Оқу бағдарлаамсы бойынша оқытылатын көркем шығармалар тізімі


«3+2+1» Ұнаған 3 кезең, ұнаған 2 сұрақ, келесі сабаққа 1 ұсыныс беру тапсырмасын орындайды. «Шатасқан әңгімеші»



бет8/26
Дата25.05.2023
өлшемі0,86 Mb.
#97098
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
5-9 оқылатын шығармалар тізімі (1)

«3+2+1»
Ұнаған 3 кезең, ұнаған 2 сұрақ, келесі сабаққа 1 ұсыныс беру тапсырмасын орындайды.

«Шатасқан әңгімеші»
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Бастаушы әңгіме тақырыбын белгілейді. Дайындыққа уақыт береді. Қатысушылардың бірі әңгіме бастайды да, ортасына келгенде, әңгіме желісін басқа жаққа бұрып жібереді. Осылайша өз ойын, мүмкіндігінше, шатастырып жібереді. Өз сөзін ыммен келесі бір адамға жалғастыруға ұсынады. Сөзді жалғастыру кез келген қатысушыға берілуі мүмкін, сондықтан бәрі мұқият тыңдап отырады. Сөз тиген адам әлгі әңгімешінің сөзін соңынан басына қарай адасқан кейпінде жеткізу керек. Сөйтіп басына алып келеді де, енді өз оқиғасын басқаша шатастырып жеткізеді де, сөзді келесі қатысушыға береді.
Бұл әдіс оқушыларды сыни ойлауға, сөздік қорын молайтуға, қиялын жетілдіруге көмектеседі.
«Сана –сая жолы»
Қалыптастырылатын дағдылар: ойлау, шешім қабылдау; бірлескен жұмыс.


Жалпы сипаттама
Бұл рөлдік стратегия оқушыларға тез арада белгілі бір тақырыпқа қатысты барлық ұрақтарға қысқаша шолу жасауға мүмкіндік береді. Оның басқа «стандарттық» рөлдік ойындарға қарағанда артықшылығы сол, едәуір тез өткізілуі мүмкін. Ол төменгі сыныптың оқушылары немесе қабілеттілігі төмен оқушылар үшін ерекше қолайлы бола алады, өйткені олардың ұзақ уақыт бойы рөлде болуы талап етілмейді. Сондай-ақ оларға сұрақ бойынша ауқымды ақпаратты білу керек емес, өйткені рөлдері бар карточкаларда олардың кім екендігі және талқыланып отырған белгілі бір жағдайға қатысы жазылады.
Сыныпты жоспарлау
Жүру және әңгімелесу ыңғайлы болуы үшін ашық кеңістік қажет.
Жұмыс алгоритмі
1. Оқушыларға жағдайды түсіндіріңіз (мысалы, мектепте болған үлкеннің кішкентай балаға күш көрсету оқиғасы жергілікті жастар клубында қайталанды. Мектептен осы іспен айналысу сұралды).
2. Бұдан кейін әрбір оқушыға олардың кім екендігі жазылған және осы жағдайға олардың қандай қатысы бар екені қысқаша сипатталған рөлдері бар карточка таратыңыз (мысалы, жәбірлеуші, жәбірленуші, жәбірленушінің досы, жәбірлеушінің достары, жастар ісімен айналысатын қызметкер, сынып жетекшісі, т.б.).
3. Ортада өтетін жол қалдырып, оқушыларды бір-біріне қарама-қарсы екі қатарға қойыңыз.
4. Еркін тәртіппен оқушыларды таңдап, олардан өзінің рөлімен таныстыруды сұраңыз.
5. Қалған оқушылардан осы «кейіпкерге» арналған бір өтініш ойластыруды сұраңыз.
6. Бұдан кейін таңдап алынған оқушы қатар арасынан өтеді, ал қалған сынып ол өткен кезде өз өтініштерін білдіреді (оқушыларды «рөлге енуін» ынталандыру үшін осыны бірнеше рет қайталау қажет).
7. Таңдап алынған оқушыдан қандай өтінішті сенімді деп есептейтінін, сондай-ақ жағдайға қатысты не ойлайтынын сұраңыз.
8. «Ар-ождан аллеясы» арқылы өту үшін басқа оқушыларды таңдап, тапсырманы қайтадан өткізуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет