ОқУ Үдерісін реттеудегі қалыптастырушы бағалаудың пайда болуы



бет6/13
Дата11.04.2022
өлшемі47,96 Kb.
#30567
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
3.4-үм. Оқу үдерісіндегі қалыптас бағалау

Қорытынды

Осы мақаланың басты идеясы: қалыптастырушы бағалау ұғымы ширек ғасыр бұрын мұғалімнің рөлін баса көрсететін тұжырымдамалық деңгейде қалыптасқандығына қарамастан, қалыптастырушы бағалау оқудың қандай жағдайда жүретінін есепке ала отырып (мысалы, Блэк пен Уильям, 2012, олар қалыптастырушы бағалауды мәдени-тарихи теория тұрғысынан зерттеген) «кең тұжырымдамалық салада» (Перренауд, 1998) қарастырылған. Атап айтқанда, қалыптастырушы бағалауға арналған көптеген зерттеулер оқуды жетілдірудегі қалыптастырушы бағалаудың әлеуетін дұрыс түсіну үшін оқушылар мен олардың сыныптастарының рөлін ескеру аса маңызды болып табылатынын дәлелдеп отыр.

Бұл мақала оқушы реттейтін оқуды өнімді қалыптастырушы бағалаудың негізгі бір аспектісі ретінде қабылдауға ұсынады, әсіресе, қалыптастырушы бағалаудың «Оқудан күтілетін нәтижені және табыс критерийлерін түсіндіру, олармен таныстыру (хабарлау) және оқушының түсінуі» және «Оқушыларды өз оқуы үшін жауапты адам ретінде әрекет етуге тарту» стратегияларына қатысты.

Сонымен бірге, қалыптастырушы бағалау мен оқушы реттейтін оқу арасындағы ара қатынасты құрудың тағы бір өнімді әдістерінің бірі зерттеушілер мен практиктер арасында өнімді келіссөз жүргізу мақсатында олардың әрқайсысының өзіндік қырлары: оқушы реттейтін оқу ұсынатын теориялық аспектілер мен қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік негіздерін күшейту болып табылады.


ӘДЕБИЕТ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет