ОқУ Әдістемелік кешен "ШАҒын жинақталған бастауыш мектепте оқу тәрбие процесін ұйымдастыру" ПӘні бойынша



бет6/46
Дата09.11.2022
өлшемі350,85 Kb.
#48750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
шагын

2. Оларды шешу жолдары
1970-1980 жылдары шағын жинақты бастауыш сыныптағы оқыту әдістемесін зерттеуге белсене кіріскен ғалымдарымыздың бірі – Б.Құлмағанбетова. Ол мақалаларында мұғалімге көмек ретінде әдістемелік нұсқаулар беруді мақсат ете отырып, қазақ тілі сабақтарында өздігінен орындалатын жұмыстардың түрлері мен оны ұйымдастыру жолдарын көрсетуге баса мән береді.
1974 жылы Б.Құлмағанбетованың «Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру» деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте мынандай мәселелер қарастырылды: 1) аз комплектілі мектептердің қазіргі жайы; 2) аз комплектілі мектептерде жұмыс түрлерін ұйымдастыру; 3) аз комплектілі мектептерде сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері; 4) аз комплектілі мектептерде тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру. Автор алдымен шағын жинақты бастауыш сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне шолу жасай келіп, әрбір сыныпта оқылатын тақырыптарды, оларға қатысты материалдарды, көрнекі құралдар мен әдістемелік жаттығуларды орынды пайдаланып, жұптасқан сабақтардың құрылысын, өздік жұмыстардың түрлерін, көлемін, оған кететін уақытты т.с.с дұрыс белгілеп алса, мұндай мектептердегі оқу-тәрбие жұмысы нәтижелі болады деген қорытынды жасайды.
1980 жылы Ш.Әуелбаевтың «Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері» атты еңбегі жарыққа шықты. Автордың бұл еңбегі шағын жинақты бастауыш сынып мұғалімдері үшін қиындық келтіріп отырған қазақ тілі сабақтарының мазмұнын анықтау мәселесін шешуге байланысты жасалған алғашқы әрекет болып есептеледі. Өйткені бағдарламада үлкен тақырыптарға арналған сағат сандары ғана көрсетіледі де, әрбір жеке сабақтың мазмұнын белгілеу үлкен қиындық туғызады. Сондықтан бұл құралда қазақ тілі сабағының мазмұны мен көлемі анықталып, оның толық жоспарлау үлгілері берілген.
1981 жылы басылып шыққан А.Асқарбаева мен Г.М.Храпченковтың «Шағын комплектілі мектептегі оқытудың мазмұны мен әдістері» деп аталатын еңбегінің маңызы аса зор болды. Бұл құралдағы көңіл аударарлық мәселе – шағын жинақты бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарын бір пәндік жүйемен жоспарлағанда қатар сыныптарда тақырыбы мен мазмұны жағынан жақын, бір-біріне ұқсас материалдарды іріктеп алып, жұптастырып, бір мезгілде өткізудің тиімді болатындығы. Осы тұста шағын жинақты мектептегі оқыту мәселесіне қатысты әдістемелік нұсқаулар да пайда бола бастады. Атап айтқанда: Қ.Аймағамбетованың «Аз комплектілі бастауыш мектептерде табиғаттануды оқыту», М.Сайпиннің «Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту» (1984), О.Сатқановтың «Еңбекке үйрету методикасының кейбір ерекшеліктері» (1990) атты еңбектері. Аталған еңбектерде шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшеліктері, жеке пәнді оқыту әдіс-тәсілдері, ұтымды жұмыс түрлері, сабақ жоспарлары тәрізді негізгі мәселелер қамтылған. Олар, негізінен, бір пәннің бір мезгілде өткізілуін қолдап, соған сай бір тақырыптық сабақтарды жоспарлау үлгісін көрсеткен.
1970-1980 жылдары жоғарыда аты аталған ғалымдар мен кейбір мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Мектеп» баспасынан бірнеше көрнекі құралдар да жарық көрді. Мысалы: «Ана тілінен тіл дамытуға арналған сюжетті картиналар» (1976), «Аз комплектілі мектептер үшін грамматикалық таблицалар» (1979), «Ана тілінен үлестірмелі картиналар» (1981).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет