15-лекция. Дүние жүзі тілдері және олардың жіктелуі.
Дүние жүзінде үш мың шамасында тіл бар деп есептелінеді. Дүние
жүзіндегі тілдердің санын дәлме – дәл көрсетудің қиындығы мынада:
кейбір елдердегі тілдер мен диалектілер жеткілікті дәрежеде
зерттелінбеген. Осылай болғандықтан, олардың ішінен қайсылары
дербес тілдер екендігін, қайсылары бір тілдің диалектілері екендігін
қазірде дөп басып айту мүмкін бола бермейді.
Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдер екі тұрғыдан: 1) тілдік
материалдың (түбірлер мен аффикстердің және сөздердің) бірлігі, яғни
шығу тегінің бірлігі тұрғысынана, 2) шығу тегіне байланыстырылмай,
құрылысы мен типінің, ең алдымен, грамматикалық құрылысынаң,
ыңғайластығы, ұқсастығы тұрғысынан топтастырылады.
Топтастырудың бірінші түрі тілдердің гееологиялық классификациясы
делініп, екінші түрі тілдердің типологиялық (немесе морфологиялық)
классификациясы делініп аталады.
Дүние жүзі тілдерінің аралық және құрылымдық түрлерін ажырата
білу. Тілдердің генеологиялық және типологиялық классификациясы.
Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1.Дүние жүзі тілдеріне тоқталу.