ке жуығы тұлғааралық конфликтілерді зерттеу болып келеді. Ішкітұлғалақ конфликтілерге 8%-ке жуық публикациялар арналған. Шағын , орта және үлкен топтар арасындағы конфликтілердің, халықаралық конфликтілердің психологиялық сипаттамасы 3-4% еңбекте келтірілген. Сондай-ақ ресей психологтары адамзаттың әр түрлі іс-әрекет түрлеріндегі және қатынастар сфераларындағы конфликтілерді зерттейді:
-әлеуметтік конфликті:
-еңбек конфликтілері;
-ғылыми-зерттеу ұжымдарындағы конфликтілері;
-құқық қорғау органдары қызметіндегі конфликтілер;
- әскери ұжымдардағы конфликтілер -спорттағы конфликтілер;
-сотталғандар арасындағы конфликтілер;
-педагогикалық іс-әрекеттегі конфликтілер;
-жанұя –некелік қатынастардағы конфликтілер;
-Мектепкке дейінгі шақта;
-мектеп жасында жасөспірімдік кезеңде;
-жас студенттер топтарында;
Қазіргі заманда кикілжіңдер - күнделікті өмірлік жағдайларға айналды. Мүмкін, ХХІ ғасыр адамзат алдына балама ұсынады: бұл ғасыр конфликттілік ғасыр болады немесе өркениет тарихында ең соңғы ғасыр болады. ХХ ғасырдағы кикілжіңдер адамдардың көптеп қырылуына негізгі себеп болды. А.Я.Анцупов, А.И.Шипилевтердің Кімнің пікірінше: «екі дүниежүзілік соғыс, екі жүзден аса ірі көлемдегі соғыс, терроризм, билік үшін қаруланған соғыс, өлтіру, өзін-өзі өлтіру, жеке адамдардың арасында қарсыластық пен келіспеушілік - бұл аталған кикілжіңдер ең кем дегенде 300 миллионға жуық адам өмірін жойды». Ішкі саясаттық күрес - көптеген мемлекеттердің дамуындағы шешуші фактор болып табылады. Отбасындағы және өзімен келісімге келу әрбір адамның бақытты өмірінің ең маңызды жағдайы болып табылады. Мұның бәрі әрбір адамның, ұйымның, мемлекеттің, қоғамның және бүкілдей адамзаттың өміріндегі кикілжіңдердің шешуші рөлін білдіреді. ХХ ғасырдың нәтижелері бойынша көптеген мемлекеттен құралған Кеңес Одағы кикілжіңдер адамдардан айырылудан басқа, материалды және моральды нәтижелер бойынша әлемдік көшбасшы (лидер) болып табылады.
Адамзаттық өркениеттің тарихы түрлі конфликттерге толы. Конфликттердің біреулері оншақты мемлекеттермен халықтарды қамтыса, ал екіншілері үлкен және кіші әлеуметтік топтардың ортасында, үшіншілері жеке адамдар арасында өршіді. Ежелден-ақ адамдар туындаған қарама-қайшылықтарды шешуге тырысып, кикілжіңдер бейбіт қоғам туралы армандады. Сол заманда туындаған заңдылықтарды конфликттердің алдын-алу және шешудің әмбебап механизмін құруға ұмтылысы ретінде қарастыруға болады. Қатыгез Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750ж.ж.) патшаның көне заңдарында конфликтілік жағдайларды шешудің оншақты тәсілдері жазылған. Аңыз бойынша патша Соломон (б.э.д. 965-928ж.ж.) кикілжіңді шешу және кетіп қалу дағдысымен ақылдылығының арқасында әйгілі болған.
Конфлект мәселесін зерттеген көптеген ғалымдар кикілжіңнің туындап, оның даму деңгейіне, яғни барлық сатыдан өтуіне оның қатысушылары себепкер деген қорытындыға келіп отыр.
Жоғарыда атап өткендей, кикілжіңнің сипаттамасы, оларды басқару бәрінен бұрын оның қатысушыларының табиғат түсінумен де тығыз байланысты. Сондықтан да кикілжіңнің мән-жайын түсініп, себебін анықтауда және қорытындылауда адам мәселесіне, оның мінез-құлқы мен оған әсер ететін факторларға тоқталмай кету мүмкін емес. Олай болса, тұлғааралық кикілжіңдер – бұл кикілжіңнің кең таралған түрі. Ұйымдарда ол түрлі көрініс табады. Көптеген басшылар конфликтінің себебі мінездің нашарлығынан туындайды деп есептейді. Бірақ, шын мәнінде көқарастары, мінездері, қылықтары бір-біріне қарама қайшы сипатта болатын адамдардың бір жерде бірлесе жұмыс істеуі мүмкін емес. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, бұндай конфликтілердің тууындауына белгілі бір обьективті факторлар әсер етеді. Соның бірі – шектелетін ресурстар үшін күрес. Әр адам шектелетін ресурс тек өзіме ғана аса қажет деп есептейді.
В.Н.Шаленконың айтуынша, әлеуметтік конфлектілердің астарынан мақсаты – қоғамдық мойындалу, өндіріс құралдарына, экономикалық позицияға, билікке және басқа да құндылықтарға жету, сонымен қатар шынайы немесе алдамшы қарсыласты бейтараптандыру немесе жою болып табылатын, индивидтер арасындағы күрестің кез-келген түрін түсінеміз. Осы орайда, жанжалды конфронтацияның басқа түрлерінен – қарама-қайшылықтар, бәсеке, жарыстан айыра білу маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет