Сыныптар
|
Пән атауы
|
Аптадағы
сағат саны
|
Оқу жылындағы
сағат саны
|
Бақылау жұмысының
нормасы
|
8 «а»
|
Алгебра
|
3
|
102
|
7-9
|
8 «а»
|
Геометрия
|
2
|
68
|
7-8
|
«Математика және информатика» білім саласы бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады:
1) «Математика» – 5-сынып;
2) «Алгебра» – 7-сынып;
3) «Геометрия» – 7-сынып;
65-кесте – Оқу бағдарламалары бөлімдерінің атаулары
Бөлімдер бөлімшелерге бөлініп, әр бөлімшені оқып игеру сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқу мақсаттары жүйесінде көрсетілген:дағдылар немесе біліктер, білім немесе түсініктер. Сонымен қатар, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдрламаларында барлық пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспар берілген. Онда курс материалы тоқсандарға бөлініп көрсетілген. Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптарды игеруге және бөлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат санын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылып болуы тиіс.
2013 жылғы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда оқу пәндердің базалық мазмұнында аздаған өзгерістер бар.
1. 5-сынып, «Математика» оқу пәні. 2017-2018 оқу жылы 5-сыныпқа бастауыш сыныптарда қолданыстағы бағдарлама бойынша оқытылған оқушылар келеді. Сондықтан, 5-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұны, шамалы өзгерістерді
қоспағанда толығымен бұрынғыдай қалды. Атап айтқанда, қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында «Жиын» тарауы және «шиыршық» принципін сақтау мақсатында «Кеңістік фигураларының жазбалары» тарауы қосылған, оларды оқуға оқу жылына берілген 170 сағаттан сәйкесінше 5 сағат және 3 сағат бөлінеді.
Сонымен қатар базалық мазмұн тарауларын оқып игеруге бөлінген сағаттарда айырмашылық бар. «Натурал сандар және нөл саны» тарауын игеруге шамамен 12 сағат бөлінген. Қалған тарауларды игеруге бөлінген сағат сандары өзгеріссіз. Математикалық моделдеу және анализ» бөліміне баса назар аударылған. Әр бөлімді игерген кезде мәтінді есептерді шығару ұсынылады.
Статистикалық мәліметтерді ұсынуға арналған тапсырмаларды орындауға көңіл бөлінген. Бұл практикаға бағытталған есептерді қарастыруға байланысты.
2. 7-сынып, «Алгебра» оқу пәні.
Оқу пәнінің базалық мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда елеулі өзгерістер жоқ. Егер, қолданыстағы оқу бағдарламасында 5 тарау оқытылатын болса, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында 6 тарау оқытылады. Бұл, «функция» ұғымына қатысты материалдар жеке «Функция. Функцияның графигі» тарауы етіп берілген және бұл тарауға
6-сыныптан «Функция ұғымы», «Функцияның графигі», «Сызықтық функция және оның графигі», «Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы», «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу» тақырыптары көшірілген. Бұл тақырыптар 6-сынып оқушыларының игеруіне қиындық туғызады деп есептеп, практик-мұғалімдердің ұсыныстары бойынша ауыстырылған. Практикаға бағытталған, зерттеушілік және шығармашылық тапсырмаларды шешу қажеттілігіне баса назар аудару керек.
3. 7-сынып, «Геометрия» оқу пәні
7-сыныпта оқушылар «Геометрия» оқу пәнін оқуға енді ғана кіріседі, сондықтан қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында өзгерістер жоқ. Бұл арада пәнінің практикалық бағыттылығы күшейтіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |