Оқу бағдарламасымен өзара байланысы


Оқу бағдарламасымен өзара байланысы



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата24.09.2022
өлшемі1,39 Mb.
#40098
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ТС ОШ ИА Қазақстан тарихы 11 каз

1.1. Оқу бағдарламасымен өзара байланысы 
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-
сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу 
бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт) 
мазмұнын қамтиды.
Оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасымен оқитын білім алушыларды 
қорытынды аттестаттау үшін жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-
математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 
оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны қамтылады.
Білім алушылардың білімі мен біліктілігінің деңгейі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС-
ның күтілетін нәтижелермен анықталады. 
1.2 Критериалды бағалау жүйесімен байланысы
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау қалыптастырушы және жиынтық 
бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүйесінің бөлігі болып табылады. 
2. 
Емтихан жұмысының сипаттамасы 
Орындау уақыты 
3 сағат
Білім алушылар ұсынылған отыз билеттің бірін таңдайды. Әр билетте үш тақырып 
берілген, оның негізінде оқушы ауызша жауап беруі керек. 
Максималды балл 
30 балл 
 
 



2.1. Бағалау міндеттері
1-БМ Білу және түсіну 
Білім алушы Қазақстандағы әлеуметтік қатынастардың, мәдениеттің, мемлекеттің 
дамуы және Қазақстанның экономикалық даму туралы біледі, түсінеді. 
2-БМ Қолдану және жоғары деңгей дағдылары 
Білім алушы себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи 
оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді анықтайды; Қазақстанның тарихи 
дамуын, тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін саралайды; 
Қазақстанның даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени 
процестерін зерттейді, талдайды; проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі 
тарихи дереккөздерді салыстыра талдау жүрізеді; бір тарихи оқиғаларға, 
құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды салыстыра отырып, қорытынды 
жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет