Оқу бөлімі: Сырттай Мамандығы: «Бастауыш білім беру» Біліктілігі



бет4/12
Дата20.02.2022
өлшемі55,43 Kb.
#25945
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Бастауыш сыныпта мазмұндама жұмыстарын жүргізу

2.3. Сурет бойынша мазмұндама

Бастауыш сыныпта сурет бойынша мазмұндама:

А) Дайын сурет бойынша;

Ә) Оқылған мәтінді бейнелейтін сурет бойынша жаздырылады;

Б) Дайын сурет бойынша мазмұндама жаздыру;

Сурет арқылы жаздырылатын мазмұндаманы бір сюжетке салынған бір сурет не бір сюжетке салынған бір сурет арқылы ұйымдастыруға болады. Сонымен бірге бр сюжетке салынған яғни оқылған мәтінді бейнелейтін бірнеше суреттің орынын ауыстырып беріп, түзеттіруге болады. Бұл жұмыс оқушыларға оқиға желісін аңғаруға, әңгіменің мазмұнын жүйелеп айтуға жәрдемдеседі. Балалар өз пікірін бір жүйеге түсіріп оқыған әңгімелерін жоспар жасауға дағдыланады.

2 – сыныпта мазмұндаманың түрі қиындай түседі, суреттің де мәтіндегі сөйлемдердің де орындары ауыстырылып беріледі, балалар алдымен суреттің ретін жөнге келтіреді, содан соң мәтінді түзетеді, сонан кейін мәтіннен түсінгендерін сурет бойынша жазады. Мұны 2 – сынып оқушыларын жоспар жасаудан бұрын үйреткен дұрыс.

3 – сыныпта сурет бойынша мазмұндама жаздыру мына түрде жүргізіледі.

1. тақтаға сурет ілінеді.

2. Мәтін оқылады.

3. Қиын сөздермен жұмыс жүргізіледі.

4. Мәтін мазмұны сурет бойынша талқыланып, жоспар жасалады.

5. мазмұндама жаздырылады.

Ә) Оқылған мәтінді бейнелейтін суреттер бойынша жаздырылатын мазмұндама.

Мұнда балалар суреттің мазмұнын түсінуге үйренеді. Мазмұндаманың бұл түрін де бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады: 1. Дайын сурет бойыша мазмұндама. Мұғалім алдын ала дайындалған сурет береді ал оқушылар сол сурет бойынша мәтін құрайды. Мазмұндаманың түрі бастауыш сыныптарда бір сюжетті бейнелейтін бір сурет арқылыда бір сюжетті бейнелейтін бірнеше сурет арқылы да жаздырылады. Сонымен бірге бір сюжетке салынған бірнеше сурет бойынша мәтін беріп, ондағы сөйлемдердің орнын ауыстырып (деформаланған мәтін), ондағы оң жүйесіне қарай түзеттіруге болады. Бір сюжетке салынған бір сурет бойынша жүргізілетін мазмұндамаға мысал келтірейік: «Бүлдірген тере барғанда» суреті бойынша.


  1. Мұғалім кіріспе әңгімесінде балалардың жазғы демалыста не істегендері, не көргендері туралы сұрақ – жауап арқылы әңгімелеседі. Онда көбіне жазғы даланың көрінісіне көңіл аударылады.

  2. Тақтаға суретті іледі, оның атын жауып қойып, балаларға суреттегі бейнеленгендерді қарап шығу тапсырылады. Аздан соң, мұғалім: - Суретте жылдың қай мезгілі көрсетілген деп ойлайсыңдар? - деген сұрақ қояды. Суретте жаз мезгілі көрсетілнен. – Суретте жаз мезгілі көрсетілгенін нендей белгілерден байқап отырсыңдар? (Суреттегі ағаштың жапырақтары көкпеңбек, балалар көйлекшең, аспан шайдай ашық, шөп көкпеңбек).

Бұл жауаптың дұрыстығын қуаттай отырып, мұғалім оқушылардың зейінін ағаш көлеңкесінде дем алып тамақ ішіп отырған балаларға, олардың қастарындағы жидекке толып тұрған ыдыстарға ауадарып: - Балалар не істеп отыр? (олар тамақ ішіп отыр.) – Ал мынау тұрған нелер екен, байқайсыңдар ма? (олар: шелек, себет.) - Бұл ыдыстардың ішінде не бар? (ыдыстардың ішінде жидек бар.) – Осы балалар бұл жерге неге келді екен? (Олар жидек теруге келген болар.) – Оны қайдан біліп отырсыңдар? (Олар ыдыстарын жидекке толтырып алған.) – сендер жидектің қандай түрін білесіңдер? (Әркім өзі білетін жидектерді айтады: бүлдірген, шие, қарақат, өрік, жүзім т.б.) – Мына ыдыстардағы жидек осылардың қайсысына ұқсайды? (Бұл – бүлдірген.) – Ендеше мына балалар қандай жидек теруге келген екен? (Олар бүлдірген теруге келіпті.) – Енді осы суретті қалай деп атасақ екен? (Балалар түрлі ат айтады: Бүлдірген теру, Бүлдірген теруге келген балалар, Балалар бүлдірген терді т.б.). Балалардың ұсынған аттарының барлығы да дұрыс екенін айта отырып, мұғалім: - Осы суретті автор қалай айтады екен, соны көрейік, - деп, суреттің жабулы атын ашады.

Суретке балалардың қоған аты мен авторлардың қойған аты толық сай келетінін көрсете отырып, осы сурет бойынша алдын ала өзі құрастырып, дайындап алып келген мәтінді тақтаға іледі. Оны бір оқушыға оқытады. Мәтінің үлгісі: «бір топ бала бүлдірген теруге бармақ болды. Олар таңертең ерте тұрды. Түсте ішетін тамақ, бүлдірген теретін шелек, себет алды. Балалар бүлдірген өсіп тұрған жерге жетті.

Бұл жер жап – жасыл. Жасыл кілем төсеп тастағандай. Ойпаңдар да, бұта - өсімдіктер де көкпеңбек. Айналаға көз салсаң, жер дүние маужырап тұр. Не деген сұлу табиғат!

Балалар біраз тамашалап тұрды да, бүлдірген теруге кірісті. Бүлдіргенді тойғандарынша жеді. Апарған ыдыстарын да толтырып алды. Сонан соң ағаш көлеңкесіндегі көгалға отырып дем алды, түскі тамақтарын ішті. Кешке қарай ауылға қайтты. Бұл күн балаларға өте қызықты өтті.»

Мәтінді мұғалім ырғағына келтіре, өзі бір рет оқып шығады. – Бүлдірген өсіп тұрған жердің көрінісінің қалай суреттелгенін кім тауып оқиды? Сұрағы арқылы екі – үш оқушыға оқытады. Оларды салыстырады. – Балалардың бүлдіргенді теру жөнінде қандай сөйлемдерде айтылған, кім оқиды? Сұрағы арқылы мәтіннің ІІ бөлігін оқытады. Осылайша, балалардың дем алуы, ауылға оралуы жөніндегі сөйлемдерде де оқылады. Бүлдірген, таңертең, себет, жап – жасыл, маужырап тұр, ойпаң, бұта - өсімдік, кілем төсеп тастағандай сөздері мен сөз тіркестері заттың суреттері (не өздері) арқылы (бүлдірген, себет), түсініктеме сөздер арқылы (таңертең, - таң атысымен, маужырап тұр – ағаш пен шөптің жайқалып өсіп тұрғаны, ойпаң ойыстыру жер т.б.), ал жасыл түс пен жап – жасыл түстің айырмашылығы осы екі түсті салыстыру арқылы (мұнда матаның қиындысы, жапырыақ т.б. көрсетіліуі мүмкін) түсіндіріледі.

Мәтінге жоспар жасалады. Бүлдірген теруге бару. Бүлдірген өсіп тұрған жердің табиғаты. Бүлдірген теру. Балалардың лем алулары. Олардың үйге оралулары.

Келесі сабақта мәтіннің мазмұны жоспар бойынша әңгімеленеді, сурет бойынша әңгімеленеді.

Сурет бойынша жүргізілетін мазмұндаманың ІІ түрі – оқылған мәтінді бейнелейтін сурет арқылы ұйымдастырылады. Бұл үшін алдымен мұғалім мәтінді таңдап алады. Мәтін сюжетке құралған және жігі оңай ажыратылатындай болуға тиіс. Мәтін сыныпта нақышына келтіріле, екі – үш рет оқылады. Сонан соң әңгіменің оқиға желісі мен онан шығатын қорытынды сұрақ – жауап арқылы талқыланады. Әңгіменің мазмұнын балалар толық меңгерген шамада сол әңгіме бойынша қандай сурет салуға болатыны сұралады. Оқушыларға ойлануға уақыт беріледі. Олардың берген жауаптарының ішінен дұрысын таңдап алынады. Мұнда мұғалім мәтінді бейнелейтін суретті күні бұрын дайындап алуға тиіс. Бұл суретті мәтінді талдау жұмысы аяқталып, ол бойынша қандай сурет салуға болатынын анықталғаннан кейін тақтаға іледі. Мысалы, Ы. Алтынсаринның «Түлкі мен ешкі» әңгімесінің негізінде салынған сурет бойынша ІІ сыныпта өткен мазмұндама сабағын келтірейік: Мәтін «Бір түлкі далада жорытып келе жатыр еді. Ол байқаусызда апаңға түсіп кетті. Апан терең екен. Түлкі одан шыға алмады. Су іздеген ешкі апанға келді. Апанның ішінде түлкі тұр. Ешкі түлкімен сөйлесіп, оның апанда неге тұрғанын сұрады. Түлкі апанның іші салқын, ішінде суы бар екенін айтты. Бұл сөзге сенген ешкі секіріп апанға түсті. Осыны күткен түлкі ешкінің үстіне секірді. Одан апанның сыртына қарғып шығып, қаша жөнелді».

Мұғалім сабақ басталмас бұрын мәтінді тақтаға жазып қойды да, сабақ басталған соң, өзі мәнерлеп бір оқып шықты. Балаларға оқытты. Екінші тақтаға: жорытып, абайсызда, апан, қарғып шығып сөздерін жазады. Мағыналарын синоним арқылы түсіндірді: жорытып – жүгіруден гөрі баяу, аяңнан гөрі қатты жүріс, жай жүгіру; абайсызда – байқаусызда, апан – кең шұңқыр, қарғып шығып – тез секіріп шығу.

Осыдан кейін: түлкінің апанға түсіп кетуі жөніндегі сөйлемдер бір оқушыға, апанда тұрған түлкіге ешкінің келуі, ешкінің түлкімен сөйлесуі туралы сөйлемдер екінші балаға, ешкінің апанға түсуі мен түлкінің апаннан шығуы жөніндегі сөйлемдер үшінші оқушыға оқытылады.

Сыныпта «Бұл әңгіме бойынша сендер қандай сурет салар едіңдер?» деген сұрау қойылып, ойлануға шамалы уақыт беріледі. Балалардың біреулері 3 сурет, екіншілері 4 сурет, ал үшіншілері 5 сурет ұсынды. Олардың жауаптарының негізінде осы мәтінге 4 сурет салуға болатыны анықталды: апанда тұрған түлкі, апанның сыртында ешкі түлкімен сөйлесіп тұр, апанда түлкі де, ешкі де тұр, түлкі зытып барады. Бұл әңгімені бейнелеу үшін салынатын суреттердің мазмұны анықталғаннан кейін, мұғалім тақтаға суреттерді іледі, балаларға сұрақтар береді: Түлкі қайда түсіп кетті? Ол апаннан неліктен шыға алмады? Ешкі қайда келді? Ешкі түлкіден не сұрады? Түлкі ешкіге не деді? Түлкі апаннан қалай шықты? Сұрауларға жауап алған соң, мәтіннің мазмұны сурет бойынша айтқызылды. Мазмұндаманың мұндай түрі – балаларды мәтіннің жігін ажырата білуге, алдағы уақытта мәтінге жоспар жасауға дағдыландырады.

Бастауыш сыныптарда сурет бойынша жазылатын мазмұндаманың мынадай түрлерін қолдануға болады:

1. орны ауыстырылып берілген сөйлемдерді сурет бойынша түзету.

2. орны ауыстырылып берілген суреттерді мәтін бойынша түзету.

3. орны ауыстырылып берілген суреттерді де, мәтіндерді де оқиғаның ретіне қарай түзету.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет