Оқу-әдістемелік және тәрбие


Тақ көміртекті май қышқылдарының бетта-тотығуы



бет30/82
Дата04.04.2023
өлшемі1,99 Mb.
#79211
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82
Байланысты:
Клиникалық-биохимия-Мейірбике-ісі-4-курс

Тақ көміртекті май қышқылдарының бетта-тотығуы
Негізгі табиғаттық май қышқылдары жұп көміртекті болып келеді. Бірақ өсімдіктердің липидтерінде және теңіз жәндіктерінде тақ көміртекті май қышқылдары кездеседі.
Организмде тақ көміртекті май қышқылдар аз мөлшерде кездеседі. Осы май қышқылдары бетта-тотығу процестеріне ұшырағанда ақырғы өнімі ретінде пропионил-КоА түзіледі. Сонымен қатар пропионил-КоА кейбір аминқышқылдар (валин, изолейцин, треонин, метионин) ыдырағанда да пайда болады.
Кетондық заттардың метоболизмі
Кетондық заттарға ацетосірке қышқылы (ацетоацетат) бетта-гидроксимай қышқылы және ацетон жатады.
Кетондық заттардың екінші жолмен синтезделуі кездеседі.
Осы процесске ацетил-КоА-ның екі молекуласының түзілген ацетоацил-КоА децилаза ферментінің әсерінен бос КоАSH-ны бөліп шығарады.
Адамның бауырында деацилаза ферментінің активтілігі өте төмен сондықтан бұл жолдың адам организмі үшін маңызы аз.
Липидтердің алмасуының патологиясы
Гиперлипопротеинемия (гиперлипемия)
Липопротеиндер қанда барлық уақытта кездеседі. Қан сарысуының холестерині мен липидтер болады.
Пайда болу механизміне қарай гиперлипопротеинемия тұқым қуалаушы (бірінші) және тұқым қуалаушы емес (екінші) бөледі.
Тұқым қуалаушы гиперлипопротеинемияға гиперхиломикрондар жатады. Бұл ауру туылған кезден бастаплипопротеинлипазаның активтілігінің төмендігінен пайда болады. Қалыпты жағдайда қарағанда қандағы хиломикронныңконцентрациясы 10-40 есе жоғары.
Гиперхолестеринемия немесе бетта-липопротеинемия
Туғаннан бастап ТТЛП клеткаларға ену прцестерінің бұзылуының, ТТЛП-катоболизмінің нашарлауынан бетта-липопротеинемия ауруы пайда болады, яғни қандағы холестериннің үшглицериді липопротеиндердің құрамында болады. Холестериннің концентрациясы қандағы ТТЛП-нің және ТЖЛП концентрациясына байланысты ол үшглицеридтің концентрациясы ТӨТЛП концентрациясына байланысты. Осыған байланысты гиперлипопротеинемия үш түрге бөлінеді.
1. Гипертриацилглицеринемия (хиломикрон мен ТӨТЛП концентрациясы жоғары.)
2. Гиперхолестеринемия (ТТЛП концентрациясы жоғары.)
3. Аралас түрі.
Гиперлипопротеинемияның қауіптілігі, ол атеросклероз ауруының пайда болуын мүмкіндік туғызады. Холестерин тіндерде теріде және артерия қан тамырларында қабырғасында жинала бастайды. Холестериннің жүрек артериясында жиналып қалуынан (инфаркт миокарда) жастарда кездеседі 10жастан жоғары.
Атеросклероз
Бұл аурудың пайда болуы ТТЛП мен ТЖЛП санының жоғары болуына байланысты. ТТЛП атерогендік липопротеинге, ал ТӨТЛП жартылай атерогендік липопротеинге жатады. Себебі артартерияның қабырғасының эндотелиясы жасушаларында холестеринді ыдырататын фермент жоқ, сондықтан ол ыдырамайды.
Атеросклероздық өзгерістер артерияның ішкі қабырғасында липидтік дақтар мен жолдардың пайда болуынан басталады. Осы дақтар қалыңдап атеросклероздық төмпешікке айналады. Бұл төмпешік негізінен холестерин эфирінен тұрады. Липидтік төмпешіктерді айнала дәнекерлеу тіндері склероз пайда болады. Осы тіннің үстіне кальций тұздары жиналып, қан тамырларының деформациялайды, тіндердің қанмен қамтамасыз етілуі нашарлайды, қан тамырының саңылауы кішірейіп тромбы түзілуіне мүмкіндік туады.
Атеросклероздың жиі асқынуы жүректің ишемиялық ауруына инфарки миокардқа , инсультке және аяқ-қолдың гангренасына әкеліп соқтырады.
Кез келген адамдарда әртүрлі деңгейде атеросклноз болады, оның асқынып қайталануы әртүрлі қауіпті ауруларға әкеліп соқтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет